Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет47/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

Бақылау сұрақтары
:
1. ЖБ ЖБҚ-ның тағайындалуы.
2. ЖБ ЖБҚ неден тұрады?
3. ЖБ ЖБҚ-ның ӨК ЖБҚ-дан айырмашылығы?
4. ЖБ ЖБҚ теңіз бетіне немен ұсталады?


110
6-ТАрАу
БҰрҒЫЛАу КЕМЕЛЕрІ
Жаға базаларынан бұрғылау жұмыс аудандарының алыстауы, соны-
мен қатар үлкен емес автономдылығы жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау 
қондырғыларының қолдану тиімділігін төмендетеді. Сондықтан алыстағы ау-
дандарда іздеу және барлау бұрғылау жұмыстары үшін 
бұрғылау кемелерін
(БК) 
қолданады (
6.1-сурет
). 
Бұрғылау кемесінің конструктивтік ерекшелігі – палубада жабдықталған 
төменгі жағында негізі бар бұрғылау мұнарасының, ал кеме ішінде және палуба-
да теңіз акваторияларында мұнай және газ ұңғыларын бұрғылауды қамтамасыз 
ететін, бұрғылау кешендері мен басқа технологиялық жабдықтар жүйелерінің 
орналасуы.
Бұрғылау кемелерін пайдаланудың негізгі режимі ұңғыны бұрғылау болып 
саналады. Сондықтан тұрықтың формасы мен басты өлшемдерінің қатынасының 
тұрақтылығы тұрар орындарының мүмкіндігінше аз ауысу талаптарынан туын-
дайды.
Бұрғылау кеменің басты өлшемдерін таңдау оның жүк көтергіштерімен си-
патталады. Олар кеменің автономдылығы мен ұңғыларды есептеген бұрғылау 
тереңдігімен анықталады. 
Тәжірибеде көбінесе, біртұлғалы және көптұлғалы өздігінен жүретін және 
өздігінен жүрмейтін кемелер қолданады.
6.1-сурет. Зәкірленген бұрғылау кемесі


111
Жүзбелi бұрғылау кемелерінiң (ЖБК) жаңа буыны, теңiзде әсiресе ауа 
райының күрделi аймақтарында бұрғылау жұмыстарын жүргізу технология-
сын жетiлдiруге елеулi әсерiн тигiзуде. Мұндай жүзбелi бұрғылау кемелерінiң 
сапалық сипаттамаларын таңдау келесi төмендегідей бөлiктерден тұрады: ереже-
лер мен пайдалану жағдайлары; қоршаған орта белгiлерi; кеменің шайқалыс си-
паттамалары, платформаға берiлетін жүктеме, қондырылған жабдық түрлерiнiң 
құрылымы, энергетикалық қондырғылар, қозғалтқыш жүйелерi және бұрғылау 
жабдықтары.
Теңiзде мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау технологиясының құрлықта 
бұрғыланатын ұңғылардан негiзiнен айырмашылығы жоқ. Бiрақ, теңiзде жүз-
белi бұрғылау кемелерінен ұңғыманы бұрғылаудың өзiндiк ерекшелiктерi бар.
Бұрғылау кезiнде ұңғының үстiне орналасқан және теңiз түбiне бекiтiлген 
бұрғылау кемесi су астындағы атқылауға қарсы саға жабдықтарын бiршама 
қозғап тұрады. Бұрғылау тiзбегiнiң тiк ауысуын жою үшiн, таль блогы мен iлмек 
арасына арнайы құрылғы тiк ауысуларды теңелту компенсаторы қойылады. 
Кеменiң көлденең қозғалыстары, су астындағы атқылауға қарсы қолданылатын 
жабдықтар мен қондырғы палубасының арасына орнатылған, судан бөлiктейтiн 
тiзбек арқылы жойылады.
Бұрғылау мұнарасы – бұрғылау кезiнде және ұңғыны бұрғылаумен аяқталып 
басқа жаңа нүктеге көшкенде де, шайқалыстан пайда болатын қосымша 
динамикалық күштердiң әсерiнен де болады.
Ұңғыны жуу айналым жүйесiде бұрғылау ертiндiсiн азайту және дайын-
дау жабық және тұйық жағдайда орындалады. Өйткенi ашық ауа райы жүйесiн 
қолдану кеме шайқалуының әсерiнен қиындыққа түседi. Технологиялық 
жабдықтарды монтаждап орналастыру үлгiсiнiң де құрлықтағыдан өзгешелiгi 
бар. Бұрғылау кемесiнде технологиялық жабдықтарды есеппен орналасты-
ру, ұңғыманы бұрғылаған кезде бұрғылау кемелерiн жобалағанда, оларға 
қойылатын технологиялық талаптарды қамтамасыз етуден туындайды. Бұрғылау 
жабдықтарының басқа түйiндерi құрлықтағымен ұқсас болып келеді.
Барлау ұңғымаларын бұрғылау тәжірибесінде теңізде бір корпусты және 
екі корпусты өздігінен жылжитын және өздігінен жылжымайтын кемелер 
қолданылады. 50 жылдардың ортасынан 70 жылдардың аяғына дейін бұрғылауда 
якорлық және қадау жүйелері бар кемелер қолданылып келді. Жүзгіш бұрғылау 
қондырғылар паркінде мұндай кемелердің үлестік салмағы 20-24% құрайды. 
Якорлық тұрақтандыру жүйесі бар бұрғылау кемелерінің қолданылу аумағы 
теңіздің 300 м тереңдігімен шектелген.
Теңіз кен орындарын игеруде жаңа перспективалар 1970 жылы ашыл-
ды. Динамикалық позициялану жүйесін пайдалану арқасында барланатын 
акваториялардың тереңдігі бойынша бірнеше рекордтар орнатылды. Осы 
уақыттан бастап, теңіздің терең қабаттарын бұрғылауға арналған кемелердің 
әлемдік паркінде жоғары өсім байқалды. Тұрақтанудың динамикалық жүйесі 
бар шетелдік кемелер: «Пеликан» (350 м теңіз тереңдігі), «Седко-445» (1070 


112
метрге дейін, «Дисковерер Севен Сиз» (2440 метрге дейін), «Пелерин» (100 мет-
рден -7044 м тереңдікке дейін), «Седко-471» (8235 метрге дейін).
Өздігінен жүзетін бұрғылау кемелері бір корпусты және екі корпусты (ката-
марандар) болып бөлінеді. Ресейлік өндірістік ұйымдарында бір корпусты кеме-
лер кең қолданыста. Бұл оларды құрастыруға кететін шығынның аздығымен си-
патталады. Себебі олар дайын балық аулау кемелерінің корпусынан жасалады.
«Диорит», «Диабоз», «Чароит», «Кимберлит» ЗМНПО «Союзморинж-
геология» өндірістік экспедициясында пайдаланатын бір копусты бұрғылау 
кемелерінің түрі. Олар тұрақтанудың якорлық жүйесімен, шпиндель типтегі 
бұрғылау станогымен және 15 тен 100 м тереңдікке дейін инженерлік-
геологиялық зерттеулер жүргізуге арналған технологиялық қондырғылармен 
қамтылған.
Бұл кемелерден бұрғылау тәжірибесі бірнеше конструкциялық кемшіліктерді 
көрсетті. Оның ең бастылары ұңғымадағы тұрақтану жүйесінің сенімсіздігі, 
бұрғылау ауданының кішілігі және отыратын орынның аздығы, шпиндельдік 
типтегі станокпен бұрғылау кезіндегі түпке қажетті осьтік жүкті бере алмау, 
ұңғымаларды комплекстік геотехникалық зерттеу жұмыстарын жүргізе алмау 
себептері. Бұл кемеден жүргізуге болатын ұңғыманы зерттеудің жалғыз түрі, 
бұл прессиометрия.
Бұрғылау кемелерімен бұрғылайтын қондырғыларды:
1) алқа;
2) сағаны жабу блогы;
3) түп – беткі байланыс деп 3 топқа бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет