Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


– жұмсақ, ақ, оңай езілетін материал. Негізінен тасқа айналған раку- шечниктен және фораминиферден құралады. Доломит  –



Pdf көрінісі
бет17/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

 –
жұмсақ, ақ, оңай езілетін материал. Негізінен тасқа айналған раку-
шечниктен және фораминиферден құралады.
Доломит
 –
негізінен немесе мағыналы дәрежеде кальциум магнезиум кар-
бонатынан құралатын жыныс. Химиялық құрамы: CaMg(CO
3
)
2
. Тығыздығы 2.87 
г/см
3
.
Известняк
 –
толығымен немесе үлкен дәрежеде кальций карбонаты минера-
лынан тұратын кез келген жыныс. Химиялық құрамы: СаСО
3
. Тығыздығы 2.71 
г/см
3
.
Мергель
 –
қопсыған жиналымдар, саз және кальций карбонатынан құралады.
Сланец

қабатты құрылымды жыныс, ол саз бен сазды материалдың 
бірігуінен пайда болған.
2.3-суретте
шөгінді жыныстардың кейбір типтері көрсетілген.
2.3-сурет. Шөгінді типті жыныстардың мысалдары


34
2.2 Көмірсутектердің жаратылысы және олардың жиналуының 
шарттары
2.2.1 Аналық жыныстар және көмірсутектердің 
түзілуінің қалыптасуы
Шөгінді жиналымдарындағы органикалық заттың көмір, мұнай немесе 
табиғи газ түріндегі ірі концентрациялары отындық қазбалы қорлар деп атала-
ды.
Бастапқы органикалық материалды құрайтын жынысты 
аналық жыныс 
деп атайды
.
Әдетте аналық жыныстар аргилит және тақтатас түрінде кездеседі, 
олар өте көп таралған жыныс түрі және тұнба жыныс құрамының 80% көлемін 
құрайды.
Ұзақ уақыт бойы көмірсутектердің пайда болуының өзара бәсекелес көптеген 
болжамдары бар. Соңғы кезде көпшілік зерттеушілердің ұстанатын болжамы 
мұнай және газ фитопланктоннан (жүзетін микроскопиялық өсімдіктер) және 
аз дәрежеде су өсімдігі мен фораминиферден қалыптасты деген жорамал бар. 
Әлем мұхитында фитопланктон және бактериялар тұнба қабатында жинала-
тын органикалық заттардың негізгі қайнар көзі болып табылады. Органикалық 
материалдың үлкен бөлігі тақтатасқа айналатын саздардарға отырады. Осы 
үдеріс кезінде органикалық қосылыстар (негізінен жылудың арқасында) 
көміртектерден тұратын және газ, сұйық, жартылай қатты күйінде болатын 
минералдарға айналады.
Құрлықта ағаштар, бұталар және өсімдіктер тақтатастарда болатын 
органикалық заттардың негізгі қамтамасыз етушілері болып табылады. Осы ірі 
жер бетіндегі өсімдіктер құрамындағы шайыр мен лигнин шайырлы заттары-
на бай. Олар өзгерістерге шыдай отырып, негізінен қатты күйінде сақталады, 
сондықтан олар көбінесе мұнай мен газға қарағанда, көмірдің қайнар көзі бо-
лып табылады.
Сланецтердің теңіздік және аралдық жиналымдарға жататын үлкен 
бөлігінде есілген қатпарлар температурасы бастапқы органикалық заттың мұнай 
мен табиғи газдың негізін құрайтын молекулалы қосылыстарға айналуы үшін 
қажетті деңгейге жетпейді. Негізінде жүретін үдерісті кероген деп аталатын 
және мұнайлы сланецтардағы смола тәрізді қатты заттың ірі молекулаларының 
түзілу үдерісі ретінде түсіндіруге болады. Кероген мұнай мен газға мұнайлы 
сланец үлгісінің ретортаға айналуы және оның қызуы жолымен айналуы мүмкін.
Теңіз және көл жиналымдарына жататын тақтатастардың көп бөлігінде 
көмілген қабаттардың температурасы мұнай мен табиғи газдың негізі бо-
лып табылатын бастапқы органикалық заттардың молекулаларының моле-
кулярлы қосылыстарға айналуына жеткіліксіз. Іс жүзінде мұнай (мұнайлы) 
тақтатастарында болатын керогеннің, яғни шайырға ұқсас қатты заттардың ірі 
молекулаларының пайда болуымен түсіндіріледі. Мұнайлы тақтатастың үлгісін 
ретортаға салып, оны жылыту арқасында, керогеннің мұнай мен газға айна-


35
луы жүзеге асуы мүмкін. Табиғи жағдайларда керогеннің мұнай мен газға ай-
налуы температураның өсуімен түсіндіріледі. Бұл өз кезегінде біртіндеп тұнба 
қабатының жерлену үдерісіне көмектеседі. Керогеннің мұнайға және газға 
айналуының химиялық үдерісі 60°С жоғары температурада болатын осыған 
ұқсас крекинг реакциясына аналогты болып келеді.
60 және 175°С арасындағы температура интервалы мұнайлы интервал деп 
аталады. (
2.4-сурет
). Температура 175°С артқан кезде, сұйық көміртектердің ге-
нерация қарқыны күрт төмендейді және газды заттың пайда болуы доминантты 
болып келеді. Қабат температурасы 225°С көп болғанда, көміртектердің пайда 
болуы тоқтайды. Себебі, кероген мұнай мен газ генерациясына деген қабілетін 
жоғалтқан болатын.
2.4-сурет. Көмірсутектердің түзілуінің температураға тәуелділігі
Бастапқы органикалық материалдың көміртекті затқа химиялық айналуының 
ұзақ және күрделі үдерісі жетілу 
толу (пісу) 
үдерісі деп аталады. Көміртек 
шоғырлары пайда болғаннан кейін мұнай мен газ алдағы химиялық өзгерістерге 
шыдай алатынын айтып кету керек. Көбінесе, бұл түрлі кен орнындардағы 
көміртектердің әртүрлі қасиеттерге ие болатынын түсіндіреді.
Көміртектер органикалық заттардың декомпозиция өнімі екенін екі түрлі 
растау деп түсіндіреді:
• 
мұнай тек қана органикалық заттардан алынған көміртектерге ғана тән 
оптикалық қасиетке ие;
• 
мұнай өз бойында азот пен кейбір басқа қосылыстарды ұстайды, 
олардың қайнар көзі тек қана тірі материялар бола алады.


36
Мұнай іс жүзінде барлық теңіз тұнба жыныстарында табылған. Континен-
талды қайраң мен оның негізі бойынан алынған көптеген сынақтардан кейін, 
мұхит түбінде жатқан майда дисперсті сазда 8% органикалық заттар бар екенін 
көрсетілді. Бұл геологтарға мұнайдың органикалық тегі және теңіз түбінде жа-
татын жиналымдарды органикалық заттардың айналуларынан кейінгі өнім деп 
есептеуге негіз береді.
Әлемдегі ірі көмірсутек кен орнындары ежелгі континенталды қайраң бо-
йында табылған. Дегенмен көлдегі тұнба қабаттары да соншалықты перспекти-
валы. Әлемнің түпкір-түпкірінде ашылған мұнай кен орындары көлдегі тұнба 
қалыңдықтарына жатқызылады. 
2.5-суретте
тұнба қабаттары және олармен 
бірге кездесетін көміртек қорлары схемалық түрде көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет