Бақылау сұрақтары:
1. Бетонды платформаларды қолдану.
2. Бетонды платформаларды қолданудың болашағы.
3. Платформалар үшін қойылатын талаптар.
4. Бетонды платформаларды қолдануда
бетонның сапасы.
292
12-ТАрАу
ТЕҢiЗ ҚАЙрАҢЫ КЕН ОрЫНДАрЫН ИГЕру
12.1 Теңіз қайраңында мұнай-газ кен орындарын игеру
ерекшеліктері
Теңіз қайраңында мұнай-газ кен орындарын игерудің жобалары құрлықтa
кен орындарды игерудің жобаларынан ерекшеленеді. Бұл жұмыстарды теңізде
жүргізудің өте күрделілігі және спецификалық ерекшеліктері қоршаған ортаға,
инженерлік-геологиялық іздеулерге, техникалық құралдардың жоғары құнына
және біртуарлығына, суастында жұмыс істеу қажеттілігіне қатысты дәрігерлік-
биологиялық мәселелеріне, теңізде нысандарды салу және пайдалану техноло-
гиясымен ұйымдастыруына, жұмыстарға қызмет етумен және т.б. байланысты.
Теңіз қайраңында игерудің негізгі ерекшелігі – көп шығындарды және үлкен
жабдықты орналастыру үшін орынның аздығы.
Акваториялық мұнай және газ кен орындарын игеру және ұңғымаларды
бұрғылау күрделі және қымбат үдеріс болып табылады, оны теңізде және
құрлықта бұрғылаудың кейбір техникалық-экономикалық көрсеткіштері бо-
йынша салыстырмалылық мәліметтері дәлелдейді (
12.1-кесте
).
12.1-кестесінен көрініп тұрғандай құрлықтағыға қарағанда, теңіздегі
бұрғылау құны 9-10 есе көп (терең ұңғымалары бойынша мәліметтерді салыс-
тыру кезінде)
Континенталді қайраңның ерекшелігі, акваториялардың 75% ұзақ уақыт
мұздармен жабылатын аудандарда орналасқан, ал бұл өнеркәсіпті игеруде қо-
сымша қиындықтар туғызады. Қоршаған орта теңізде жұмыстарды жүргізу шарт-
тарын анықтайтын, мұнай кәсіпшілік нысандарын және техникалық құралдар-
ды салу және пайдалану мүмкіндігін анықтайтын, гидрометеорологиялық
факторлармен сипатталады. Олардың негізгілері: температуралық жағдайлар,
жел, толқындар, ағыстар, су деңгейі, теңіздердің мұз жабыны, судың химиялық
құрамы және т.б. Бұл факторларды ескерту олардың мұнай және газды теңізде
өндірудің және іздеу-барлау жұмыстарының экономикалық көрсеткіштеріне
әсерін бағалауға мүмкіндік береді.
Теңіз мұнай кәсіпшілік құрылымдарын салу теңіз түбінің инженерлік-
геологиялық іздеулерін жүргізуді қажет етеді. Мұнайкәсіпшілік құрылымдардың
негіздерін жобалау кезінде сол жерде және зертханаларда құмдарды инженерлік-
геологиялық зерттеулердің толықтығына және сапасына ерекше назар аудары-
лады. Мәліметтердің сенімділігі және толықтығы зор мөлшерде құрылымдарды
пайдалану қауіпсіздігін және жобаның үнемділігін анықтайды.
293
12.1-кесте
Теңізде және құрлықта бұрғылаудың кейбір техникалық-экономикалық
көрсеткіштері бойынша салыстырмалы мәліметтер
Аудандар
Теңізде және құрлықта бұрғылаудың техникалық-
экономикалық көрсеткіштері
Ұңғыманың
орташа
тереңдігі
Бұрғыланған
ұңғылардың
саны
1 ұңғыма. млн.
$ орташа
бағасы
1 м.
Бұрғылаудың
бағасы, мың $
Канаданың
арктикалық аралы
Канаданың
атлантикалық
қайраңды
Берингово теңізі
(АҚШ) солтүстік
Аляска (АҚШ)
Норвегиялық теңіз
Құрлықтағы
ұңғымалар
1700
4500
2121
2804
3260
5169
6818
3
20
3
5
4
566
33
8,8
45,0
26,5
9,5
20,0
5,57
12,61
5,2
10,0
12,5
3,4
6,1
1,079
1,85
Теңіз акваторияларындағы ең үлкен қиындықтар мұздармен және теңіз
тереңдіктермен байланысты. Желдің бағытына және күшіне, теңіз тереңдігіне
және теңіз ағындарына, жер бедеріне және мұз қасиеттеріне байланысты.
Мұздың жағдайы сақтаусыз өзгереді және оны жобалау қиын.
Мұнай және газға іздеу-барлау жұмыстары теңіз тұрақты платформалардан
немесе көп жағдайда жүзбелі өздігінен жүретін платформалардан және арнайы
кемелерден жүргізіледі, тұрақты платформаларды салу үшін әдетте бір негізді
қолданады.
Тұрақты және жүзбелі платформалардың құрылымдары, сонымен бірге
мұнай және газды іздеу жұмыстарын және өндіру үшін қолданылатын бұрғылау
кемелері ерекшеленеді. Бірақ барлық жағдайларда олар жұмыс және тұрғын үй
үшін жабдықтың және бөлмелердің қажетті көлеміне ие. Егер жер шарының
жұмсақ климатты және терең емес сулы аудандарында жұмыстардың әр түрлері
үшін жеке арнайы платформалар орнатылса, ауа райы жағдайлары өте қатал және
сулары терең аудандары үшін платформалардың саны және өлшемі минимумға
дейін шектеледі. Мысалы, Оңтүстік-Шығыс Азияның таяз сулы аудандарын-
да бұрғылау, өндіру, тұрмыстық фанелді платформалар жеке орнатылған, ал
солтүстік теңіздегі платформаларда аталған функциялар бірге тұрады.
Біріктірілген, мұнай қоймасы мүмкін өндіру, бұрғылау және тұрғын плат-
форма, нарыққа газ және тиелетін қайраңды құрылымдарға мұнай беретін,
кешеннің қалыпты жұмыс кепілдігі үшін қауіпсіздіктің дәл талдауын қажет
294
етеді. Нәтижесінде, құрамына, мысалы, әртүрлі функционалды аумақтарын
бөлетін, өртке қарсы қабырғалар, не болмаса дәстүрлілеу өртпен күресу үшін су
жүйелері және эвакуация үшін жабдықтар және т.б. кіретін, қауіпсіздіктің бірегей
жүйесі жасалуы қажет. Жабдықтың орналасуын ұқыпты жобалау-қауіпсіздіктің
қажетті деңгейіне жету үшін қосымша шара. Мысалы, солтүстік теңізде Траль
кен орны үшін бірлескен газды платформасын салу кезінде, тұрғын аумағының
газ құбырларын барынша қашықта орналастыруға ерекше акцент қойылған.
Теңіз қайраңындағы кез келген мұнай төгілуді, құрлыққа қарағанда, жою
өте күрделі. Әсіресе бұл, мұнай өндіру кезінде технологиялық үдерістердің
сенімділігіне талаптарды күшейтетін, Арктиканың қатал ауа райы жағдайларына
қатысты.
Құрлыққа қарағанда қайраңды кен орындарға жұмыс қаталырақ ауа райы-
мен күрделенген (күшті толқу, ауыр немесе қозғалмалы мұздар және т.б.).
бұл жағдайлар құрылымдарға қосымша жобалық жүктелу және экстремал-
ды жағдайлардың әсерінен платформаның тербелуін сезетін және аталған
көріністерді тікелей бақылайтын, персоналға қосымша болып табылады.
Әлемнің кейбір аудандарында борандар (Мексика шығанағы) немесе тайфундар
(Оңтүстік-Шығыс Азия) кезінде платформалар табылады және тіпті қызметтік
персоналдар алып кетіледі.
Соңғы жылдары үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстары және жеке тораптардың,
тіпті ұңғымаларды суасты игерудің жабдықтарының тұтас кешенін тәжірибе
өндірістік игеруі жүргізіледі. Теңіз кен орындарын мұзды жағдайларда суа-
сты игерілуі ерекше назарды қажет етеді. Бұл техникалық құралдарға мұздың
мүмкін әсерін жоюмен, навигациялық қауіпті азайтумен, өрт қауіпсіздігімен
және кен орынды игерудің тиімділігін қамтамасыз етуімен қажет етіледі.
Теңіз мұнай және газ кен орындарын барлау және игеру – техникалық
жағынан күрделі, өте қымбат және үлкен тәуекелдікпен байланысты операция-
лар. Бұл кен орындарды игеру кезінде негізгі мәселелер – бұл жұмыстарды
жасаудың техникасы мен технологиясы мәселелері.
Мұздану аумағында теңіз кен орындарын барлау және игеру жұмыстары екі
сатымен жүргізіледі. Бірінші сатыда геологиялық барлау жұмыстары мұзаралық
мерзімде жүргізіледі және бұл жағдайда қалыпты аумақтарда жұмыс істейтін,
техниканы қолдану мүмкін. Кен орындарын игерудің екінші сатысы, яғни
мұнай және газды өндіру, дайындау және тасымалдау үзіліссіз өндірістік цикл-
мен ерекшеленеді, ол кезде үдеріс жыл бойы, соның ішінде қыста, жүруі қажет.
Бұл саты үшін ерекше және сенімді техника, техника және технологиялық
параметрлері және құрылымдық шешімдері, әрбір жеке ауданда жұмыстардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, жоғары сенімділік, ұзақтылық талаптарына
сай, ерекше және сенімді техника қолданылады.
295
Достарыңызбен бөлісу: |