Оқулық Алматы, 2014 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»


Теңіз ұңғымаларында гидропоршеньді әдісті пайдалану



Pdf көрінісі
бет166/274
Дата18.10.2023
өлшемі28,1 Mb.
#118280
түріОқулық
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   274
Байланысты:
kartabai munai gas ken

13.3.4.3 Теңіз ұңғымаларында гидропоршеньді әдісті пайдалану
Әзірбайжан кен орындарында гидропоршеньді қондырғыларды көп жыл 
бойы қолдану, мынаны: бұлар терең және көлбеу бағытталған ұңғыларда 
қолдануға болатынын көрсетті. 
Гидропоршеньді сораптардың жетістіктері сонымен қатар, жұмыс 
сұйығымен араласып, қабаттағы мұнайды көтеруді жеңілдететін, жоғары 
тұтқырлы шайырлы-парафинді мұнайды өндіргенде көрінеді. Тағы да бір негізгі 
жетістіктерінің бірі болып, айыр сорапты штангілер тізбегінің жоқ болуы болып 
табылады. Бұны қолданғанда көлбеу ұңғымаларда муфталардың тозуы салда-
рынан болатын жиі апаттар болады.
Қолдану кезінде гидропоршеньді сорапты қондырғысы тиімді және жеңіл, 
толық автоматтандырылуы мүмкін, бұл теңіз жағдайында өте ыңғайлы.
Қондырғы ұңғыма ішіндегі және сырттай жабдықтан тұрады (
13.22-сурет
).
Сырттай жабдық: электр жетегі бар күштік сораптан (4), күштік сұйықтан 
(1) – мұнайды тазартатын және жинайтын резервуардан, қабылдағыш (3) және 


364
арында (8) құбырдан, траптан (6), аралық қондырылған құбырлардан (2) және 
(7) тізбекті телпектен (9) тұрады.
13.22-сурет. Гидропоршеньді сорапты қондырғысы
Ұңғыма ішіндегі жабдық, гидравликалық D типті поршеньді қозғалтқыштан 
және екіжақты, төрт жүрісті жалпы штогы бар поршеньді сорапты қозғалтқышпен 
жалғасқан. ГПН-ның қажетті элементі болып, оның жұмысын басқаратын 
золотникті болып, қондырғы (3) табылады. Жұмыс істеу принципі төрт жүрісті 
крандікіне ұқсас. Золотниктің ішкі бөлігі 90 градусқа бұрылып, (2) жағдайда 
бола алады. Бұндай айналыстар автоматты түрде қозғалтқыш штокпен іске аса-
ды. 
D қозғалтқышындағы цилиндрдің төменгі жағы золотник көмегімен бір 
уақытта лақтырынды сызықпен (1) (сақиналы кеңістік) бірігеді. Қозғалтқыштың 
поршені (3) жұмыс сұйығының қысымы арқылы төмен қарай жылжиды. Пор-
шеньнен шыққан сұйық золотник арқылы лақтырынды құбырға өтеді. Төменгі 
жылжудың соңында төртжүрісті кран (золотник) автоматты түрде 90°-қа 
бұрылады, ал оның каналдары 
13.23 а-суретте
пунктирмен көрсетілгендей 
орналасады. Құбырдағы жұмыс сұйығы (2), золотниктің жаңа орналасуының 
арқасында, D қозғалтқышындағы цилиндрдің төменгі жағына өтуге мүмкіндік 
алады, ал өңделген сұйық цилиндрдің жоғарғы жағынан лақтырынды сызыққа 
(1) барып түседі. Төменгі жағына түсетін, жұмыс сұйығының қысымы әрекеті 


365
арқылы поршень жоғары қарай жылжиды. Қозғалтқыштың штогына жалғанған 
золотник жоғары жүрісінің соңында қайтадан 90°-қа, бірақ кері бағытта 
бұрылады. Ал оның каналдары қайтадан бастапқы қалпына түседі. Бұл жағдай 
жұмыс сұйығының қозғалтқыштың жоғары жағына түсуін және төмен түсуін 
және төмен жылжуын қамтамасыз етеді. Қозғалтқыштың поршеньнің ауысуы 
жылдамдығы және оның жүріс саны, әрине, жұмыс сұйығын айдау жылдам-
дығына байланысты болады. Айдау жылдамдығы аз болғанда қозғалтқыш 
поршенінің жүріс саны аз болады және керісінше. Алайда, жүріс саны шексіз 
көбейе алмайды. Каналдағы агрегат тобының, золотниктің және сұйықтың 
поршеньдік инерциясы жүріс санын шектейді, олар әдетте 100-ден аспайды. 
Қозғалтқыштың штогына ұңғымалық сораптың Н поршені (плунжер) (7) қатты 
жалғанған, ол да қайтып келу қозғалысын жасайды. Сораптың цилиндрінің екі 
жағынан да бір-бірден айдау (6) және сору (4) клапандары бар. Поршеньнің 
төмен жылжуы кезінде, сораптың төмен түсу тереңдігіне қысымның ықпалымен 
қабат сұйығы сораптың цилиндрінің жоғарғы жағына құйылады, ол айналып өту 
клапанынан (5) және жоғарғы сору клапандары (4) арқылы өтеді. Қабат сұйығы 
поршеньнің (7) төмен жүрісі кезінде цилиндрдің төменгі жағынан, төменгі ай-
дау клапаны (6) арқылы лақтырынды құбырға (1) (сақиналы кеңістік) қысылып 
шығарылады, ол сол жерде қолданылған жұмыс сұйығымен араласады. 
13.23 а-сурет. Гидропоршеньді сораптың ұңғымашілік жабдығы
Поршеньнің (7) жоғары жүрісі кезінде поршеньнің астында төменгі сору 
клапаны (4) арқылы қабат сұйығын сору жүзеге асырылады, ал поршеньнің 
үстіңгі жағында қабат сұйығын өткізу лақтырынды құбырға, (1) яғни сақиналы 
кеңістікке жоғарғы айдау клапаны арқылы (6) жүзеге асырылады. 
Конструктивті жағынан золотник қозғалтқыш штогының үстіндегі, фасон-
ды втулка түрінде жасалған, ол өзінің цилиндрінде апарып әкету каналдары-
мен жылжып отырады. Қозғалтқыш штогының жоғарғы және төменгі бөлігінде 


366
қысқа паздар-каналдар бар, ол арқылы жұмыс сұйығы золотник цилиндріне 
түседі және қозғалтқыш цилиндрін құбырмен (1) және (2) жалғастыру үшін фа-
сонды втулканы ығыстырады. 
Екіжақты әрекеттің арқасында сораптың берілісі, басқа да шарттарды 
ескергендегі (диаметр, жүріс, габарит) қарапайым бір әрекетті плунжерлі со-
раптан 2 есе көп болады. 
Бір әрекетті ГПП бар, басқаша айтқанда дифференциалды тип, оларда қабат 
сұйығын сораппен беруі тек жоғары жүрісі кезінде ғана жүзеге асырылады. 
(
13.25 б, в-сурет
). Жұмыс сұйығы канал (3) арқылы қозғалтқыш поршеньнің 
астыңғы кеңістігіне беріледі және әрі қарай поршеньдегі арнайы канал (2) 
арқылы басқарушы клапанды (5) жауып тұрып поршеньнің (6) үстіңгі жағына 
түседі. (
13.25 б-сурет

Поршеньнің (6) үстіңгі ауданы астыңғысынан шток ауданы көлемінде 
үлкен болғандықтан, үстінен әсер ететін күш астыңғысынан күштірек болады, 
сондықтан қозғалтқыштың поршені (6) төмен жылжиды. Онымен бірге сорапты 
цилиндрдегі плунжер (8) де төмен жылжиды. Плунжердегі айдау клапаны (1) 
ашылады. Қозғалтқыштың поршенінің төменгі шегі кезінде басқарушы клапан 
(5) жабылып, каналда (7) жабылады. (
13.25 в-сурет
)
Қозғалтқыштың үстіңгі жағы канал арқылы және шток денесіндегі ішкі 
тесік арқылы плунжерлі сораптың үстіңгі кеңістігі және айналу каналдары 
арқылы сорапты құбырлармен (4) жалғасады. Поршень жоғары жүріс жаса-
майынша, қозғалтқыш поршенінің астындағы қысымы көбейе береді. Жоғары 
дүріс кезінде сору клапаны (9) ашылып, сорап цилиндрі қабат сұйығымен тола 
бастайды. Жоғарғы шеткі кезінде механикалық әрекеттегі басқару клапаны 
қайтадан каналды (2) ашады және жабады. Төмен жүріс жүзеге асырылады.
Гидропоршеньді сорапты ұңғымаға саға басы арқылы түсіріп, жұмыс 
сұйығын сығып ерге орныққаннан кейін жұмыс қысымын күшті сораппен 
көтереді және гидропоршеньді сорап жұмыс істей бастайды, ол алынып жатқан 
сұйықты сақиналы кеңістік арқылы 103 және 63 мм құбырлар арасында береді.
Сорапты 1200 метрлі тереңдікке түсіру 40 мин ішінде жүзеге асады.
Гидропоршеньді сорапты ұңғыдан жұмыс сұйығының энергиясының 
арқасында көтереді. Бұл үшін жұмыс сұйығы күшті сораптан сақиналы 
кеңістікке саға басындағы үш жүрісті кранды қоса отырып жіберіледі. Бұған 
қоса сорап ерден (седло) итеріледі және жұмыс сұйығының көтерілу арыны-
мен 63 мм-лі құбырлар арқылы жоғары көтеріледі. 1200 м тереңдіктен көтерілу 
уақыты 1,5 сағатты құрайды. Гидропоршеньді сораптың ПӘК-і 0,65-0,7-ге дейін 
жетеді.
ПӘК жеткілікті болған жағдайда (0,6-ға дейін) гидропоршеньді со-
рап сұйықты өте терең (4000 м-ге дейін) тереңдіктерден алуды қамтамасыз 
етеді. Өнеркәсіптерде ГН және ГИН сораптарын қолданады (тозуға қарсы 
қолдануында). Біріншісі, ұңғымадағы жұмыс кезінде сұйықты құмсыз беру 
үшін арналған; екіншісі – құмы бар сұйықты сорып алу үшін арналған. ГН со-


367
раптары минутына 62 екілік жүріс кезінде жұмыс істейді; олардың максималды 
арыны 1000 м; сорапты цилиндрдің диаметрі 32 мм. ГИН сораптары минутына 
42 екілік жүрісі бар; сорапты цилиндрдің диаметрі 32 мм болғанда олар 26 м
3
/
тәу. береді. Ал арыны 1700 м-ді құрайды, цилиндр диаметрі 28 мм болғанда – 20 
м
3
/тәу-ке дейін жетеді; арыны 2000 м-ге жетеді. Барлық сораптарда поршень 
жүрісінің ұзындығы 560 мм; күшті цилиндрдің диаметрі 43 мм. 
Күшті агрегаттар ретінде НС – 1/150 үш плунжерлі көлденең сораптар 
қолданылады, олардың берілісі 60 дм
3
/с және минутына 400 екілік жүрісі кезінде 
максималды қысымы 15 Мпа дейін жетеді; сораптардың қуаты 25 кВт.
“Орджоникидзе” МГӨБ-дағы гидропоршеньді сораптардың қолдануы 
олардың сенімділігін байқатты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет