2.2.2 Көміртектердің миграциясы және қорлары
Көмірсутектер жиналымдары геологиялық жағдайлар жиналуға және
шашырамауға мүмкіндік беретін жерлерде ғана табылуы мүмкін.
Судан жеңіл болғандықтан, көміртектер аналық жыныстан жоғарғы
қабаттарға көшеді, Жер бетінде сейіледі немесе өз жолында өткізбейтін жыныс-
тарды кездестіргенше қозғалады.
Мұнай мен газ, бойынан суды ығыстыру есебінен,
қақпандар деп аталатын
“мөрленген” жыныстарда шоғырланады. Қақпанның көмірсутек ұстайтын бір
бөлігі мұнай қабаты (газды, мұнай-газды) деп аталады.
2.5-сурет. Шөгінді қабаттар мен оларға ілесетін көмірсутектер жиналымдары
37
Әдетте қабаттың суға қаныққан бөлігі оның жоғарғы көмірсутек құрамды
бөлігін төсейді, бұл қабаттың екі бөлігі де бір-бірімен гидродинамикалық бай-
ланыста болатынын көрсетеді. Мұнай сияқты газ да аналық жыныста әртүрлі
пропорцияда қалыптасады. Газ шапкасы мұнай қаныққан бөліктің жоғарғы
бөлігінде шоғырланып, көмірсутекті қабаттың жиі атрибуты болып табылады.
Кейде қақпандар аналық жыныстан көшу үдерісі кезінде мұнай мен газды бөліп,
тек таза мұнай және газдыконденсатты шоғырлардың қалыптасуына әкеледі.
2.6-сурет. Қақпандар:
а – күмбезді; б – литологиялық экрандалған; в – тектоникалық
экрандалған; г – стратиграфиялық экрандалған
Көмірсутекті шоғыр келесі шарттарда ғана қалыптасуы мүмкін:
1) бастапқы органикалық зат құрамды мұнай-аналық жыныс (тақтатас).
Аналық жыныстар температура мен органикалық заттардың
көмірсутектерге айналуға уақыты жеткілікті болатындай өте тереңдікте
жатуы керек;
2) мұнай мен газға аналық жыныстан көшуге мүмкіндік беретін мигра-
ционды жолдар;
3) кеуекті және өткізгішті жыныстар (өнімді қабаттың және резервуардың);
4) ұстағыштар (қақпандар). Көмірсутектердің көп бөлігі қақпандардың,
яғни олардың шоғырлану жерлерінің болмауынан миграция жолында
сейіледі;
5) көмірсутектердің сейілуден қорғайтын, қақпандарды қоршап тұратын
өткізбейтін жыныстар.
Егер осы шарттардың біреуі болсын сақталмаса, көмірсутекті шоғыр
қалыптаспайды.
|