113
таңдау, ұңғыманың бұрғылау тереңдігі мен кеме автономдылығынан
анықталатын – қажетті жүккөтергіштікке тәуелді.
Қазіргі бұрғылау кемелерінің дедвейт 5000-7000 т-ға дейін, оның ішінде:
сұйық
жанармай, сұйық бұрғылау ерітіндісі, химиялық реагенттер, цемент,
тұрмыстық және техникалық су, бұрғылау және отырғызылатын құбырлар, т.б.
қондырғылар, материалдар кіреді.
Мысалы, «Валентин Шашин» кемесінің дедвейті 6990 т, «Пеликан» 6000 т,
«Сайпем ІІ» 5800 т.
6.2-сурет. «Катамаран» бұрғылау кемесі
Өздігінен жүретін бұрғылау кемелері
біртұлғалы және екітұлғалы (катама-
рандар) болады (
6.2-сурет
). Өндірістік ұйымдарда көбінесе, біртұлғалы кеме-
лер қолданылады. Бұл оларды дайындауға кететін шығынның аз жұмсалуымен
шартталған, өйткені олар балық аулайтын кемелерді дайындау базасында жаса-
лады.
Біртұлғалы кемелер түрлеріне: «Диорит», «Диабаз», «Чароит», «Кимберлит»
жатады, олар зәкірлі тұрақтандыру жүйесімен жабдықталған және инженерлік-
геологиялық барлау жұмыстарын 15 м-ден 100 м-ге дейінгі тереңдікте орындай-
ды.
Олардың бірқатар: ұңғымадағы тұрақтандыру жүйесінің сенімсіздігі,
бұрғылау ауданының аз өлшемділігі, отыратын орынның шектелуі, түпке (за-
114
бой) осьтік жүктеменің бере алмау мүмкінсіздігі және ұңғымалы геотехникалық
зерттеулер кешенін жүргізу мүмкінсіздігі сияқты кемшіліктері бар.
6.3-сурет. Теңіздегі бұрғылау кемесі
Тереңдігі 30-300 м болатын акваторияларда жұмыс жүргізетін
бұрғылау
кемелеріне Финляндияда құрастырылған «Бавени» және «Бакерит» жатады. Олар
80 м теңіз тереңдігінде жұмыс жүргізуге арналған ұстаудың якорлық жүйесімен
және 820 метрден жоғары тереңдікте жұмыс жасауға арналған динамикалық по-
зициялану жүйесімен қамтылған. Соңғы жүйе өз бойына электрлі-дизель ток
тізбектті, винттік колонкаларды және екі басқаралатын мұрындық қондырғыны
жанайды.
Әрбір кеменің технологиялық комплексі бұрғылау қондырғысының және
ұңғымада геотехникалық зерттеулер жүргізу жүйесінен, түптік пенетрациондық
қондырғыдан тұрады. Бұл кемелерде бұрғылау кондукторы қарастырылмаған.
Барлау ұңғымаларында бұрғылауда әдетте катамарандар қолданылады.
Бір корпусты кемелермен салыстырғанда олардың бірнеше басымдылығы бар.
Жоғары тұрақтылық (борттық шайқалыстың амплитудасы
бір корпусты кеме
қарағанда 2-3 есе кіші), бұл теңіздегі ірі толқын кезінде тұрақты жағдайда
болуға мүмкіндік береді. Палубадағы жұмыс орны 20-30% болатын 1 корпусты
кемені жасау, катамаран кемеге қарағанда қымбатырақ.
«Ридинг энд Бэтэс» американдық фирма тоғыз балкалы фермалармен
қосылған екі баржадан тұратын «Катамаран» бұрғылау кемесін құрды (
Достарыңызбен бөлісу: