Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет200/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

Бақылау сұрақтары:
1. Ұңғымалы өнімді тасымалдау түрлерін келтіріңіз.
2. Тасымалдау үшін құбыржелілерді төсеу қалай іске асырылады?
3. Теңіз жағдайларында мұнайды сақтау әдісін таңдауды анықтайтын факторлар-
ды атаңыз. 
4. Мұнайды су астында сақтаудың артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңыз. 
5. Құбырларды ең алғаш рет қалай орналастырады?


457
6. Жағадағы монтажды-пісіру алаңында не орындалады?
7. Құбырларды орналастыру үшін нені қолданады?
8. Стингер деген не және не үшін қажет?
9. Құбырлардағы дайындау талаптары қандай?
10. Құбырдағы кернеулерді реттеу үшін қандай жаңа технологиялар ойластырыл-
ды?


458
18-ТАрАу
ТЕҢІЗ ҚАЙрАҢЫ КЕН ОрЫНДАрЫН МЕҢГЕруДЕ 
ҚОрШАҒАН ОрТАНЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОрҒАу
Қоршаған ортаны қорғау – 
қазіргі замандағы маңызды проблемалардың 
бірі. Бұл проблеманың маңызды бөлігі – теңіздің мұнай және мұнай өнімдерімен 
ластануына қарсы күресуі болып табылады. 
18.1 Теңіз және мұхиттың мұнаймен және мұнай өнімдерімен 
ластануының негізгі көздерінің жіктелуі
Теңіздің мұнаймен және оның өнімдерімен ластану танкерлерді айлақтарда 
жүктеу және жүксіздендіру кезінде мұнайдың ағып кетуінен, танкерлердің 
апаттары кезінде, балласты судың теңізге лақтырылысынан, теңізде және су 
астында ұңғымалар мен мұнай құбырөткізгіштердегі апаттардан, жағалаулық 
мұнай тазартқыш және өнеркәсіптік кәсіпорындардың қалдықтарының теңізге 
лақтырылысының әсерінен болады. Теңіз ластауының негізгі көздеріне:
– мұнай және оның өнімдерін теңізде тасымалдау;
– мұнай, газ және газдыконденсатты ұңғымаларды бұрғылау және пайда-
лану;
– ұңғылардағы және құбырөткізгіштегі және т.б. апаттар жатады.
Аталған көздердің келтірілген тізбегі ластанудың қаупіне және 
қарқындылығына сәйкес келеді.
Пайдалану көздеріне:
– ұңғыны бұрғылау кезінде;
– мұнай-газды өндіру кезінде;
– теңіз ұңғыларының өнімдерін дайындау және тасымалдау кезінде 
мұнайдың ағып кетуін жатқызады.
Апаттыларға: ұңғымаларды бұрғылау, игеру, пайдалану кезінде фонтанның 
атқылауы және лақтырылысы, су асты өнім өткізгіштердің, магистралды 
мұнайөткізгіштердің жарылысы, сонымен қатар су асты және су беті мұнай 
қоймаларының жарылысы мен апаттары жатқызылады. Теңізді ластаудың 
апатты көздеріне, сонымен бірге оның флорасы мен фаунасына үлкен қауіп 
туғызатын су асты грифондар жатады. 
Теңіз мұнай-газ кен орындарын игерудің технологиялық үдерісі:
1. ұңғымаларды бұрғылау;
2. ұңғымаларды сынау;
3. мұнай және газды өндіру сияқты үш негізгі сатылармен қиыстырылады.


459
Теңіз мұнай, газ кен орындарын барлау және игеру кезінде теңіз ластану-
ын игерудің аталған әрбір сатысындағы қолданылатын үдерістердегі барлық 
мүмкін көздерін білу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет