451
• Газ таратқыш станциялар, газ қысымын түсіруге және осы қысымды
белгілі бір шектерде ұстауға;
• Сызықты және станционды байланыс құрылғысы;
• Катодты, протекторлы және дренажды қорғаныс құрылғысы.
Айдаудың қысымы және температурасы магистральды құбыр желілерінің
жұмыс режимін анықтайтын негізгі көрсеткіштер болып табылады. Осы
және басқа көрсеткіштер (айдалатын өнімдер сипаттамасы, өнеркәсіптік пер-
сонал, техникалық қамсыздандыру және т.б.) магистралды құбыр желістері
объектілерінің жұмысының сапасын жеке және жалпы анықтайды.
Магистралды құбыр желілері өздерінің ұзақтығы себебінен жоғары қысымда
(50 кг/см
2
және одан жоғары) жұмыс істейді. Жоғары қысымды айдау келесідей
артықшылықтар береді:
• Айдаушы станциялар арасының алшақтауы;
• Құбыр желісінің өткізу қабілетін одан әрі арттыру мүмкіндігі;
• Тұтқырлы мұнайларды және мұнай өнімдерін және басқаны айдау
мүмкіндігі.
Достарыңызбен бөлісу: