Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет21/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

Барлау жұмыстары
Мұнай мен газдың жинақталуы, геологиялық құрылымдары мен жыныс-
тар шоғырының қалыптасқан жерiн анықтау мақсатына байланысты барлау 
жұмыстары үш фазада жүзеге асады:
- болашағы перспективалы геологиялық формацияларды ерекшелеу 
мақсатына байланысты өтетін аймақтық зерттеулер; 


41
- геологиялық құрылымдардың жалпылама түрлерін зерттеу, мұнай-газ 
шоғырларының перспективасына баға беріп және геофизикалық әдiстер 
арқылы болашағы зор аудандарда iздеу-барлау ұңғымаларын бұрғылауға 
әзiрлеу; 
- өнеркәсiптiк дәрежелері бойынша мұнай мен газ қорларының 
есептеуiнен кейін өндіруге (шоғырлар) кен орнын әзiрлеу.
2.14-сурет. Барлау жұмыстарын әуеден бақылау
2.15-сурет. Бұрғылау жұмыстарын жағалауда жүргізу
Бiрiншiсi фазада
гравиметриялық және магниттi барлау, сонымен қоса 
серiктіктер мен құралдарды қолдану арқасында инфрақызыл техниканың 
өлшемiмен жер бедерін фотоға түсiру әдiстерін пайдаланады.
Екiншi фазада
iздестiру және толық өндiрiп алу геологиялық-геофизикалық 
жұмыстары жүргізіледі. Бұл мақсатта барлаудың басқа әдiстерiн қолданады. 


42
Онда теңiздiң түбiнен алған сынақтар сейсмикалық зерттеледі. Сонымен бiрге 
екiншi фаза құрылымдық және параметрлiк бұрғылауды іске қосады.
Барлау жұмыстарының 
үшiншi фазасы
қорытындылаушы фаза болып та-
былады және (терең барлау бұрғылауы) мұнай және газ кен орындарын ашуына 
бағытталады. Сонымен бiрге мұнай және газ қорларын есептеу, ұңғымалардың 
сынақтары мен кен орындарын зерттеу сызықтануы жүреді.
2.16-сурет. Барлау жұмыстарын теңіз айдынында жүргізу
Геофизикалық жұмыстарды жүргізуге арналған техникалар 
Осы уақытқа дейiн геофизикалық жұмыстар жүргізуде өте жиi 
сейсмикалық зерттеулер өндірісін қолдануда. Сонымен бiрге онда геологиялық 
құрылымдардың астына шағылысып ұйғарылатын дыбыс толқынын жинай-
тын энергия көздерін пайдаланады. Шағылған ескертпе дабылдар гидрофо-
лар арқылы қабылданады және магниттi қабыршақтарға бекидi. Негiзге алған 
мәлiметтер бойынша барлау жүргiзiлетiн, астына төселген құрылымдардың 
тiлулерiн әзiрлейдi.
2.17-сурет. Теңіздегі барлау кемесі


43
Салыстырулар және алынған тiлулердi комбинация жолымен геологиялық 
құрылым үш өлшемдi сипат алуға болады, түрлер құрылымдардың орналасты-
рылуын нұсқаумен сол ауданда мұнай немесе газ қорларының жинақталуы үшiн 
қолайлы болып есептеледi.
Қазiргі таңда теңiзде сейсмикалық жұмыс жасағанда энергия көзі ретiнде 
бағытталған жарылыстардың газ қоспаларын немесе тербелiс жиiлiгi өзгерісте 
болатын үздiксiз қозғалыстағы электрондық дiрiлдеткiштер қолданады.
2.18-сурет. Алынған мағлұматтармен жұмыс жүргізуде 
Дегенмен мұнай мен газ қоры орналасқан жердi бұрғылаусыз iс жүзiнде 
анықтау мүмкiн емес. Бірақ жұмыс барысында гравиметриялық және 
сейсмикалық жұмыстарында мүлтiксiз жұмыс жасайтын құралдар және 
есептеушi жаңа техниканың құралдары қолданылады, алған мәлiметтердiң ин-
терпретациялары үлкен дәрежеде геолог мамандардың біліктілігіне тәуелдi бо-
лады.
Сейсмикалық, гравиметриялық және магниттік бақылауларды арнайы 
жабдықталған жүзбелі теңіз көліктерімен жүргізеді.
Қазiргi таңда жаңа аппаратура мен жабдықтарды қолдана отырып, 1500-
2000 пог. м сейсмикалық профильдердi айына бiр рет партия жасап өтеді.
Геофизикалық партиялардың мұндай жоғарғы өнiмдiлiктерiн: 
• 
1000-1200 т-га дейiн арнайы геофизикалық су ығыстырғыштықтар;
• 
қазiргi таңда геофизикалық аппаратура мен орнатылатын жабдықтар ав-
томатты тәртiптегi жұмыспен қамтамасыз етіледі;
• 
көп каналды цифрлы сейсмикалық станциялар сигналдардың тiркеулерi 
үшiн қолданылатын және деректердi алғашқы экспресс өңдеуін кеме 
бортында өндiруге мүмкіндік беретін және ақырғы өңдеу үшiн ЭЕМ-ге 
енгiзуi үшiн материалдардың әзiрлеуi;


44
• 
пневматикалық түрдiң 10-15с интервалы бар тербелiстердiң қоздыруын 
қамтамасыз ететiн жоғары өнiмдi топтық көздерi;
• 
тәулiк бойы жұмыс iстеуге мүмкiншiлiк беретiн жасанды серiктердiң 
қолдануымен пункт геофизикалық бақылауларының координаталарының 
анықтауы үшiн радионавигациялық автоматты жүйелер қамтамасыз 
етедi.
2.19-сурет. Сейсмикалық барлау аппаратураларымен жабдықталған кеме
Теңіз кемелерінде сейсмикалық барлау аппаратуралары мен жабдықтардан 
басқа кеме геохимиялық зерттеулердiң өткiзуi және бортта орнатылған автомат-
ты деректердi өңдеу үшiн аппаратура, өте дәл бүйiрлік гравиметрлер, протон 
магнитометрлер орнатады.
2.20-сурет. Геофизикалық зерттеулерге арналған кеме
Геофизикалық зерттеулерге арналған кемелер:
- теңiзде жақсы жүзетiн; 
- ұзаққа баяу жүрiсті, өйткенi кемеде сүйрелетiн аппаратурамен жұмысты 
басқаруда орнықты болатын;


45
- шу мен дiрiлдеудiң төменгі деңгейі (сейсмобақылау кемелеріне тән) 
болу керек.
Жүзбелі кеме:
• 
Жаңа ғылыми-зерттеу аппаратураларымен және арнайы зертханалар-
мен;
• 
Теңiздегі кеменiң тұрған орындарын дәл анықтауға арналған аппарату-
рамен (алған мәлiметтiң ақиқаттылығы мен құндылығы бұдан тәуелдi 
болады) жабдықталуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет