Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет50/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   274
6.4-сурет
) инженерлік-геологиялық іздестіру 
жұмыстарын Қара теңіз акваториясында жүргізуге арнайы құрастырылған.
Катамаран арқылы бұрғылауға болатын теңіздің минималды тереңдігі, оның 
суға ену мөлшерімен, ал максималды тереңдігі – зәкір тросының ұзындығымен 
анықталады. Бұрғылынатын ұңғымалардың мүмкін болатын тереңдігі ката-
маранда орнатылған бұрғылау қондырғысымен анықталады. Инженерлік-


117
геологиялық зерттеуге қажетті басты технологиялық қондырғылардың «Гео-
лог-1» кемесінде орналасуы.
6.4-сурет. «Геолог-1» кемесінде инженерлік-геологиялық іздеу жұмыстарына 
арналған негізгі технологиялық жабдықтарды орналастыру сызба нұсқасы
мұнда 1, 2, 3, 4 – лебедка, копер, пенетрациондық штангалар, басқару пуль-
ты және ПСПК-69 тіркеу блогы; 5 – УГБ-50М бұрғылау қондырғысы; 
6, 7, 8 – қабылдағыш, сәулелендіргіш, қоздыру блогы және сейсмопрофиль-
деу «Грунттың» регистрация станциясы; 9 – гидробак гидрожүйемен 
және ПСПК-69 балластысымен; 10, 11, 12 – корпус, қозғалушыны 
бағыттаушы құрал және қайықтың қосалқы қондырғысы
Катамаран «Геолог-1» қара теңізге жақын акваторияларда инженерлік-
геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге арнайы құрастырылған. Катама-
ранда тереңдігі 30 м ұңғымаларда жыныстарды бұрғылап, колонкалар және 
инектеп бұрғылауға арналған УГБ-50 м электропроводты қондырғы цемент-
телген. Теңіз түбінің метологиялық құрылысын және де жұмсақ грунттардың 
физикалық-механикалық қасиеттерін зерттеуге арналған суасты ПСПК-69 
пенетрационды-каротажды станциясы, сонымен қатар тірек ұңғымалары 
арасындағы суасты зоналарының литологиялық құрылымы туралды мәлімет 
алу мақсатында тоқтаусыз кескіндеуге арналған сейсмоакустикалық «Грунт» 
станциясы жоғарыдағы катамаранда орналасқан. Зерттеу нүктесінде «Геолог-1» 
төрт зәкірмен бекітіледі, ал теңіз тереңдіктерінде 7 метрге дейін – ұзындығы 8 
метр болатын қосымша екі қазық бағанамен бекітіледі.
Қалқып жүретін бұрғылау қондырғыларын ең басты жабдық ретінде жасай-
ды, бұрғылау үшін арнайы жасалмаған қайықтар (баржи, плашкоуттар, шалан-
далар), ағаш плоттар немесе арнайы бұрғылау үшін жасалған металл понтон-
дар, катамарандар және тримарандарды қолданады.


118
Өздігінен жүре алмайтын
кемелердің ішінен көбінесе, баржаларды 
қолданады. Баржалардың барлық түрлері бұрғылау жұмыстарын теңізде 
жасауға жарамайды. Ең ыңғайлысы, құрғақ жүк баржасы астындағы люгі 
ашылады, соның арқасында бұрғылау қондырғысын баржаның орталығында 
орналастыруға болады. Жұмыс бастар алдында баржаны тұрақтылық үшін бал-
ластымен жабдықтайды.
Кейде бұрғылау жұмыстарында екі бір типтегі баржаларды көлденең бру-
стармен қыздырып қосады. Осылайша баржалар арасында ұңғыманың сағасы 
орналасатын катамаран орнығады.
Баржаларды қыздырып қосудың арқасында ауыр салмақты қондырғыларын 
пайдалануға болады және қолайсыз гидродинамикалық теңіз жағдайында 
бұрғылау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік туады. 
«Геолог Приморья бұрғылау кеме-катамараны мұзсыз периодта арктикалық 
емес теңіз қайраңдарының жағалау бөлігінде геологиялық-түсіру, инженерлі-
геологиялық, геофизикалық және барлау жұмыстарын жүргізуге арналған. 
Ол жүк көтергіштігі 300 кН болатын, биіктігі 10 метр Л-тәрізді бұрғылау 
мұнарасымен жабдықталған. Акваторияларда тереңдігі 50 метрге дейін 
жететін барлау ұңғымаларын бұрғылауға арналған негізгі және қосымша 
қондырғылармен, сондай-ақ жыныстарды ұрма-қағылмалы, айналдырғыш 
және дірілді айналдырғыш тәсілдері арқылы 50 метрге дейінгі тереңдікте 
бұрғылайтын қондырғылармен жабдықталған. «Геолог Приморья» катамара-
ны бұрғылау нүктесінде әрқайсысының салмағы 900 кг болатын төрт якормен 
қондырылады. Зәкірлерды қондыру ешқандай жүзу құрылғысынсыз катамаран 
бортынан жүргізіледі.
 
6.5-суретте
“Геолог Приморья” геологиялық-барлаушы 
кемесінің сұлбасы көрсетілген.
6.5-сурет. «Геолог Приморья» Геологиялық-барлаушы кемесі
1 – бұрғылау мұнарасы; 2 – аспапты жүк көтергіш; 3-9 және 
1-15 – каюта, өндіреуге және тұрмысқа арналған бақылағыш; 
10 – суасты қанаты; 16 – мұнара асты негіз


119
«Геолог-1» және «Геолог Приморья» катамаран палубасында дауыл не-
месе жөндеу жұмыстары кезінде ұңғымадан иегендеу құбырларын бермей-ақ 
қалдықтарды сақтауға арналған М-тәрізді қималар бар.
Өздігінен жүрмейтін жүзгіш бұрғылау қондырғыларды бұрғылауға 
арналмаған өздігіне жүрмейтін кемелерді (баржалар, пламкоуттар, шаландтар), 
ағаш және бұрғылауға арнайылап жасалған металл контондарды, катамарандар-
ды және тримарандарды негізгі есебінде қолдана отырып жасайды.
Өздігінен жүрмейтін кемелердің ішінде көбінесе баржалар қолданылады. 
Дегенмен теңізде бұрғылау жұмыстарын жүргізу үшін баржалардың барлық 
түрі қолданыла бермейді. Ең ыңғайлысы түбінде ойылатын люктері бар құрғақ 
(бөлшектер) жүк таситын баржалар, осыған байланысты бұрғылау қондырғысын 
баржаның ортасында орнатуға болады.
Жұмысты жүргізер алдында баржаға, оған үлкен орнықтылық беру үшін 
балласт тиейді.
Кейде, бұрғылау үшін көлденең бөренелермен бекітілген біртүрдегі 2 бар-
жаны қолданады. Баржа арасында ұңғы сағасы орналасатын саңылауы бар 
катамаран пайда болады. Баржаларды жұптау ауыр бұрғылау құрылғыларын 
қолдануға және теңіздің қолайсыз гидродинамикалық жағдайында бұрғылауға 
мүмкіндік береді.
Бұрғылау флоты салдарын құрастыру әлдеқайда оңай. Ауыр салдар суға 
терең батады. Бұл оның орнықтылығын жоғарылатады, дегенмен тіпті кішкене 
талқының өзінің қондырғыны шайып кету қаупі жоғарылайды. Уақыт өте келе 
салдар өз қалқымалылығын жоғалтады және олардың қызмет ету мерзімі салыс-
тырмалы түрде азаяды.
Металдық бұрғылау понтондары суды ығыстыруы бойынша ауданы 30-40м
2
жеңіл және ауданы 60-70м
2
ауыр түрлеріне оларды теңіз толқыу 2 болға дейін 
болатын жабық акваторияларда қолданады.
6.5-сурет. Бір корпусты бұрғылау кемесін тұрақты ұстаудың зәкірлі жүйесі


120
Ресейде Қиыр Шығыс теңіз қайраңдарын бұрғылауда «Амур» типті ката-
марандары және «Приморья» типті, тримарандарды кең қолданысқа ие. Олар 
теңіздің толқындық жағдайы 5 балға дейін болған шамада рұқсат етілетін кеме-
лер болып саналады. Біріншілері өздігінен жүрмейтін кемелер болса, екіншілері 
тынық ауа-райында барлау аймағының жақын аралықтарына 4 түйінге дейінгі 
жылдамдықпен өздігінен жылжып отырады. Дегенмен оларды да өздігінен 
жүрмейтіндерге жатқызады, себебі жұмыс жағдайында көбінесе оларды бук-
сирлеу үшін көмекші кемелер қолданылады. Көрсетілген катамарандар мен 
тримарандар СКВ «Дальморгеология» ашық қоғамымен нақты параметрлі 
барлау ұңғымаларын соққылап және айналдыра бұрғылау үшін шығарылған. 
Техникалық сипаттамасы төмендегідей.
6.2-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет