Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Теңізде платформаларды құру және монтаждау



Pdf көрінісі
бет122/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

10.9.3 Теңізде платформаларды құру және монтаждау
Блокты түсіру және тік жағдайына келтіріп, қондыру: тұрақты теңіз 
платформаның (блоктың) тірек бөліктерін түсіру және оны тік жағдайында 
орнату; блоктарды теңіз түбіне қадалармен бекіту; жоғарғы құрылымдар мен 
модульдерді монтаждау сияқты бірнеше кезеңдер арқылы жүргізіледі.
Баржадан моноблокты түсірудің технологиясы оның биіктігі мен массасына 
байланысты емес. Бірақ блок массасының өсуіне қарай баржаның жүк 
көтергіштігі де өседі, ал оны кранмен көтеру қиындайды. Бұл мақсатта барлық 
жұмыстардың технологиялық жобасы жасалады, арнайы такелаждық құралдар 
игеріледі, тиеу-түсіру операциялары кезінде конструкцияларды бүлдірмей 
көтеруге арналған жүк арқандарын бекітетін орындар қарастырылады. 
Егер моноблокты баржадан тікелей түсіру қолданылатын болса, онда бар-
жа төмен түсіретін құрылғылармен, басқару жүйелерімен және басқалармен 
жабдықталады. Жүзбелі моноблокты көлденең қалпынан, тік жағдайына кел-
тіру кезінде барлық операцияларды орындау және бақыланған басқару жүйесін 
моноблокты қажет жағдайына айналдырып орнатқанша, суда қалқытып ұстап 
тұру үшін жүзбелі кранның жеткілікті өлшемдері болуы тиіс. Моноблокты бар-
жадан түсіру және оны тік жағдайына бұру үлгісі (
10.21-сурет
) көрсетілген.
Моноблокты түсіру технологиясының тереңдік өсуімен байланысты кей-
бір ерекше өзгешеліктері бар. Терең судағы моноблоктың массасы өте үлкен 
болғандықтан, жүзбелі кранға қарағанда, толқынының әсерін баяу сезеді. Мо-
ноблок пен кранның гидродинамикалық реакциясында, бұл айырмашылық 
моноблокты қондыру операциясында кранға қауіп келтіретін қосымша 
динамикалық күш түсіруі мүмкін және осы жұмыс барысында қырағылық 
пен қауіпсіздік талап етіледі. Сондықтан ірі өлшемді, ауыр массалы жүзбелі 
моноблокты бұру және тік жағдайға келтіру оның бөліктерін балластировка-
лау арқылы ЭЕМ-нің көмегімен жүргізіледі. Басында бұл үдерісті бассейнде, 
балластировкалау және үрлеу сенімді жүйелерін параллель жасау арқылы, мо-
дельмен тексереді. Бұл жағдайда моноблоктың жоғары қалқымалылығы болуы 
тиіс. Осыдан кейін бұл жұмыстарды қауіпсіз атқару үшін, өндірісте сенімділік-
ті қамтамасыз ететін техникалық-технологиялық құжаттар жасалады. Жүзбелі 
моноблокты орнату үлгісі (
10.22-суретте
) көрсетілген.
Баржамен тасымалданатын моноблоктарға қарағанда, өзінің қалқымалылық 
қабілеті бар блоктардың тірек диаметрлері үлкен (6-12 м). Бұл тірек блогынің 
шөгуі 3-6 м болғанда, блокты жүзу қалпында ұстауды қамтамасыз етеді. 
Қалқымалылықты қамтамасыз ету көлденең тіректерді басып кететін ме-
талл шығынын, реттелетін және тиекті арматуралар шығынын көбейтеді. 
Моноблокты арнайы понтон көмегімен тік жағдайға келтіру және тасымалдау 
(
10.23-суретте
) көрсетілген.


268
Диаметрі 9,1 м құбырлық көлденең секциялардан тұратын және ұзындығы 
140 м, диаметрлері 6,1 және 7,8 м бір-бірімен көлденең секциялармен қосылған 
арнайы понтонға - биіктігі 135 м өлшемдері 70,5x57 м (төменгі негіз) және 
40x36 м (жоғарғы негіз), массасы 25 мың т жуық моноблок орнатылған. 
Понтонның алдыңғы бөлігіне ұзындығы 49,2 м және диаметрі 7,8 м қосымша 
секциялар жайғастырылған. Понтонның жалпы массасы 11 мың т шамасында. 
Понтон су өткізбейтін балластылық бөліктерге бөлінген. Ол күрделі құбырлар 
жүйесімен жабдықталған. Понтонға моноблокты қосу және ажыратуға арналған 
арнайы тетіктер орнатылған. Моноблокты тік жағдайға бұру, оны сумен толтыру, 
теңестіру және понтонды моноблоктан ажырату операциялары алыстан 
басқарылатын арнайы кемеден, ЭЕМ-ның бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. 
Қадағалау және қауіпсіздік операциясын қамтамасыз ету үшін, тік ұшақтан 
қосымша бақылау орнатылады. Алынған ақпарат кемедегі моноблокты қондыру 
жұмыстарының жетекшісіне беріледі. Тәжірибе көрсеткендей моноблокты пон-
тон көмегімен орнату өте қиын және жауапты операция, сондықтан бұл әдіс 
кен қолданылмайды. Терең суларға арналған моноблоктарды (биіктігі 213,5 м 
көбірек) тұтас пісіріп жасайды, сосын секцияларға тіліп, орнату орнына баржа-
лармен тасымалдайды.
Екі бөлімнен тұратын моноблокты түсіру және қондыру үлгісі (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет