Оқулық Алматы 2021 Барлық оқу формаларындағы «Мәдениеттану»


 Жошы ұлысы мен Алтын Орда мәдениеті



Pdf көрінісі
бет34/69
Дата02.12.2023
өлшемі3,53 Mb.
#132232
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   69
Байланысты:
мадениеттану кытап

 
8.3. Жошы ұлысы мен Алтын Орда мәдениеті 
X-XII ғасырлар Қазақстан жеріндегі мәдени өрлеудің шынайы 
айғағы ретінде белгілі. Алайда XIII ғасырдың бас кезінде Қазақстан мен 
Орта Азия мәдениеті үлкен сыннан өтті. Шыңғысхан шапқыншылығының 
салдарынан тамаша материалдық және рухани қазыналар жойылып кетті. 
Моңғол әскерлері гүлденіп тұрған қалалар мен елді мекендерді жермен 
жексен етті, бау-бақша мен егіс алқаптарын жойды. Дүниежүзілік 
өркениеттегі жоғары деңгейге жеткен Жетісу, Талас, Сыр аңғарлары 
қаңырап бос қалды. IV Иннокентий папаның моңғол ханы Күйікке 
жіберген елшісі Плано Карпини, француз королі IX Людовиктің Мөңке 
ханға аттандырған елшісі Рубрук өз жазбаларында моңғолдарды мәдениет 
қиратушылары ретінде суреттейді.
Моңғол шапқыншылығы терең ғасырлардан нәр алған түрік 
халықтарының бай мәдениетін мүлдем жойып жібере алмады. 
Шыңғысхан балалары Жошы мен Шағатай ұлыстарында билік еткен 
моңғол әкімдері ұзаққа бармай-ақ жергілікті халықтың тілі мен 
мәдениетін қабылдап, оларға сіңісіп кетті. Кейінірек Қазақ жерінің 
көпшілік бөлігін біріктірген Алтын Орда мемлекеті көршілерінде 
«қыпшақ елі» атанды. Алтын Орда Еуроазиялық даланы түгел дерлік 
қамтып және мамлюктік Мысырмен тығыз мәдени байланыста болды. 
Дешті қыпшақ елі моңғол соққысынан соң, бұрынғы мәдени салт-
дәстүрлерді ары қарай жалғастырды. Жетісу жерінде XIV-XVI 
ғасырларда өмір сүрген феодалдық Моғолстан мемлекетін негізінен түрік 
тілдес тайпалар мекендеді. «Қазақтың көне тарихы» кітабында, 
Моғолстан мемлекетінің негізгі халқы ежелден бері осы өңірде жасаған 
дулат, қаңлы, үйсін, керей т.б. тайпалар еді дей келіп: «Орта ғасырдағы 
тарихшылардың деректеріне қарағанда, XIV ғасырда жоғарыда аталған 
ру-тайпалар «моғол» деп аталған. Бірақ бір кездегі «моғол» қалыптасқан 
халықтың аты емес, әскери-саяси одақтың аты болды». 
Осы дәуір мәдениетінің басты ерекшелігін Қазақстан жерінде 
Шығыс әсерлерінің күшеюі деп қарастыруға болады. Шығыс 
Ренессансының ықпалы қазақтың төл мәдениетінде мығым орын алған. 


161 
Фердауси, Омар Хайям, Низами, Әлішер Науаи шығармаларын білмеген, 
«Мың бір түн», «Тотынама», «Шаһнама» сияқты шығыс дастандарын 
оқымаған қазақ ғұламалары болмаған. Осы туралы Абай өз 
шығармашылығында тура айтады. А.М. Горький шығыс ертегілерін 
қызық та ғажайып, ол бізге гүлдей жайнаған шығыс фантазиясын 
танытады 
десе, 
шығыстанушы 
ғалым 
Е.Д. 
Бертельс 
шығыс 
хикаяттарының адамға терең ой салып, ғибрат беретінін айтқан. Қазақ 
хандығы құралар алдында қыпшақ-оғыз тілдерінде талай ұтымды мәдени
туындылар жазылған. Алтын Орда ақындары Насыраддин Рабғузи 
«Қисса-сұл әнбия», Саиф Сараи «Гүлстан», Хорезми « Махаббатнаме», 
Құтбы «Хұсрау уа шырын», Дүрбек «Жүсіп-Зылиха» дастандарын дала 
халқына түсінікті тілде өңдеп, жазып шықты. Бұл кезде (XIII-XV ғғ.) 
Карпат тауларынан Қытай, Моңғол жерлеріне дейінгі үлкен аймақты 
мекендеген қыпшақтар тілін еуропалықтар да білуге тырысқан. Олар 
қыпшақтарды кумандар деп атады. Осы өркениеттен қалған ұлы мұра – 
«Кодекс Куманикус». Ол XII ғасырдың аяғында құрастырылған, авторы 
белгісіз, қыпшақша-парсыша-латынша сөздік еді. Бұл үш тілдің ол кезде 
мәдени қатынастық маңызы зор болды. Латын тілі-Батыс Еуропаның дін, 
ғылым, мәдениетер құралы; парсыша білген адам Шығыста өзін еркін 
сезінеді; қыпшақ тілі үлкен әлеуметтік-мәдени ареалдың тілі болды. 
«Кодекс Куманикус» тек сөздік емес, сонымен бірге халықтық 
мәдениеттің жинағы, түрік тайпаларының энциклопедиясы қызметін 
атқарады.
Еуразия даласы мен оған шектесіп жатқан моңғол дәуірінен кейінгі 
аймақтар тарихында атауларының құрамына «Орда» сөзі кіретін 
көшпелілер бірлестіктері кеңінен таныс. Олардың кейбірі, мысалы, 
Алтын Орда тіпті «әлемдік» держава дәрежесін иеленуге де ұмтылды. 
(Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері 1 том. Р.Б.Сүлейменов 
атындағы шығыстану институты Алматы, «Дайк-Пресс» 2005 ж. 26 б).
Алтын Орда көп ұлтты мемлекет болды. Оның құрамына бір-
бірінен қоғамдық-экономикалық даму деңгейі жақынан айырмашылығы 
бар, өзіндік мәдениеті мен салт-дәстүрлері сақталған көптеген ұлттар мен 
халықтар кірді. Көшпелілер негізінен түркі халықтары-ең көбі 
қыпшақтар, сондай-ақ қаңлылар, наймандар және т.б. болды. 
Отырықшылардан 
бұлғарлар, 
мордвалар, 
орыстар, 
черкестер, 
хорезмдіктер, т.б. кірді. Мұнда моңғолдар азшылық болды. XIII ғ. аяғы 
мен XIV ғасырда моңғолдар толығымен түркіленіп, Алтын Орданың 
халқы «татарлар» деген атау алды. (Байпақов К.М. «Орта ғасырдағы 
Қазақстан тарихы»-Алматы, 1995.-53-б).
Алтын Ордадағы үстем ұлт монғолдар емес, біздің бабаларымыз-
қыпшақ, қаңлы, қоңырат, найман т.б. болды. Жошы ұлысын аралаған араб 
жиһанкезі Әл Омари: «Азғана монғол қыпшақтарға мүлде сіңісіп, 
олардың бәрі қыпшақпен бір туысқандай, бір рудан шыққандай болып 
кетті»,-деп жазды, сондықтан Алтын Орданың мемлекеттік, әкімшілік, 


162 
әлеуметтік құрылыс институттары, қала тұрғызу мәдениеті, өнері, 
әдебиетінде түркі мәдениетінің ықпалы байқалады. 
Алтын Орданың қоғамдық құрылысын атап кетсек, толығымен 
Шыңғыс хан енгізген мемлекет үлгісін қайталады. Мемлекет Жошы хан 
әулетінің меншігі болып саналды. Ұлысты билеуге үкімет басындағы 
әулет мүшелерінің барлығы құқылы болды. Ал өзге моңғол ақ 
сүйектеріне үлесті жер ханға еткен еңбегіне қарай бөлініп берілді. 
Біртіндеп ақ сүйектер құқысы арта түсіп, олар қарамағындағы жерді 
ұрпағына мұра етіп қалдыра алатын дәрежеге жетті. Алтын Ордада 
көшпелілердің ру-тайпалық ұйымдары да сақталды. (Федоров-Давыдов Г. 
А., Кочевники Восточной Европы под властью золотоординских ханов.-
М., 1966.-с. 3). Алтын Орданың гүлденуі мен құлдырауына келетін 
болсақ, алғашында Алтын Орда Моңғолиядағы ұлы ханға тәуелді болды. 
Алайда 1260 ж. Моңғол империясы бірнеше тәуелсіз ұлыстарға ыдырап 
кетті. Алтын Орда Батыйдың інісі Берке ханның (1256-1266 ж.) тұсында-
ақ тәуелсіздікке қол жеткізген. Одан кейінгі Меңке хан (1266-1280 ж.) өз 
атынан теңге шығара бастады. 
Алтын Орда Анадолымен, Сириямен, Египетпен, басқа да шығыс 
елдерімен сауда қатынасын орнатып, елшіліктер алмасып отырғандықтан 
Ұлы Жібек жолының маңызды бір тармағына айналды. XIII-ғасырдың 
бірінші жартысы мен XIV-ғасырдың бірінші жартысында орнаған мұндай 
тығыз байланыстар жөнінде К. Босворти «Орда мәдениеті белгілі бір 
мұсылмандық-жерорта теңіздік сипатқа ие болды» деп жазады. (Закиров 
С., Дипломатическое отношения Золотой Орды с Египтом,-М., 1966.-с. 17 
б). 
Ұлы билеуші Шыңғыс хан ұрпақтарының арқасында негізі қаланған 
Алтын Орда өз заманында Орта Азиядағы атақты және өз заманындағы 
аты әлемге мәлім қалаларымен танымал болды. Осындай полиэтникалық 
мемлекет біршама уақыттардан соң қыпшақ мәдениетіне бас иді. XIII-
XIV ғасырларда Қазақ территориясында материалдық және рухани 
мәдениет дамыған және негізі қалыптасқан кезеңдер болды. Сонымен 
қатар қазіргі таңдағы барша түркі халықтары осынау мәдениеттің 
мұрагерлері болып танылады. (Мыңжани Н. Қазақтың көне тарихы.-
А.,1993. 400 б).
Алтын Орда мемлекеті Қазақстанның еуроазиялық мәдениеті, 
мұсылмандық Шығыс өркениеті мен моңғолдар бағындырған елдердің 
отырықшы-егіншілік 
мәдениеттің 
өзара 
ықпалы 
тұрғысындағы 
интеграцияландыру 
үрдістердің 
дамуына 
мүмкіндік 
туғызды. 
(Сафаргалиев М. Г. Распад Золотой Орды-Саранск, 1960г.-с.7) 
Шыңғысханның ұрпағы Жошы ұлысынан көптеген әдеби-мәдени, 
сәулет өнеріне қатысты және ғылыми ескерткіштер мұра ретінде 
қалдырылған. Алайда, аталмыш көне жәдігерлер мен теңдессіз тарихи 
ескерткіштер Алтын Орданың астанасы Сарай-Бату, Сарай-Берке және 
Сарайшық қалаларының қиратылу мен өртелу нәтижесінде жойылып 


163 
кеткен болатын. Бірақ болған жағдайлардың өзіндеде сақталып қалған 
тарихи деректердің өзінен-ақ Алтын Орда мәдениетінің, әдебиетінің және 
өнерінің жоғарғы деңгейде болғанын аңғаруға болады. Жошы құрған 
ұлыстың Қазақ хандығына саяси-географиялық, этникалық-мәдени 
тұрғыда негіз қалыптастырғанын, ең маңыздысы қазақ мемлекеттілігінің 
қайнар бұлағы екендігі белгілі. Ұлытау өңіріндегі Жошы хан мен Алаша 
хан кесенелері-Ұлық ұлысты айғақтайтын үлкен тарихи мұралар. 
Сондықтан бүгінгі қазақ жеріндегі Жошы кесенесі Ақ Орданың тарихы 
ғана емес, жалпы Моңғол империясы тарихынан сыр шертеді. Кесененің 
Қазақстан жерінде орналасуы Ұлық ұлыстың осы аумақта болғанын және 
Ақ Орданың қазақ мемлекеттілігінде ойып тұрып орын алатынын тағы да 
дәлелдей түседі.
Алтын Орданың тарихы соның ішінде Жошы ұлысының мәдениеті 
көбінесе кең көлемді әскери жорықтар мен моңғол армиясының әсерлі 
жеңістерінің көлеңкесінде қалып отырды. Сонымен қатар, билеуші Жошы 
әулеті әр түрлі халықтардың басым жағдайында тиімді және тұрақты 
этносаяси ұйым құра алғаны белгілі. 
Жошы ұлысының маңызды аумақтары мұсылман мәдениетіне 
қарасты болды. Оның қалыптасуының алғашқы кезеңдерінде Жошы 
ұлысының ресми құжат жүргізуші қызметкерлері араб графикасын 
қолданған. Ресми құжаттарды дайындауда ең көп кездесетін қолжазбалар-
дивандар болды. Жошы ұлысының құжаттарында куфикалық жазу 
қолданған. Жошы ұлысының жазбаларын зерттеуші М.А.Усманов осы 
хаттың жаңа нұсқасын, Алтын Орда-түркі-куфикалық жазбасы деп 
атаған. Моңғол мемлекетінің ірі және көп ұлтты мемлекет ретінде 
құрылуы оның іс қағаздарын жүргізудегі көп тілділікті анықтады. Бұл 
факторлар сайып келгенде моңғол тілінің ресми іс қағаздарынан тез 
арылуына ықпал етті. 
Алтын Орда мемлекеті өмір сүрген уақытта Еділдің бойы мен 
Донның сағасы, Днепр мен Днестр арасы, Каспий мен Қара теңіз, Азау 
теңізі жағасы, Қазылық (Кавказ) тау бөктерлері орасан өзгерістерге 
ұшырады. Құс қанаты талатын байтақ өңірде маржандай тізіліп, батыс 
пен шығыстың келбетін бірдей бойына сіңірген қалалар салынды.
Алтын Орда дәуірі өз кезінде Алтын Орда мемлекетінің құрамына 
енген түркі тілдес тайпалар мен халықтардың, соның ішінде қазақ 
елініңде әдебиеті мен мәдениетінің дамуының негізі болғанын байқауға 
болады. Бұл теңдессіз әдеби-тарихи мұралар Алтын Орда ыдыраған кезде 
одан бөлініп шыққан елдердің мәдениет қорына қосылған болатын.
Алтын Орданың гүлденген кезеңінде жергілікті халықтардың жан-жақты 
дамулары байқалды. Ол тек саяси үстемдік емес, сонымен бірге жоғарыда 
айтып өткендей мәдениетті, әдебиетімізді, фольклорды, музыка мен өнер 
саласында қамтыды. (Жақып Б.Ө. Қазақ энциклопедиясы.-А., 2011. 880 
б).


164 
Алтын Орда тұсындағы түркі әдебиеті ортағасырлық Шығыс 
әдебиеті үрдісінде дамыды. Бұл кезеңдегі әдеби ескерткіштерден ең 
белгілілері 
Әл-Бинайдың 
«Шайбанинама», 
М.Хорезмидің 
«Махаббатнамасы», Бұрһанетдин Рабғұзидің «Қисса-су-л әнбия», Ұсман 
Кухастанидің «Тарихи Әбілхайыр-хатниы».
Алтын Орда мемлекетінде өз тарихнамасы, әсіресе ауызша 
тарихнама жете дамыған. Көшпелілер арасында ауыз әдебиеті, жыр 
дәстүрі қалыптасқан. Осы кезден мұра болып келе жатқан қазіргі татар, 
ноғай, қазақ халық тарихында «Едіге батыр», «Қобыланды», «Қамбар», 
«Ер Көкше» сияқты батырлар жыры кеңінен тараған. Алтын Орда, 
Ноғайлы заманындағы көшпелілер мәдениеті әлі де болса аз зерттеліп, 
өзінің әділ бағасын ала алмай отыр. Дамудың осыншама биік сатысына 
көтерілген Алтын Орда шаһарлары XIV ғасырдың аяғында Орта Азиялық 
әмірші Ақсақ Темірдің кесапатты соғыстары кезінде жойылып кетті. 
Әсіресе, Темірдің 1395-1396 жылдарға екінші жорығынан кейін 
өртелмеген, талқандалмаған Сарайшық қана қалған. (Есенберлин І. 
Алтын Орда, І кітап.-А.,1996).
Алтын Орданың негізгі орталықтарында қағазды өңдеудің кең 
таралған және танымал әдістерін білген. Қағазбен жұмыс жасауда 
мөлшері қатаң шектелмеген және көп бөлігі мәтіннің көлеміне және 
қолжазбасына, каллиграфияға байланысты болды. Көбінесе қағаз өлшемі 
құжаттың адресатының дәрежесі мен мәртебесіне байланысты болды. 
Қағаздармен жұмыс жасау түрлі түсті сияларды қолданумен 
ерекшеленген, бұл хаттың ерекше әсерлі болуы үшін пайдаланылған. 
Олардың негізгілері қара сия болды. Мұхаммед Хиндушах Нах-чивани 
өзінің трактатында хатшыға қажетті барлық заттарды тізімдейді. Бүгінде 
Царевский кентінде, Болгарияда, Жошы ұлысының басқа қалаларында 
оннан астам сия құтылары табылған, Жошы кеңсесінде көбінесе 
қауырсындар немесе «кальям» яғни қалам жазу құралы ретінде 
пайдаланылған. Ұлыстың жазбаша мәдениетін сипаттайтын ең маңызды 
олжа – бұл Волгоград облысының Бахтияровка ауылынан табылған 
көшірме жасаушының аксессуарлары. Осы жазу құралдарының футляры 
яғни қабы іс қағаздарын жүргізудің ерекше жағдайларын нақты көрсетеді. 
ХІІІ-ХІV ғасырда дербес елге айналған Алтын Орда көрші 
мемлекеттермен жақын қарым-қатынас орнатып, сауда-саттық күшейді. 
Хандық Үндістан, Қытай, Мысыр, Кіші Азия және Еуропаның батысымен 
алыс-берісте болды. Алтын Орданың орталығы болған Сарай Азиядан 
Еуропаға кіретін керуен жолында тұрған ең ірі сауда орталығына айналып 
шыға келді. Отырықшы халық өзінің ертеден келе жатқан егіншілігімен 
шұғылданып, кейбір көшпенді өмір салтына үйренген халықтар да осы 
мәдениетке ауысты. Көшпенді рулардан шыққан ханзада, әскери 
феодалдар сарайда тұрақтап қалып, ендігі қалаларды қиратып, адамдарға 
күш қолданушы емес, олардың қорғаушыларына, қала мәдениетін 
күшейтуші тұлғаларға айналды. Кезінде қиратылып, жойылуға жақын 


165 
қалған көптеген кенттер еңсесін тіктеп, қайта тіріле бастады. Қалалық 
мәдениет жанданып, далалық жерлерді мекен еткен көшпенділер болса, 
отырықшы халықпен, қала-кенттермен байланысып, қарым-қатынас 
орнатты. Соның арқасында, сауда, қолөнер, ғылым, әдебиет, көркемөнер 
салалары жанданып, дами бастады. Әсіресе, Алтын Ордаға қарайтын 
Сарай-Бату, Сарай-Берке, Үргеніш, Хорезм, Сығанақ секілді қалалар осы 
уақытта аты көпке мәшһүр болған мәдениеттің ордасына айналды. 
Олардың дамуы әл-Фараби, ибн Сина, Яссауи, Бақырғанидың еңбектері 
жарияланып, білім мен ғылым кең етек жайып, адамдардың оқуға деген 
ықыласы аууымен де тікелей байланысты. Алтын Орданың халқының 
көбі қыпшақ пен оғыздар болғандықтан, олардың тілі, әдебиеті барлық 
түркі халықтарына түсінікті шағатай тілінде жазылған еді. Ол тіл өз 
кезегінде осы дәуірдегі көптеген халыққа ұғынықты болатын. Сол 
дәуірлерде жазба әдебиетіндегі шоқтығы биік туындылар өмірге келді. 
Мәселен, «Қиса Жүсіпті» жазылды. Ол-ХІІІ ғасырдың бас кезінде дүниеге 
келген барлық түркі халықтарына ортақ ескі мұра. Бұл дастанның татар, 
қырғыз, башқұрттарда да өз нұсқалары бар. 1303 жылы «Қыпшақ тілінің 
сөздігі» жазылды. 82 парақтан тұратын қолжазбаға діни мәтіндер мен 
сөздіктер енгізілген. 1311 жылы Рабғузи «Қиссасу-л-Әнби» атты әдеби 
еңбегін өмірге әкелді. 1341-1342 жылдары қыпшақ тайпасынан шыққан 
Құтб «Хұсрау Шырын» дастанын жазып шыққан. Мұнда Хұсрау мен 
Шырынның бір-біріне дегнен ыстық махаббаты айтылады. Ақын-
жазушылардың көбі осы шығармаға көзі түсіп, оны әр ғасыр сайын 
әртүрлі жырлап, сюжеттерін өзгертіп отырған. Оның әрбір нұсқасы халық 
даналықтарымен толығып, заманына сай жырланған. Десе де, 
зерттеушілер оны Алтын Орданың әдеби ескерткішінің бірі деп санайды.
Мысалы, 1357 жылы Махмұт Әлиұлы Кердері Алтын Орданың астанасы 
Сарай қаласында өзінің прозалық көркем әдеби шығармасы «Наһжи ұл 
фарадис» кітабын жазды. Деректерді сөйлетер болсақ, әдебиетте 
Хорезмидің «Мұхаббатнамесі», Құтба ақынның «Хұсрау мен Шырын» 
поэмасы, Сайф Сарайидің «Гүлстан бит түркиі» («Түркіше Гүлстан»), 
Рабғузидің «Қисса сул әнбиясы» («Пайғамбарлар туралы қысқа 
әңгімелер»), көне қыпшақ тілінде «Кодекс Куманикус» («Құман тілінің 
сөздігі») сынды шығармалар Алтын Орда дәуірінде дүниеге келген. 
Әдеби жәдігерлердің бірінің мән-мазмұн тереңіне көз жіберсек, «Хұсрау 
мен Шырын» поэмасында шынайы махаббаттан бөлек, арамдық пен 
зұлымдықты, қастандық пен сатқындықты, өсек пен өтірікті әділдік пен 
адалдық жеңіп шығатыны жазылған. Демек, адамгершілікті дәріптеу мен 
адалдыққа сүйіспеншілікті жырлау арқылы адамды ізгілікке жетелеген. 
Тағы бір деректе, «Орақ-Мамай» жырындағы Орақ пен Мамай осы 
хандықтың белгілі қолбасшылары болған делінеді. Мамай 1361 жылы 
Алтын Ордада билік жүргізген, ХІV ғасырдың 80-жылдары Куликов 
даласында орыс князьдарына қарсы болған ірі шайқаста әскерді 
басқарған. «Едіге батырдағы» Едіге 1352-1419 жылдар аралығында ғұмыр 


166 
кешкен Ақ Орданың әміршісі болған. Алтын Орданы билеген Тоқтамысқа 
қарсы шайқасқан екен. Ал өзімізге белгілі Асан қайғы Алтын Орданың 
соңғы ханы Орманбеттің қасында болған билердің бірі, негізгі 
орталықтардағы биліктің басында жүргендерге кеңесші болған атақты 
Асан жыраудың Алтын Орда тарих бетінен жойылған кезде қазақ ханы 
Жәнібектің қасында болып, ақыл беріп отырғаны бізге белгілі. Ілгерідегі 
шығармалардан Алтын Орда көптеген халықтардың әдебиеті мен 
мәдениетінің жандануына түрткі болғанын, серпіліс бергенін, одан әрі 
гүлденуінің алғышартына айналғанын аңғарамыз. Олар ұлы хандық 
ыдыраған соң, бөлшектеліп кеткен көптеген ұлттардың мәдени қорына 
қосылып кетті. 
Орда жеріндегі бұзылған, ескі қалаларды қалпына келтіру ісі XIII 
ғасырдың басынан жүргізілсе, жаңа кенттер тұрғызу Сайын хан — 
Батудың тұсында басталды. Батудан кейін орда тізгінін қолына алған 
Берке хан да қала құрылысына ерекше мән беріп, көптеген шаһарлар 
салдырды. Дегенмен, шаһар мәдениетінің шын мәнінде өркендеуі Өзбек 
пен Әз-Жәнібек хандар билік құрған, XIV ғасырдың 20-60-жылдарына 
тұспа-тұс келеді. Бұл кездерде Алтын Орданың Сарай, Сарай әл-Жәдид, 
Гүлстан, Болгар, Білар, Азақ, Қырым, Қафа, Қажы-Тархан, Орда-Базар, 
Бек-Базар, Үкек, Сарайшық, Түмен, Ақкермен, Шаһар әл-Жәдид, Мажар, 
Мамай-Сарай, Бел-Жәмен, Қопа, Хорезм, т.с.с. сынды қалаларының 
даңқы шартарапқа жайылып, ірі әкімшілік, мәдениет орталықтарына 
айналған еді. Бүгінде белгілі болған құжаттарға қарағанда, Алтын 
Ордадағы қала салу мәдениеті өз заманы үшін ең жоғарғы деңгейде 
болғанына көз жеткіземіз. Алтын Орда шаһарларынан Азияны, Еуропаны 
жайлаған көптеген ұлттар мен ұлыстар мәдениетінің іздері, жетістіктері 
байқалады. Бұл кенттерді тұрғызуда Шығыс сәулет өнерінің ең үздік 
дәстүрлері уақыт сынынан өткен құрылыс материалдары, оларды жасау 
технологиясы, қала жобалаудағы жаңашыл бағыттар пайдаланылған еді. 
Орыстың белгілі тарихшы-археологтары Г.Федоров-Давыдов, В.Егоров 
Алтын Орда қалаларының әлемдік мәдениеттегі орнын жан-жақты 
дәлелдеп көрсетеді. Ұлық-ұлыс кенттерінің сәулеті, салтанаты жайлы 
ортағасырлық жиһанкездер Плано Карпини, Әл-Омари, Ибн-Батута, Ибн-
Арабшахтар көптеген деректер қалдырған, Мысалы, Ибн-Батута Сарай 
әл-Жәдидті «Көшелері кең, сарайлары биік, адамы көп, базары мол, бай, 
көркем қала» деп суреттесе, «Сарай шаһарының бір шетінен екінші 
шетіне салт атпен жүріп отырып жету үшін бір күн керек» деп жазады. 
Алтын Орда қалалары тіршілік етуге өте қолайлы болды. Оның су 
құбырлары, жуынды, лас суды ағызу жүйесі, ылғалдың деңгейін сақтап 
отыратын күрделі су техникалық қондырғылары әлі күнге дейін 
зерттеушілерді таң қалдырады. 
Оның үстіне бұл қалаларды басып халықаралық керуен жолдары 
өтетіндігі себепті, олар әлемге әйгілі сауда орталықтары дәрежесіне 
жеткен еді. Сонымен қатар, Алтын Орда шаһарлары орта ғасырлардағы 


167 
ірі өндіріс, қолөнер орталықтары да болып табылады. Орданың 38 
кентінде алтын, күміс теңгелер соғылған. Әр қалада дерлік қару-жарақ 
жасайтын ұсталардың, зергерлердің, тас қалаушылардың, мата 
тоқушылардың, тігіншілердің, құмырашы шеберлердің, т.б, махаллалары 
болған. Және де қаланы қоныстанған отырықшы қауым мен даланы 
жайлаған көшпелі жұрт бірінің қажетін бірі өтеп отырған. 
Алтын Орда кезеңіндегі қала мәдениетінің ерекше өркендеуінің 
себебін бір орталыққа бағынған күшті мемлекеттің болуынан. Расында да, 
орталықтандырылған қуатты мемлекет болмаса, ұшан өңірде бірыңғай 
ақша айналымы, сан салалы сыртқы, ішкі сауданың өндірістің дамуы 
жүзеге аспас еді. Алтын Орданың әкімшілік құрылысы ұлыстық жүйеге 
негізделген. Ұлыстарды ұлыс бектері басқаратын, ұлыс бектері өз 
кезегінде бектер бегіне бағынатын. Бәрінің үстінен Шыңғыс хан әулеті 
билік жүргізетін еді. Ал мемлекеттің күнделікті мәселелері уәзір 
құзырындағы диуанда шешілетін. Әрине, Алтын Орданың мемлекеттік 
құрылысы, әкімшілік жүйесі, мәдениеті көптеген мұрагер мемлекеттерге 
ықпалын тигізді. Дамудың осыншама биік сатысына көтерілген Алтын 
Орда шаһарлары XIV ғасырдың аяғында Орта Азиялық Әмір Темірдің 
соғыстары кезінде жойылып кетті. Әсіресе, Темірдің 1395-1396 жылдарға 
екінші жорығынан кейін өртелмеген, талқандалмаған екі-ақ қала Сарай 
мен Сарайшық қана қалыпты.
Әйткенмен, Алтын Орда тұсында түркінің ежелгі қаһармандық 
эпосы жаңаша тыныс түзеп, өріс тапқаны және өзінен кейін тарих 
сахнасына келген берісі қазақ, ноғай, т.б, елдердің қаһармандық 
дастандарына нәр бергендігі-даусыз ақиқат. Осы кезден мұра болып келе 
жатқан қазіргі татар, ноғай, қазақ халық тарихында «Едіге батыр», 
«Қобыланды», «Қамбар», «Ер Көкше» сияқты батырлар жыры кеңінен 
тараған. Алтын Орда дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің қай-қайсысы да 
қыпшақ-оғыз немесе оғыз-қыпшақ аралас тілінде жазылған. Қазақ тілі 
қыпшақ тілдерінің бір тармағы болып есептелетінін ескерсек, Алтын 
Орда дәуіріндегі әдебиетті де қазақ әдебиетіне ортақ мұра деп қарастыру 
әбден орынды. Яғни, сол әдеби жәдігерлер негізінде кейінгі қазақ 
әдебиетінің өрісі кеңіп, бұғанасы беки түсті. Олай дейтініміз, тарих 
толқынында жәдігер болған құндылық келер ұрпақтың бойына сіңіп, 
ойына ой қосып, жол-бағдар болатыны уақыт тезінен алынған негіз. 
Алтын Орда дәуірінде жалпы түркілік әдеби тілдің бір нұсқасы есебінде 
өз әдеби тілі, оның көркем әдебиет стилі және іс-қағаз стилі қалыптаса 
бастаған еді. Кейіннен бұлар, барлық қыпшақ, оғыз тілдері сияқты, қазақ 
әдеби тілінің дамуы барысында алғашқы бастаулардың бірі ретінде 
қызмет етті. Түркі мен моңғолдың ортақ иелігіндегі мемлекеттің Дешті 
Қыпшақ даласында саяси-тарихи өзгеріске, әдеби-мәдени ілгерілеуге, 
ғылым-білім дамуына ықпалы болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет