298
12.3 Теңіз кен орындарын игеру әдістері. Ұңғымаларды
орналастыру жүйелері. Қабаттың жұмыс режимдері
Теңізде кен орындарды игеру құрлықтағы кен орындарын игеруге қарағанда
жаңа стратегияларды қолдануды қажет етеді. Онда негізгі айырмашылық
ұңғымалар саны және модельдерде.
Құрлықта қарапайым тор моделін қолданса, теңіз жағдайындағы ұңғыларды
бірнеше «қатайған» орындардан (платформалар, суасты тіректі плиталар)
бұрғылауға тура келеді.
Сонымен қатар, теңізде дренерлеу орнын анықтау
құрлыққа қарағанда өте маңызды болып келеді. Бірақ көптеген мұнай компа-
ниялары ұңғыны ең көп қоршап алуды қамту үшін бағытталу бұрғылау техно-
логиясын өндірген.
Жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін бағалау фазасында әртүрлі
игеру
сценарийлерін қарастырады. Кен орынды игерудің технологиялық сұлбалар
сценарийлері келесілерден тұрады:
1. Саға платформалары + өндіру платформалары + тұрғылықты платфор-
малау
2. Интегралданған
пайдалану платформалар
3. Жүзбелі пайдалану жүйелер
4. Суасты пайдалану жүйелер
12.2-сурет. Теңіз платформасының қимасы (OLF-1990)
299
Осылармен қатар, тасымалдау жүйелері келесілерді қоса қарастырады:
- газоконденсатты экспорт құбырлары;
-
экспорт мұнай құбырлары;
- мұнайды сақтау жүйесі.
Теңіз қондырғының капактілі сипатына байланысты персонал үшін
жағдайлар жасау және қауіпсіздігіне үлкен стандарттармен қамтамасыз етуге
қосымша шығымдарды талап етеді (тұратын орын, қорғау шлюпкалар және т.б.).
12.2-суретте
негізгі типті теңіз платформасы кескіні көрсетілген. Ал
12.3-суретте
Солтүстік теңізде қолданылатын
кемеде орналасқан пайдалану
қондырғылары қимада көрсетілген.
Екіеселенген және үшеселенген әдістерді енгізуге дейін мұнайды өндіру
қабаттың және оны қанықтыратын флюидтердің энергиясынан жүзеге
асырылған.
Табиғи (немесе бірінші реттік) ұңғыға сұйықтармен газ ағындарының келу
режимдері келесілер арқылы жүзеге асады:
- серпімділік күштер әсері (серпімді немесе серпімді – суарынды филь-
трация режимі);
- мұнайда газдың еруімен бөлінуінен (еріген газ режимі);
- қабаттың газға қаныққан бөлігінде газдың кеңеюі (газ төбесінің режимі);
- ауырлық күш әсері (гравитациялық режим).
Достарыңызбен бөлісу: