Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Каспий теңізінде су асты құбырларын құру



Pdf көрінісі
бет197/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

17.5.1 Каспий теңізінде су асты құбырларын құру
Каспий теңізінде мұнай және газ өндірудің дамуы түрлі мақсатттағы су асты 
теңіз құбырларын құру қажеттілігін тудырды. 
Алғашқы су асты құбырлар 40-шы жылдардың соңы 50-ші жылдардың 
басында құрыла бастады. Каспий мұнай кәсіпшілік су айдындарының жағалау-
дан сәл алыстауы, теңіздің аз тереңдігі және кіші диаметрлі құбырлардың 
қажеттілігі сол жылдардағы құбыр құрудың техникасы мен технологиясын 
анықтады. Алғашқы 63-114 мм диаметрлі құбырлар бұрғылау лебедкасы арқылы 
теңіз түбімен тасу әдісімен құрылды. 
Кейіннен жүзбелі қондырғылардан (киржим) құбыр құру әдісін қолдана 
бастады. Соңғы айтылған әдіс қазіргі кезде де ішкі кәсіпшілік құбыр құру үшін 
қолданады. 
Алғашқы су асты магистральдік құбыр құру 60-шы жылдардағы Южное 
кен орнының ашылуымен байланысты. Бұл кен орнынан газды құрлыққа та-
сымалдау үшін ашық теңіз жағдайындағы магистральді газ құбырын құру 
қажеттілігі туды. Газ өндіру ауданының жағалаудан алшақ орналасуы құбыр 
құрудың (километрлік құбырларды (плеть) дайындау, баллансирлеу, олардың 
коррозияға қарсы изоляциясын, транспорттық понтондардармен қамтамасыз 
ету жағалаудағы жинақтау-пісіру алаңында жүргізілетін) жаңа технологиясын 
игеру қажеттілігін тудырды. Ауа райы жақсы кезде километрлік құбырларды 
жанақтау алаңынан теңізге лақтырып, жүзбелі түрде құрылыс ауданына тасы-
малдайды. Онда оларды понтонмен бірге трасса бойымен батырады (еркін ба-
тырылу әдісі). Құбырдың бөлек желілерін арнайы осы мақсатқа жабдықталған 
40 тонналық крандық-кемеде түйістіреді.


452
Құбырдың бөлек учаскелерін (плеть) жүзбелі түрде тасымалдау үшін «Ги-
проморнефтегаз» институтымен сүңгуір қатысуынсыз су бетінен құбырдан пон-
тондарды автоматты түрде ажырататын құлпы қондырғысы бар арнайы понтон-
дар ойлап табылған. 
Қазіргі кезде аталған технология бойынша диаметрі 500 мм-ге дейінгі 30 м 
теңіз тереңдігінде су асты құбырларының мыңдаған километрлері салынды. 
Су асты құбырларын еркін батыру әдісін теңіз толқуы 2 балл кезінде құбыр 
буындарын 50-60 км қашықтықта тіркелеумен құруда қолдануға болатыны 
тәжірибе жүзінде анықталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет