Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Тұрақты теңіз платформасына әсер ететін күштер



Pdf көрінісі
бет119/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

10.8 Тұрақты теңіз платформасына әсер ететін күштер
Тұрақты теңіз платформаларына әсер ететін күштер тұрақты және 
уақытша (ұзақ, қысқа және ерекше мерзім) болып бөлінеді (СНиП 11-6-74). 
Тұрақты күштер деп, тұрғызуларды салғанда және пайдаланғанда нормативті 
және басқа жоғары мәндері тұрақты әсер ететін жоғары құрылысты айтады. 
Тұрақты әсер ететін күштерге тірек бөлігінің темір құрылмалары және жоғары 
тұрғызуларға әсер ететін құрылманың кернеуі жатады. Уақытша ұзақ күштерге: 
бүкіл технологиялық жабдықтар, коммуникация жүйелері, басқару жүйелері 
және тұрақты теңіз платформаларына қондырылған басқа техникалық заттар, 
бұрғылау жабдығының салмағы, шегендеуші құбырлар салмағы, тұрақты теңіз 


260
платформаларының бір қалыпта жұмыс жасауын қамтамасыз ететін әртүрлі 
жүктерді көтеретін заттар жатады.
Қысқа мерзімді күштерге – желдің, толқынның ағыс әсері, кеме, тікұшақ 
отырғызу, құрастыру және салу жатады.
Айрықша күштерге – жер сілкінуінен болатын күштер кіреді.
СНиП 13 -6-74 құжатына сәйкес негізгі күштердің сипаттамасы және әсерінің 
нормативті мәні: тұрақтау күштері – құрылманы дайындайтын мекемеден нақты 
масса жөніндегі мәліметтерге сүйеніп, көлемді массаның геометриялық және 
конструктивтік мәнін жобалайды.
Технологиялық (аспаптар жабдықтарынан басқару жүйесі, материалдар, 
т.б.) және монтаждық күштер – жабдықтар мен жүйелердің паспорт мәліметтері, 
құрылманың қызмет жасау уақытын ескеріп, пайдаланып және жұмыс жасаған 
кезде күтілетін ең үлкен мәні алынады.
Атмосфералық күштер деп, (желден, толқыннан, мұздан, т.б.) 
температураның, ылғалдың әсерінен жыл бойы кездесетін жағдайдың ең үлкен 
мәнін немесе берілген орташа мезгілдің жоғары мәні аталады.
Машиналарда болатын динамикалық күштер тағайындалған жобалау нор-
масына байланысты машинаның қозғалмайтын бөлігін, оның кинематикалық 
үлгісін қозғаушы күштердің есебіне қарай жобалау массасы мен динамикалық 
параметрлері алынады.
Айрықша күштер – арнайы нормативтік (ВСН 51.1-81) құжаттардың тала-
бына сәйкес алынады.
Күштердің статикалық өзгеруін, тұрғызудың алатын орнын, оны 
пайдаланудың жағдайы мен тәжірибесін және экономикалық қажеттілігін 
ескеріп, күштердің нормативтік мәнінен өзгеруін, пайдалану нормасынан 
ауытқуын пайдалану коэффициентімен ескереді.
Күштің беріктілік коэффициентінің шамасы әрбір әсер ететін күштердің 
шекті жағдайына байланысты жобалау нормасымен тағайындалады.
Салмақ пен әсер ететін күштердің нормативтік мәндерін беріктілік 
коэффициентіне көбейтсек, оны есепке алынатын күштер деп атайды. Есепке 
алынатын күштердің өзі шекті жағдайына байланысты екі топқа бөлінеді. Екі 
топ бірдей әсер еткенде немесе бірнеше уақытша күштер бірден әсер еткенде, 
құрылымның есебі бірінші немесе екінші топта болатын шекті жағдайлардың 
ең қолайсыз жағдайын немесе соған бағыттас күштерді ескеріп барып орында-
лады.
Бұл біріктірудің физикалық нақты варианттары бірнеше, күштер бірден 
әсер ететін күштердің жоқ болуы немесе күш түсетін орынды өзгерту үлгісін 
жасау арқылы тағайындалады. Күштердің мәніне немесе одан болатын әсерге 
біріктіруді ескергенде біріктіру коэффициенті П
с
енгізіледі. Толқын мен ағыстан 
болатын күштерді табу үшін СНиП 11-57-75 талаптарын және басқа нормативті 
құжаттарды қолданады.


261
Жел күшінің әсерін СНиП 11-6-74 талабы мен басқа нормативті құжаттарды 
қолданып табады. Құрылманың әрбір элементіне түсетін салмақтарды табу 
үшін, жел мен толқын күштері әсері біріктіріліп, олардың әсер ететін бағыттарын 
а
=45°, 90°, 135°, 180°, 225°, 270°, 315° деп алады (
10.20-сурет
).
10.20-сурет. Жел мен толқындау жүктемелерінің, сегіз 
бағыт бойынша бірмезгілдік әсерінің үлгісі
Жер сілкінудің қуаты алты баллдан аспаған ауданда, жер сілкіну күштері 
ескеріледі. Бұл күштерді бірінші шекті жағдай тобына жатқызады. Мұнда 
тұрғызу массасынан пайда болатын сейсмикалық әсер немесе қосынды сулардың 
массасы (гидродинамикалық кысымдар). Оны (СНиП 11-7-81) нормативінің та-
лабы бойынша табады.
Тұрғызылатын алаңның сейсмикалығы, теңіз асты топырағының категория-
сы мен сипаттамасы ескеріліп, аймақты мұқият зерттеу мәліметтеріне қарай 
анықталады.
Монтажды тұрғызу, статикалық және динамикалық күштерді, тұтас 
бөлшектерді көтеру кезінде, тиеу, түсіру, тасымалдау мен оларды пайдалануда 
орнына қою операцияларын, ескеріп барып анықтайды. Оны тұрғызу-монтаждау 
жұмыстары кезінде әсер ететін динамикалық күштер, кемелердің жүруі мен 
соқтығысуынан пайда болатын соғу күштері ескеріледі.
Тұрақты қозғалтқыштар мен қозғалатын тасымалдық заттар және басқа 
механизмнің әсерінен болатын тік динамикалық әсер күші нормативті 
статикалық күштерді 1,2 динамикалық коэффициентке көбейту арқылы табы-
лады. Мұнараның табанындағы көп блокты тұрақты теңіз платформасының 
құрылмасына түсетін күштерді есептеу үшін, қосымша тізбек салмағына 0,4 
коэффициентін енгізеді.


262
Технологиялық және қосымша жабдықтар, жүйелер, механизмдер сай-
мандардан түсетін күштерді есепке алу үшін, жабдықтың паспорт мәліметтері 
құрал-жабдықтар мен жүйелер, материалдар тұрақты теңіз платформасына 
керекті қорлар негізінде алынады.
Бұл мәліметтер тапсырмалар талабына және тұрақты теңіз платформасының 
жобалауға берілетін механикалық тапсырмасына сай болады.
10.4-кесте
Арктикалық мұнай-газ кеніштерін игеруге арналған 
гидротехникалық құрылыстардың классификациясы
Теңіз түбіне орнатылған құрылымдар (В)
Гравитациялы (ВG)
Қадалы (ВР)
Құрастырылған (ВМ)
Тұрақты (Р)
Қозғалмалы (М)
Тұрақты
Тұрақты (Р) Қозғалмалы 
(М)
BGP
BGM
BPP
BMP
BMM
Су астына төсеу
Тұтас пішінді
Кука 
шығанағына 
арналған қуыс 
тірек
Конус тәрізді 
құралған 
(өндіру үшін)
Отандық 
платформа
Солтүстік теңіз 
үшін, үш тіректі
Барлау бұрғылауға, 
бір тіректі
Бір қуыс 
құйылған 
іргетас тіректі
Бір блокты 
палуба
«СОХИО» 
фирмасы
Жалғыз тірек
Тұрақты тұрқы бар 
тірекпен
-
Сахалин ара-
лына арналған 
құрылыма
-
Жалғыз тіректі 
конусты, мұз 
уатқышпен
Бұрғылауға
-
-
-
Өндіру мен 
сақтауға арналған
Арктикаға арналған 
платформа
-
-
-
Конус тәрізді ай-
нымалы қатаң
Бұрғылауға арналған 
болат кессон
-
-
-
Сақинамен 
қоршалған
Кессонды
-
-
-
Өндіруге бетон 
көпшігі бар
Конусты бұрғылауға 
арналған
-
-
-
-
Қазуға арналған 
жалғыз тірек үстінде 
өздігінен көтерілетін -
-
-
-
Бетон төсенішке 
орнатылған бұрғылау 
қондырғысы
-
-
-


263


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет