456
Монтажды желіде атаулы тартылым күші 500 кН үш керілмелі құрылғы
қондырылған. Құбыр берілген күште керілмелі құрылғылардың шынжыр беті
арасымен өтеді. Баржа трасса бойымен якорь-швартты жүйе арқылы орын
ауыстырады.
Баржада арқанның кернеуі 900 кН-ға есептелген сегіз якорьлы лебедкалар
орнатылған. Баржаның орын ауыстырумен тіркеме (буксировщик) якорьлердің
орнын алмастырады. Оның өнімділігі тәулігіне 1000-1500 м құбыр. «Сулейман
Везиров» құбыртөсегіш баржаның пайдалануға енгізілуімен құбыр құрудың
технико-экономикалық көрсеткіштеріне құрылыс ауданының алшақтығы,
гидрометеорологиялық жағдай сияқты факторлардың әсері көрнекті төмендеді.
Құбырларды толқу бағытына тәуелді толқын биіктігі 1,5-2,4 м болғанда төсеуге
болады.
Құбыртөсегіш баржа тәулік бойы жұмыс жасауға арналған және оның
өнімділігі өте жоғары. Теңіз тыныш болған кезде диаметрі 500 мм құбырды
төсейтін баржа өнімділігі 1500 м/тәу. Бірақ баржа амортизациясының жоғары
құны бос тұруды болдыртпайтын жақсы ұйымдастыруды қажет етеді.
Қазіргі кезде «Сулейман Везиров» құбыртөсегіш баржасының
қолданылуымен терең және үлкен қашықтыққа құбырларды төсейді. Бұл
баржаның пайдалануға енгізілуімен Каспий теңізі мұнай-газ кен орындарының
жайластыру тиімділігі жоғарылады.
Қазіргі уақытта құрылысқа, су асты құбырларын қызмет көрсету және
жөндеуге қажетті негізгі техникалық құралдарға құбыртөсегіш баржа,
құбырларды түйістіру және жөңдеуге арналған су асты кешені, су асты құбырлар
трассасын зерттеу және оның жағдайын тексеруге арналған құрылғылар жата-
ды.
Каспий теңізінде пайдаланылатын «Сулейман Везиров» құбыржелілерін
төсегіш баржасы бірінші шыққан баржаларға жатады.
Соңғы жылдары құбыржелілерін төсегіш баржалар елеулі түрде
жетілдіріліп, теңіз тереңдігі 300 м және толқын биіктігі 3,7-5,0 м болған жағдайда
құбыржелілерін төсеуге мүмкіндік беретін екінші және үшінші деңгейлі баржа-
лары жасалған.
Достарыңызбен бөлісу: