Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғыларының



Pdf көрінісі
бет40/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

4.2 Өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғыларының 
бұрғылау және технологиялық жабдықтары
Өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғыларында орнатылған 
бұрғылау жабдығы құрлықтағы бұрғылау жабдықтарынан айырмашылығы аз. 
Сондықтан өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғыларында бұрғылау 
кемелері де жерде бұрғылаудың стандартты қондырғыларының тораптары мен 
агрегаттары кеңінен қолданылады.
Теңіз акваторияларындағы бұрғылау жұмыстарының тәжірибесі өздігінен 
көтерілетін жүзбелі (қалқымалы) бұрғылау қондырғыларына қойылатын талап-
тар:
- Минималды өлшемдер және жабдық салмағы;
- Бір өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғысымен бірнеше 
ұңғыманы бұрғылау мүмкіндігі;


87
- Алшақ тораптардың жоғарғы сенімділігі мен олардың өзара 
алмастырушылығы;
- Ұңғыма құрылысы кезіндегі бұрғылау қондырғыларының жоғарғы 
өнімділігі;
- Өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғыларының бұрғылау 
аяқталған ұңғымадан жаңа жерге тез орын ауыстырылуы;
- Кішкене және үлкен қашықтықтарға орын ауыстыруда өздігінен 
көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғысының теңізде жүзуін 
қамтамасыз ету.
- Бұрғылау жұмысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Автономдылық, яғни бұрғылау үшін жеткілікті материал қорымен, қызмет 
көрсетуші персоналдың тұрғын үй жағдайларын және т.б. қамтамасыз ету.
Әлемдік тәжірибеде сараптау қауымдастықтары мен кәсіпорындарының көп 
жылдық тәжірибесі негізінде басқару және нормативті құжаттар тобы жасалған. 
Олар жалпы кемелік, технологиялық жабдық қолданысын және олардың 
қауіпсіздігі мен сенімділігі жұмысын қажет ететін жүйесін регламенттейді.
Технологиялық жабдық кешеніне төмендегілер кіреді:
• 
Ұңғыманың бұрғылау жабдығы;
• 
Бұрғылау сұйығын дайындау, беру, ауырлату, регенерациялау және 
бұрғыланған жыныстан сақтау жабдығы;
• 
Ұңғыманы бекітудегі цементті сұйықты дайындау мен ұңғымаға айдау 
жабдығы;
• 
Ұңғымада электрометрлік және каротажды жұмыстарды өндіруші 
жабдықтар;
• 
Суасты құйылыс жабдығы;
• 
Ұңғыманы игеруші жабдық;
• 
Көмекші жабдық (жүк көтергіш кран, тельтер, кіші механизация 
жабдығы);
• 
Теңіз ластауын болдырмайтын жабдық;
• 
Ұңғыма құрылысының технология үдерісін басқару және бақылау 
жүйелері;
Жауапкершілік пен қауіптілік дәрежесіне сәйкес бұрғылау жұмыс орын-
дары бұрғылау ұңғымаларының аймағын құрайтын зоналарға бөлінеді: 
ұңғыма сағасы (құйылысы), бұрғылау сұйықтығы бар резервуарлар, бұрғылау 
сұйықтығының айналмалы жүйесі, бұрғылау сораптарын, вибросит, құм және 
тұнба айырғыштар, дегазатор және басқа механизмдерді қоса алғанда.
Класс және зонаға байланысты механизм немесе жабдық түрін орындау мен 
орналастыруға белгілі бір талаптар қойылады. 
Өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғыларындағы бұрғылау 
мұнарасының желкендігі кішірейтілген болуы керек. Ол жалпы желкендікті 
төмендетеді және қондырғыға түсетін ауырлықты азайтады. Мұнараларды 
жоғарғы кронблок екі немесе бәр жазықтықта қозғала алатындай етіп жасай-


88
ды, сонда бірнеше ұңғыны бұрғылауға болады. Өздігінен көтерілетін жүзбелі 
бұрғылау қондырғысындағы бұрғылау мұнарасы жердегі мұнараға қарағанда 
тербеліс пен дауылды желді есепке ала отырып, инерциялық жүктемеге есеп-
телген. Қондырғының орнықтылығы мен беріктігін арттыру үшін тартып қою 
жабдықтары орнатылмайды. Осы талаптарға байланысты өздігінен көтерілетін 
жүзетін бұрғылау қондырғысының мұнараларының құрылысы мен беріктігі 
жердегіден ерекшеленеді.
Өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғыларының корпусын суға 
түсіріп, ұңғыма астынан шығару үшін роторлы-лебедкалы блокты мұнарамен 
бірге шетке қозғалту керек болады. Негізінде мұнара астындағы алаңды барлық 
құрылғылармен бірге қондырғы айналасында қозғала алатындай етіп жасайды.
Бұрғылау сұйығын дайындайтын құрылғының құрамы мен орналасуы әр 
түрлі болуы мүмкін. Ол қабылданған сұйық пен материалды жасау технология-
сына байланысты. Шетелдерде жуу сұйықтарын дайындау үшін ұнтақ заттарды 
кеңінен қолданады. Оны дайындау әлдеқайда қарапайым және Ресей бұрғылау 
қондырғыларының ажыратылмас бөлігі – саз араластырғыш қондырғысы 
қажетсіз болады. Құрылғылары негізгі корпусты орналасқан өздігінен 
көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғыларында корпус бұрғылау сораптары, 
саз араластырғыш, гидроциклондар мен сұйық сақтайтын сыйымдылықтар ор-
наластырылады. Құрғақ материалдар мен цемент қорларын сұйықтың дайын-
дайтын орынның жанынан арнайы бағытталады да, палубадағы арнайы бункер-
лерде болады.
Басты палубада 120 м
3
сыйымдылықты жұмысшы сыйымдылықтар бло-
гын қосатын айналмалы жүйесін орналастырады. Блоктарда мыналар құрылған 
өнімділік 50-60 л/с бұрғылау сұйығын тазартатын қосарланған вибросит, 
бұрғылау сұйығын газсыздандыратын вакуумды дегазатор, араластырғышқа 
су мен сұйықты жіберуші шламды сораптар, механикалық араластырғыш, 
гидравликалық араластырғыш болады.
Сонымен қатар кранға қызмет көрсету алаңында бұрғыланған жыныс шла-
мын жинауға арналған арнайы контейнерлер орнатылған. Ол шлам жағаға 
жіберіледі. Портал астындағы алаңда мыналар орнатылған: екі плашкалы пре-
венторды іске қосушы шығарып тастауға қарсы қондырғы, әмбебап превентор, 
превенторлар мен жапқыштарды гидробасқару, манифольд; превентор плашка-
ларын ашып-жабудың апаттық жетегі және гидравликалық басқару құбырлары. 
Манифольд превенторлары мен жабқыштары екі дистанциялық пульт арқылы 
басқарылады: бұрғылау алақанынан бөлек орналасқан негізгі пульт және 
бұрғышы постында көмекші пульт орнатылған.
Трюмдарда сыйымдылық қорлар бөлімінде – бұрғылау сұйығының 
сыйымдылық қорлары, сорап бөлімінде – үш У87 – М2 бұрғылау сорабы, екі 
шлам сорабы және 9МГР сорабы орналастырылған.
Ұнтақ материалдарды сақтау орнында бетонит барит және цементті сақтау 
және тасымалдау құрылғылары орнатылған ол сақтау бункерлерінен, таразы – 


89
бункерлерден, гидроараластырғыш, жүкті түсіру бункерінен, циклондар мен 
КИП, сығылған ауа құбырлары мен желдету құбырынан тұрады. Осы құрылғылар 
жиынтығы ілмекті арматурасы бар құбырмен жалғастырылып, бұрғылау және 
цементті сұйықтарды дайындау үшін борпылдақ материалдардың тасымалын 
қамтамасыз ететін біртұтас технологиялық схеманы құрайды.
Ұнтақ материалдар бункерлерге сығылған газ көмегімен беріледі. Бун-
керлер ұнтаққа ауа жіберуге арналған резиналы қақпақ жабдықталған. Ол 
құбыр арқылы жүк түсіру бункеріне түсіп, сонда ауа ұнтақтан ажыратыла-
ды. Ұнтақтың аса жеңіл бөлшектері ауамен бірге циклонға түседі, сонда ауа 
шаңнан тазартылып, атмосфераға жіберіледі, ал циклонда жиналған ұнтақ пе-
риодты түрде мешокқа жүктеліп, борпылдақ материалдар қоймасына беріледі. 
Ұнтақтың түсуі мен жұмсалуы таразы – бункерлер арқылы бақыланып отыра-
ды. Пневмотранспорттық құбырлы жүйесі су келген бункерден борпылдақ ма-
териалдарды бұрғылау сұйығын дайындау құрылғысына жеткізуін және бункер 
араларында орын ауыстыруын қамтамасыз ететіндей орындалған.
Бұрғылау сұйығын дайындауда бентонит немесе барит жүк түсіру бункерінен 
гидроалмастырғышқа беріледі, онда дайындалған сұйық (ерітінді) қосалқы не-
месе жұмысшы сыйымдылықтарға жіберіледі.
Ғимаратта цементтеуші құрылғы орнатылған. Құрылғы сорапты агрегаттар-
дан, сұйықтық дайындау қондырғысынан, манифольд және ұңғыманы цемент-
теу үдерісін басқару пультінен тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет