Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Теңіз ұңғымаларын меңгеру және сынау кезінде қоршаған



Pdf көрінісі
бет202/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

18.3 Теңіз ұңғымаларын меңгеру және сынау кезінде қоршаған 
ортаны қорғау
Сынау үдерісінде ұңғымадан мұнай, газ, қабат суы өндіріледі. Алғашқы 
кезде ұңғының барлық өнімін (мұнай, қабат суы) танкерге жинап, жағалаулық 
тазарту ғимаратына апарды. Дауыл кезінде кемені бұрғылау платформасында 
ұстаудың техникалық қиындықтарына байланысты, сонымен қатар танкердің 
фрахтасының қымбаттылығына байланысты бұл жүйеден бас тартты.
Қазіргі кезде өндірілген мұнай, газ және қабат суын жағу арқылы барлау 
ұңғыларын сынауға және игеруге арналған «Бейкер» фирмасының жабдық 


462
кешенімен ЖБ ЖБҚ «Каспморнефтегазпром», «Шельф-1» және «Шельф-2» 
жабдықталған.
Теңіз мұнай ұңғыларын игеру кезінде ластануының алдын алу үшін, алдымен 
ластанудың барлық мүмкін көздерінің және жолдарын білу керек. Бұл мақсатта 
стационарлы платформадан және эстакадалық ауданнан бұрғыланған теңіз 
ұңғыларын игеру бойынша жұмыстар кешенін қарастыру керек. Бұл негізінен: 
ұңғылар перфорациясы, жерасты жабдықты түсіру, жер беті жабдығын сынау 
және жөндеу, ұңғы сағасын жабдықтау, су асты коммуникациясын салу, ком-
муникацияны престеу, ағын шақыру, ұңғыны зерттеу, пайдаланудың оптималды 
режимін анықтау, ұңғы өнімін қабылдау сияқты жұмыстардан тұрады.
Қазіргі кезде барлау ұңғымаларын сынау және игеру кезінде теңіздің 
ластануының алдын алу проблемалары:
– ұңғы өнімін жинау және жағумен;
– өнімнің сұйық бөлігін жинау және тасымалдаумен;
– газды жағумен шешіледі.
18.2-суретте
АБУ, ЖБ ЖБҚ және тұрақты стационарлы платформадан 
бұрғыланған барлау ұңғыларын сынау және игеру, өнімді жинау және жағу 
бойынша кең қолданылатын қондырғылар сызбасы көрсетілген. Ұңғы өнімі 
(1) қоздыру жүйесі (2) және жұмысшы манифольд арқылы газды сұйықтықтан 
айыру және жоғары қысымды газды өлшеу үшін жоғары қысымды сепараторға 
(3) түседі. Жоғары қысымды аппараттардан сұйық фаза төмен қысымды 
сепараторға түседі де, одан сұйықтық сыйымға (5) бағытталып, сораппен (6) 
жанумен басқару манифольдіне (8) айдалады.
18.2-сурет. «Бейкер» фирмасының «Ұшқынды алау» 
қондырғысының технологиялық сұлбасы:
1 – ұңғыма; 2 – пеш; 3 – жоғары қысымды сепаратор;
4 – төмен қысымды сепаратор; 5 – сыйым; 6 – сорап; 7 – ауалық 
айдағыш; 8 – жанумен басқару манифольді; 9 – горелка


463
Осының ішіне, жанумен басқарылатын манифольдке жоғары және төмен 
қысымды газ беріледі. Жану манифольдінен барлық өнім горелкаға (9) келіп 
түсіп, түтінсіз жағылады.
Мұнайдың түтінсіз жануы үшін горелкаға жанумен басқару манифольдіне 
ортадан тепкіш желдеткішімен (7) ауа айдалады.
Сәулелік энергияның сәулеленуін және өртқауіпсіздігін азайту үшін 
горелканың барлық периметрінде теңіз суын беретін соплоны орнатады. Горелка 
ұңғының барлық өнімін – мұнай, газ, конденсат, қабат сулары және механикалық 
қоспаларды түтінсіз жағады. Горелканың өткізу қабілеті 1600 т/тәу. мұнай және 
1млн м
3
/тәу. газ. Горелканы ұзындығы 16 м-ге дейін консольді фермаларда орна-
тады. Консольді фермалардың соңындағы горелкалар 180º-қа бұрыла алады. Со-
нымен қатар әрбір ЖБҚ мен ЖББҚ-да горелкалары бар (2) консольді фермалар 
орнатылады. Оларды жел бағытына сәйкес жағады.
«Бейкер» (АҚШ) фирмасының «Летящее пламя» қондырғысы ЖБ ЖБҚ мен 
ЖБҚ бұрғылаған барлау ұңғыларын сынау және игеру өнімдерімен теңіздің 
ластануының алдын алу үшін қолданылады, ал стационарлы платформамен 
бұрғыланған ұңғыларды игеруде мүлдем қолданылмайды, өйткені бұл жағдайда 
мұнай және конденсаттың көп мөлшері мақсатсыз шығындалады.
Қазіргі кезде стационарлы платформамен және эстакадалық ауданмен 
бұрғыланған пайдалану ұңғымаларын игеру кезіндегі теңіздің ластануы 0-ге 
тең, өйткені аудандарға ұңғыны игерудің басында эстакада бойынша су асты 
және су беті құбырөткізгіштер салынады. Игерілетін ұңғымадан бұрғылау 
ерітіндісі жиналып, шығарылады және келесі ұңғыны бұрғылауға қолданылады. 
Ластанған ағынды су, мұнай, қышқылдар, БӘЗ және басқа да химиялық реагент-
тер құбырөткізгіштері бойынша мұнай жинау пункттеріне айдалады. 
Ұңғыманы теңізде меңгеру кезінде оларды сумен немесе мұнаймен айдау 
тұйықталған айналмалы жүйе бойынша коллекторға немесе жуу ерітіндісін 
қайта қолдану үшін технологиялық сыйымға жүзеге асырады.
Қабат қысымы аномалды жоғары ұңғыларды өшіру кезінде платформада 
ұңғыманың (2) көлеміне тең бұрғылау ерітіндісінің қоры болу керек.
Қысыммен жұмыс жасап тұрған ұңғыма мен құбырөткізгіштерінің 
бәсеңдетуін үрілу блогында жүргізеді. Бұл кезде сығылатын газды факелге 
жағуға бағыттайды, ал сұйықтықты коллекторға айдайды.
Ұңғыманы кейін пайдалану үшін игеру кезінде, пайдалану және аралық 
тізбекті, фланецті және бұрандалы қосылысты ұңғы сағасының сальникті 
тығыздалуын және жерүсті жабдығының күйлерін жүйелі бақылайды. Ақаулар 
табылған кезде оларды жоюдың шұғыл шаралары жүргізіледі.
Ұңғыма сағасы құбырөткізгішпен ағынды суларды жинау блогының сыйы-
мына жалғанатын поддонмен жабдықталуы керек.
СКҚ-ды парафиннен, тұздан, құмнан арнайы жабдықталған жұмысшы 
алаңдарда немесе жағалаулық базаларда тазартады. Тазалау өнімдерін контей-
нерлерге жинап, жағалаудағы арнайы шлам үйінділеріне көшіріледі.
Жиналған сұйықтықты сораппен коллекторға айдайды. 


464


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет