Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Теңіздегі мұнай-газ кен орындарын игеру үшін техникалық



Pdf көрінісі
бет135/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

12.2 Теңіздегі мұнай-газ кен орындарын игеру үшін техникалық 
құралдардың жіктелуі
Техника немесе техникалық құралдар (ТҚ) деп, әдетте, теңіз мұнай-газ 
кен орындарын игеру үдерісінде қолданылатын, барлық инженерлік жүйелер 
есептеледі. Теңіз мұнай-газ құрылымдарына (ТМГҚ) тек қана қайраңды иге-
руге қатысатын және салу технологияларын қолданып жасалған техникалық 
жүйелер кіреді.
ТҚ кешеніне теңіз мұнай және газ кен орындарын игеру үшін ТҚ кешеніне 
ерекше және қымбат гидротехникалық құрылымдардың, геологиялық бар-
лау, бұрғылау және мұнай кәсіпшілік жабдығының, байланыс жүйелерінің 
навигациялық, қоршаған ортаны қорғаудың және тағы басқа техниканың 
типі мен түрлерінің үлкен саны кіреді (1,2), оларды келесі белгілері бойынша 
біріктіруге болады:
► Жұмыс жасау ауданында қоршаған ортаның жағдайларын зерттеуге 
арналған техника. Бұл мақсаттарға қоршаған ортаны кешенді зерттеумен 
бағдарламалар және әдістемелер және техникамен қамтылған. 
► Өндірістегі геофизикалық жұмыстарға арналған техникалық құралдар, 
геофизикалық қайықтардан құралған, мәліметтерді автоматты түрде 
өңдеуге арналған құрал-жабдықтар, көп каналды сандық сейсмикалық 
станциялар, ЭЕМ-ға қайық үстіндегі өңделген материалдарды енгізу 
және т.б.;
► Геологиялық-инженерлік зерттеулерге арналған құралдар, колонкалық 
бұрғылаудың құралдары, моноопорлық меңгеру, арнайы кемелер 
жабдықты зерттеулер мәліметтерді ЭЕМ-де өңдейді және т.б.;
► Терең бұрғылауға арналған мұнай және газ ұңғымаларының техникалық 
құралдары (ӨК ЖБҚ, ЖБ ЖБҚ, БК және т.б.), суасты сағасының кешені 
және т.б.;
► Мұнай және газды бұрғылау, өндірудің техникалық пайдалануы, олар 
әртүрлі теңіз тұрақты платформаларынан тұрады, мұнай және газды 
өндіруге арналған жабдықтар, мұнай және газды өндіруге арналған 
техникалық құралдар, басқару және бақылау жүйесі;
► Құруға және салуға арналған техникалық құралдар, мұнай-газ теңіз 
жасақтарындағы әртүрлі салыну кешендері, құбыр салуға арналған 
құралдар, (су асты және құрлықта), кранды-монтажды кемелер, 
түсірмелі және көлік баржалары, жағадағы базалардың көтеру-
монтажды құралдары, құбыртөсеуші баржалар және т.б.;
► Мұнай мен газды дайындайтын және тасымалдау үшін арналған 
техникалық құралдар, теңіздегі мұнай-газ жасақтарын қосқанда, 
мұнайды жинау және дайындау құрылғылары, газды және суды, мұнай 
және газды сақтайтын жағадағы базалары, мұнай-газ құбырлары, мұнай 
және газды тасымалдауға арналған басқару және бақылау жүйесі және 
т.б.;


296
► Су асты және сүңгуірлер техникасы, (нормабаралы және гипербаралы) 
аппараттардан (жүзбелі және донтты), көтеру-кемелері, өмірді сақтау 
жүйелері, водолаздардың және акванавтардың жабдықтары және т.б.;
► Теңізде жұмыс істеуге арналған техникалық құралдары, әртүрлі жұмыс 
істеуге арналған кемелер, буксирлер, буксирлі зәкір қойғыштар, өрт 
сөндіру кемелері, жағадағы жөндеу базалары, арнайы кемелерді, фон-
тандарды жоюға арналған кемелерді, адамдарды тасымалдайтын 
кемелерді, тік ұшақтарды және тағы да басқа техникаларды;
► Байланыс және навигациялық техникалық құралдары, комплексті аппа-
ратурадан құрылған, геостатционарлы байланыс спутнигі арқылы үлкен 
мөлшерде телефонды және телеграфты каналдарының үлкен дәрежелі 
сенімділіктерімен, кең мөлшерде спутникті навигациялық жүйелердің 
қолдануы, автоматты режимде жұмыс істейтіндер және т.б.; 
► Қоршаған ортаның технологиясы, теңіздің мұнай қалдықтарынан 
сақталуы, төгілген мұнай қалдықтарын жинайтын кемелер және т.б.;
Қайраңды меңгеруде ең көп мөлшерде қаржы жұмсалатыны ол мұнай-газ 
жасақтары, (ТМГҚ). Жұмыста 19 классификация беріледі, олар (ТМГҚ)-ның 
геологиясы жұмыстарын зерттеу үшін беріледі (G), ТМГҚ ұңғыманы бұрғылау 
үшін (D), ТМГҚ мұнайды өндіру үшін (P), ТМГҚ тасымалдау және сақтау үшін 
(Т), ТМГҚ көмірсутектерді өңдеу (R), және көмекші (т.б.) ТМГҚ (О) (
12.1-су-
рет
).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет