Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет37/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

3.9- сурет
).
Ол тәлді блокқа ілінетін және жабық цилиндрлі тұлға (1) ретінде жасалған. 
Тұлға манометрмен, сақтандырғыш клапанмен және сығылған ауа беретін 
құбырға қосылатын тежегішпен жабдықталған. Тұлға проушин және сырға 
(2) көмегімен тәлді блокқа бекінеді. Бұл тұлғада екінші цилиндрлі тұлға (3) 
орналасқан. Екі тұлғаның қуыстары бірнеше радиальді каналдар (4) көмегімен 
хабарласады. Тұлғалар арасындағы сақиналы кеңістік жұмыс сұйықтығымен 5 
толтырылған. Бұл сұйықтықтың деңгейі ішкі тұлғаның жоғарға бөлігіне сей-
кес келеді. Ішкі тұлғада штогы бар поршень (6) орнатылған. Оның жоғарғы 
бөлігі ішкі тұлғаның арнайы алып кеткішке (7), ал төменгісі екі тұлғаның ортақ 
түбінен (8) сыртқа. Шығарылатын қуыс сальник және қысқыш гайка көмегімен 
қалыңдатылған. Штоктың сыртқы соңына табақша бекінген, өз кезегінде оған 
екі блок (9 және 10) бекітілген. Жоғарғы блок (үлкен диаметр) арқылы арқан (11) 
асырылып, оның бір ұшы бұрғылау кемесінің палубасына (12) байланса, екінші 


79
ұшы су асты ұңғыманың головкасына (13) бекітілген. Төменгі блок арқылы (10) 
арқан (14) тартылған, оның бір шеті шығырға (15) оралған, ал екінші шетіне 
сейкес ұңғыма құралы жалғанған. Кеменің жоғары қарай тік орын ауысты-
руы кезінде тәл блогына жалғанған сыртқа тұлға жоғары жүреді және жұмыс 
сұйықтығы ішкі тұлғаның поршінінен 3 тұлға аралық кеңістікке ығыстырылып 
қозғалысты компенсирлейді.
3.9-сурет. Бұрғылау құралдар арқанында ұңғыға 
түсіруге арналған компенсирлейтін құрылғы
Кеменің төмен қарай тік орын ауыстыруы кезінде сыртқы және ішкі тұлғалар 
штокты поршеньге салыстырмалы түрде төмендейді. Штоктың жоғарғы ұшы 
ішкі тұлғадағы арнайы тығынға (7) енеді. Бұл кезде жұмыс сұйықтығы сақиналы 
кеңістіктен поршеньге келеді және осындай орын ауыстыру арқандарды тарту 
арқылы компенсирленеді.
Жүзбе бұрғылау қондырғысынан су асты теңіз ұңғысының саға жабдығымен 
немесе су асты құбырлармен байланыс іс-шараларын жүргізу тәсілі патенттел-
ген.


80
Тәсілдің мәні технологиялық шараларды кезекпен жүргізуде қорытындалады:
1) кемеде жұмыс платформасын құрастыру, ол кеме палубасына тік 
бағытта шамалы ғана орын ауыстыруы мүмкін (шығыршықта, олар 
арқылы қосалқы жүкпен ұстағыш арқандар асырылған);
2) суасты ұңғының әрбір жұмыс арқандардың шамамен база ұштарындағы 
бекіністерде белгілеу;
3) жылжымалы жұмыс платформасында орнатылған барабан лебедкадағы 
қарама-қарсы жұмыс арқандардың ұштарын бекіту.
4) жылжымалы жұмыс платформасын шығыр тіректерінде белгілеу неме-
се гидроцилиндр плунжерлер (басқа нұсқада ойлап табылған) арқылы 
асырылған ұстағыш арқандар арқылы берілетін, шамасы тұрақта және 
жоғары бағытталған күшті ұстап тұру;
5) кемеде теңселу болмаған кезде подкатті платформаның кемеге қарағанда, 
салыстырмалы түрде жоғары қозғалуын болдырмау мақсатында жұмыс 
арқандары керіледі (жұмыс арқандарына түсірілетін жүктің керілу күші, 
платформа және оған орнатылған қондырғылар салмағын алып тастаған 
кездегі жылжымалы платформаға түсірілетін жоғары бағытталған 
күшке тең);
6) суасты ұңғыма жабдығымен байланысты жүргізу жұмыс шарасы кеме-
ден жүргізіледі.
Жабдық (
3.10-сурет
) құрамында: теңіз түбіндегі ұңғы сағасына (2) бекітілген 
база – плита (1); кемеге салыстырмалы түрде тік орын ауыстыруы мүмкін бола-
тын кемеге (4) бекітілген, массивті жұмыс платформадан; платформаны ұстап 
тұрғыш шығыршықтары (6) бар тірек бағаналар (5) арқылы асырылған қосалқы 
жүктемелер (7); осы платформаны плитамен байланыстыратын жұмыс арқандар 
(8); жұмыс платформасына бекітілген арқандардың ұзындығын және керілуін 
реттейтін барабан шығырға оралған арқандар кіреді.
Жүзбелі бұрғылау қондырғысынан бұрғылауды су асты бағана (рейзер) 
конструкциясының маңызы зор. Әдетте бағанада жүзбе қондырғыға бекітілген 
және теңіз түбіне орнатылған ұңғы головкасына дейін түсіріліп ұзындатылған 
қуыс бөлшек болады. Қуыс бөлшектің төменгі ұшында ішкі сақиналы запле-
чико түзілген. Бүкіл жинақтың сыртқы диаметрі сақиналы заплечика астында 
кішірейтілген. Сақиналы заплечико астындағы кеңістік жұмыс сұйықтығының 
қайнар көзімен жүзбелі қондырғыға орнатылған жеке құбыр арқылы байланы-
сады. Бағана конструкциясында телескопиялық қосылыс ескерілген.
Осымен қоса бағананың жоғарғы бөлігіне енетін төменгі бөлігі (кіші 
диаметрлі) оған қарағанда қалыңдатылған. Мұндай бағаналарды жасауда туын-
дайтын қиындық, бұл телескопиялық қосылыстарда жинақталатын шлам. Шлам 
бұрғылау ерітіндісінің шыр айналып бағананың ішкі бетімен және бұрғылау 
құбырлар тізбегінің сыртқы бетінің арасынан шыға беріс жерінде жинақталады. 
Бұрғылау кемесінің палубасына орнатылған сорап, қосымша құбыр арқылы шлам 
жинақталатын аймаққа жұмыс сұйықтығын айдайды (шламнан тазартылған 


81
бұрғылау ерітіндісі), сол арқылы телескопиялық қосылыстарды шламнан тазар-
тады. Бұл бағана жұмысының сенімділігін арттырады. 
3.10-сурет. Жүзбелі бұрғылау қондырғысынан су асты теңіз ұңғымасының 
саға жабдығымен байланыс іс-шараларын жүргізу құрылғысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет