563
Тұзды күмбез
– қоршаған жиналымдар
тығыздығымен салыстырғанда
тығыздығы аз үлкен тұзды массив, жоғарыға жабын жиналымдары арқылы
көтеріледі.
Тұз қышқылымен өңдеу
– жынысты бөлшектеп еріту және оның өткізгіштігін
арттыру мақсатында қабаттың түптік аймағын қышқылмен (көбінесе кар-
бонатты) өңдеу.
Стратиграфиялық карта
– қабаттардың тік кезектілігін көрсететін карта.
Стратиграфиялық баған
– жыныс қабаттарының тік кезектілігін көрсететін
баған.
Стратиграфиялық ұстағыш
– өнімді қабаттың
қалыптасу кезінде немесе
оның эрозия үдерісі кезінде қалыптасқан мұнай немесе газ ұстағышы.
Құрылымдық карта
– нөлдік деңгейге қатысты жатыс деңгейлерінің артуы мен
төмендеуін көрсететін карта (мысалы, теңіз деңгейіне қатысты).
Құрылымдық ұстағыш
– өнімді қабаттың құрылымдық деформациясы есебінен
қалыптасқан мұнайлы немесе газды ұстағыш.
Сутек сульфиді
– күкіртті сутек (Н
2
S); улы газ (қышқыл газ).
Құрғақ газ
– конденсирлеуші фракциялары/компоненттері
жоқ құрғақ табиғи
газ.
Өндірудің үштік әдістері
– қабатқа, екіншілік әдіспен салыстырғанда, мұнай
алу деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін агенттерді айдауға негізделген
әдістер.
Үштік
– 70-2 миллион жыл бұрынғы кезең.
Достарыңызбен бөлісу: