11.2.7 Материалдар мен бетонның сапасы С 55 және одан да жоғары сапалы бетонды алу үшін, бетонның қатуын
бақылауға мүмкіндік беретін және жақсы жұмыс күйіне жететін дұрыс бетон
қоспасының толықтырғыштарын және суларын, сонымен қатар қоспаларын алу
қажет.
Теңіз бетонды платформалар үшін құрамында С
3
А-ның 8% болатын және
CaCl
2
тіпті болмайтын Портланд цементі қолданады. Әрбір келетін цемент пар-
тиясында цемент өндірушіден сертификат болуы керек. Портланд РЗО цементіне
ұқсайтын бөлшек өлшемдері бар кішкентай арнайы цемент, қарапайым цемент-
терге қарағанда тез қатады, бірақ сондай сапаға 28 күннен кейін жетеді.
Табиғи және зауыдтық қатты құмдар мен трафиялардан тұратын
толықтырғыштар бетондық қоспасының негізгі компоненттері болып табыла-
ды. 32 мм дейін өлшемді гравиялар қолданады.
Бетондағы сілтілермен бірге реакцияға түсетін минералдар мөлшері
беріктіктің нашарлауын болдырмау үшін шектеулі болуы керек. Органикалық
қоспалар аз мөлшерде ғана қосылады. Көп жағдайларда қоспалар, құмдар мен
гравияларды таза сумен жуу арқылы тазартады.
Жеңіл толықтырғыштар сазды, сланцаларды, доменді шлакты немесе ұшқақ
залыларды кеңейту немесе күйдіру жолымен дайындалады. LC 60 бетондарын
алу үшін тек жоғары сапалы толықтырғыштар талап етіледі.
Таза су және мұнай, қышқыл, спирт, тұзды немесе органикалық материалды
зиянды қоспалардан айыру керек. Теңіз суын қолдануға болмайды.
Арматуралы болат өлшемі бойынша ілгіш деңгейін анықтайтын аққыш шегі
бойынша, беттік сипаты бойынша, сонымен қатар дәнекерленуі бойынша клас-
сификацияланады. Теңіз конструкциялары үшін стержендердің кең таралған
диаметрі 16, 20, 25 және 32 мм, 12 мм-лік стержендер хомут ретінде қолданады.
Әдеттегідей 400 МПа (сорт 400) және 500 МПа (сорт 500) аққыш шектері
қолданады. Аққыш мәні қалдық ұзартудың 0,2 % сәйкес болуы керек.
Үш класты иімділік: А, В және S айырылады. Класс S теңіз конструкциялары
үшін қолданады.