Патент иесіне аударымдар – көмірсутекті ресурстар иесіне төленетін мұнай
газ компаниясының кірістерінің пайызы.
Палеозой – 600-225 миллион жыл бұрынғы кезең.
Палеоцен – 70-60 миллион жыл бұрынғы кезең.
Пенсильвандық – 310-270 миллион жыл бұрынғы кезең.
Өндірудің біріншілік әдістері – қабат энергиясын қолдануға негізделген өндіру
әдістері.
Кезең – эраның бөлімі.
Пермь – 270-225 миллион жыл бұрыңғы кезең.
Перспективалық құрылым (prospect) – ұңғыманы бұрғылауда геологиялық-
экономикалық қолайлы құрылым.
Құм – диаметрі 1/16 ÷ 2 мм сынықты бөлшектер.
Қайраңның құмды тілшелері – дельтадағы құмның созылыңқы тар жиналымы.
Плейстоцен – 2 миллион жылдан бастап 10 000 жыл бұрынғы кезең
Плиоцен – 11-2 миллион жыл бұрынғы кезең.
Тығыз құмдар – аз немесе нөлдік өткізгішті құмдар.
Тығыз әктас – аз немесе нөлдік өткізгішті әктастар.
Беттік-белсенді зат – мұнай алудың үшіншілік әдістері кезінде қолданылатын,
мұнайдың сумен шекарасында беттік кернеуін азайтатын және мұнайдың
толық алынуына әрекет ететін химиялық қосылыс.
Қабат қысымын ұстау – қабат энергиясы мен ағынның біріншілік режимі
таусылған немесе өндірудің қажет деңгейін ұстап тұруға жеткліксіз
болған кездегі өндіру деңгейін ұстап тұру үшін қабатқа газ немесе су ай-
дау үдерісі.
562
Жабын жыныстар – өнімді мұнайгазды қабат үстіндегі өткізбейтін немесе
ерімейтін жыныстың (тұзды күмбез) қабаты.
Полимер – сумен әрекеттескенде тұтқыр сұйық құрайтын ұзын молекулалық
тізбегі бар химиялық қосылыс.