Оқулық Алматы 2021 Барлық оқу формаларындағы «Мәдениеттану»



Pdf көрінісі
бет35/69
Дата02.12.2023
өлшемі3,53 Mb.
#132232
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   69
 


168 
Пысықтау сұрақтары: 
1. Гректердiң «Жетi даналарының» бiрi болып саналатын түркi 
бабамыздың есiмi кiм болды? 
2. «Ақиқат сыйын» жазған ойшылды атаңыз? 
3. Сопылық философиядағы «фана» деген ұғымның мағынасы неде ? 
4. Сопылықтың қай сатысында адам Алла-тағаламен қауышады? 
5. Қазақ болмысындағы шамандықтың қалдықтарын терең зерттеген 
ойшыл кiм болды? 
6. «Ақыл, әдiлет, дәулет, қанағат құндылықтары елдi бақытқа әкеледi»
деген ойшыл кiм? 
7. Алтын Орда кезеңіндегі қала мәдениетінің ерекше болуы себебі неде? 
 
 9. ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ 
Мақсаты:
Хандық дәуірдегі дәстүрлі қазақ мәдениетінің 
ерекшеліктері мен қазақ мәдениетін қалыптастырушы «шежіре», дәстүрлі 
қазақ дүниетанымының құндылықтық түсініктерін анықтау.
9.1. Хандық дәуірдегі дәстүрлі қазақ мәдениеті 
Қазақстан ғалымдары қазақ ұлтының XI-XVI ғасырларда Еуразия 
материгінің қалыпты белдеуіндегі даланың жартылай шөлді және шөлді 
аймақтардың кең аумағында, пайда болғанын айтады. Көшпелі мал 
шаруашылығының көшпелі экономикасы күрт континенталды климат 
жағдайында, жауын-шашынның және басқа су көздерінің әлсіз 
қамтамасыз етілуі экономикалық қатынастардың жалғыз ықтимал нысаны 
болды. Су адамдардың өмірінің негізгі көзі, адамзат қоғамының 
бейімделуінің ең ұтымды нысаны болып табылады, ол өз кезегінде өмір 
сүру мен өмір салтынан туындаған экономиканың қажеттіліктеріне 
байланысты психикаға ұзақ мерзімді әсер етуден туындайтын этникалық 
психологияның негізгі ерекшеліктерін қалыптастыруға ықпал етеді, 
рәсім, дәстүр және құндылық бағдарларының дамуына әсер етті. Қазақ 
ұлтының этникалық ерекшеліктері жалпыға бірдей лингвистикалық және 
мәдени қоғамдастықтың қатысуымен, атап айтқанда дәстүрлі және 
күнделікті мәдениеттің әртүрлі элементтерінде байқалады. Қазақ этносы 
үшін материалдық және рухани мәдениеттің, күнделікті өмірдің, салт-
дәстүрлердің, өндірістің элементтерінің негізгі элементтерінің ортақтығы 
бар.
Профессор Б.М. Сатершинов атап өткендей, қазақ халқының 
мемлекеттілігінің құрылуы еуразиялық көшпенділіктің дағдарысқа 
ұшыраған кезеңімен тұспа-тұс келді. Бұл кезең құдіретті Алтын Орданың 
ыдырап, оның бұрынғы иелігінде жекелеген дербес ордалар мен 
хандықтардың түзіліп, тегі бір түркі халықтарының тарихи қалауларына 
сәйкес өз алдына отау құрып, этностық құрылымдарға біріге бастаған 
дәуірі болатын. «Тарих-и Рашиди» мен өзге жазба деректерге сүйене 
отырып, еліміздің тарихындағы ең маңызды кезең және Қазақстан тарихы 


169 
мен отандық әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардағы ең өзекті 
мәселелердің бірі-төл мемлекеттілігіміздің қайнар көзі саналатын Қазақ 
хандығының құрылуының мәдени-тарихи алғышарттарын сипаттауға 
болады. Жәнібек пен Керей бастаған жұрттың қоныс аударуы және 
Керейдің хан сайлануы сияқты тарихи айғақтармен сипатталатын Қазақ 
хандығының пайда болу датасы қазақстандық медиевистикада осы 
уақытқа дейін әртүрлі пікірлер тудырып келеді.
Қазақ хандығы құрылуының бірқатар объективті алғышарттары 
болды. Оның терең рухани-мәдени алғышарттарын қарастырмас бұрын, 
бұл мәселеге қатысты XV ғасырдың ортасына қарай Шығыс Дешті 
Қыпшақта (көшпелі Әбілқайыр мемлекетінде), Жетісуда (Моғолстан 
мемлекеті) және Мәуреннахрда (Темір әулетінің мемлекеті) қалыптасқан 
саяси-этностық жағдайға, ондағы династиялық (әулеттік) талас-тартыстар 
мен руаралық жанжалдарға терең тарихи талдау қажет. 
Алғашқы қазақ хандарының Әбілқайыр ханнан бөлініп ауа 
көшуінің кейбір итермелеуші мотивтері жазба деректерде келтіріледі. 
Мысалы, Мұхамед Хайдар Дулати: «Ол кезде Дешті Қыпшақта 
Әбілқайыр хан билік жүргізетін. Ол Жошы тұқымдарынан шыққан 
сұлтандарға тыныштық көрсетпеді. Жәнібек хан мен Керей хан одан 
қашып Моғолстанға бет алды» (Тұрсын Ғабитов, Бақытжан Сатершинов. 
Қазақтану: Тарих философиясы.-Алматы: Лантар Трейд, 2021.-127-154 
бб.). Әбілғазы бахадүр де осыны қостайды. Махмұд бен Уәли былай деп 
жазады: «Тұқай-темірдің кейбір ұрпақтары, мысалы, Керей хан мен 
Жәнібек хан бағынудан бас тартты. Олар ата-бабаларынан қалған елден 
безіп, Моғолстанға жолға шықты» (сонда, 155-168 бб.). Бұл сөздерден 
қазақ хандарының тікелей Дешті Қыпшақ хандарының ұрпақтары ретінде 
көрініп, көшу себебі Шығыс Дешті Қыпшақтағы билік үшін болған 
әулеттік күрестен туындағаны көрініп тұр.
Бұл күрес Шейбан (Жошының бесінші баласы) мен Тұқай-Темір 
(Жошының он үшінші баласы) ұрпақтары арасындағы бақталастық 
ретінде Алтын Орда ханы Бердібек тұсында Батудың тармағы үзілген 
кезеңнен басталады. Шейбан және оның ұрпақтары Батудың тұсында, 
кейінірек Өзбек ханның кезінде барлық Жошы тұқымдары қудаланған 
тұста ерекше артық жағдайға ие болды. Сондықтан да, Өтеміс-қажының 
айтуынша, өзбек-шейбанидтер осы артықшылықтарын есіне алып, 
мақтанатындығы белгілі (сонда). XIVғасырдың екінші жартысында 
Алтын Орданың дағдарысы кезінде бұл әулеттің бірнеше өкілдері Саин 
тағына таласты. Ал Тұқай-Темір ұрпақтары 1359 жылы Бердібек хан 
қайтыс болғаннан соң Жошы ұлысының шығыс қанатында Орда-Ежен 
әулетін ығыстырып, билікті қолдарына алды. Бұл дербес мемлекеттің (Ақ 
Орданың) соңғы билеушісі Барақ Саин (яғни Алтын Орданың) тағына да 
отырды. Демек алғашқы қазақ хандарының арғы тегі Шығыс Дешті 
Қыпшақтағы билікке бұдан бір ғасыр бұрын араласа бастаған, сондықтан 
олардың шейбанидтермен күресі заңды көрінеді. Барақ хан дүниеден 


170 
өткеннен кейін осы территорияда өз мемлекетін құрған шейбан әулетінен 
шыққан Әбілқайырдың тұсында (1428-1468 жж.) Орыс хан ұрпақтарының 
1457 жылға дейін ұстанған позициясы туралы мәлімет жоқ. Жалпы осы 
дәуірге байланысты жазба деректер өте аз. Прошейбанидтік бағыттағы 
Масғұд бен Кухистанидің «Тарих-и Абу-л Хайр-хани» еңбегінде 
Әбілқайыр ханға қарсы топтың ішінде бұлардың аты аталмайды.
Бұл кезеңге байланысты ақтаңдақтың орнын халық арасына тараған 
тарихи аңыз-әңгімелермен толықтыруға болады. Тарих ғылымында 
кеңінен қолданылмағанымен «даланың ауызша тарихнамасы» деген атпен 
белгіленетін бұл деректемелер тобына Ш. Уәлихановтың, В.П. Юдиннің, 
А. Сейдімбектің берген бағалары көпшілікке мәлім. Қазақтың «Ақжол 
бидің өлімі», «Қодан тайшының жоқтауы», «Ноғай мен қазақ 
айрылысуы» сияқты ортағасырлық тарихи айғақтарды дәлелдейтін 
аңыздар, сонымен қатар ноғайлы дәуірі мен онан кейінгі кезеңге қатысты 
тарихи тұлғалар (әз-Жәнібек, Асан қайғы, Алаша хан және т.б.) туралы 
әңгімелер тенденциялық сипатта жазылған жазба деректермен 
салыстырғанда шындыққа жақындығымен ерекшеленеді. Аңыз бойынша 
руаралық жанжал қара қыпшақ Қобыландының арғын Ақжол биді өлтіріп 
кетуінен басталады. Құн сұраған арғынның сұлтаны Жәнібектің талабын 
жоғары билеуші Әбілқайыр хан орындамайды. Мұның арты бірқатар 
тайпаның ноғайлы туысқандарымен айрылысып, ел-жұртынан ауа 
көшуімен аяқталады.
Демек, ата-бабадан қалған жұрттан безіп, бөтен елге, Шағатай 
нәсіліне көшудің бір себебі Әбілқайыр хандығында бұрынғы қалыптасқан 
далалық рулық демократиялық тәртіптің бұзылуымен де түсіндіріледі. 
Бұл жағдай жазба деректермен де дәлелденеді. Камал ад-Дин Бинаидің 
айтуынша «билік жүргізу мен сұлтандықтың жарғысы ескі тәртіпке сай 
келмей бұзылды». Жоғарыда келтірілген «Тарих-и Рашиди» және «Бахр 
ал-асрар фи минакиб ал-ахиар» шығармаларынан да осы тәріздес 
хабарлар ұшырасады және олардан Әбілқайыр ханның жеке билікке 
ұмтылғаны аңғарылады. 
Хан билігінің беріктігі хан саясатының анағұрлым ірі рулардың 
мүдделеріне сай келу-келмеуіне байланысты екендігі көптеген 
мысалдардан көрінеді. Егер мүдделері сай келмей немесе құқы 
төмендетілген жағдайда вассалды рубасылары өзінің жұртымен үдере 
көшіп кететін немесе ашық қарсыласатын. Ол уақыттарда «ауып көшу» 
бағынбаушылықты білдіретін және көп қолданылатын қарсылықтың 
формасы болып табылатын еді. «Қазақ» сөзінің семантикалық мағынасы 
жөнінде ғылымда алуан түрлі пікірлердің орын алғанына қарамастан 
«қазақша өмір кешу» бағынбауды, еркін өмір сүруді білдіреді деген 
болжам қабылданған. Ортағасырларда «қазақшылық» институтының кең 
таралғаны жазба деректерден мәлім. Мысалы, Тоқтамыстың қазақтары, 
Ибақ ханның ноғай қазақтары, шейбанидтік қазақтар және т.б. Яғни 
Жәнібек пен Керейдің көші арқылы ғана этникалық мәнге ие болған 


171 
«қазақ» термині бұған дейін саяси-әлеуметтік мағынада қолданылған. 
Сонымен хандықтың құрылуы мен халықтың қалыптасуы тарихындағы 
көп нәрсені этнонимнің өзі айқындап тұр.
Енді хандықтың құрылуы мен бекуіне қалыпты ықпал еткен XV 
ғасырдың орта тұсындағы Шығыс Дешті Қыпшақ, Жетісу мен 
Мәуреннахрдағы саяси және мәдени жағдайларға тоқталайық. Әбілқайыр 
ханның қырық жыл бойы билік құрғанына қарамастан көшпелі өзбектер 
мемлекетінің ішкі саяси жағдайы берік болмады. Алайда Әбілқайыр хан 
1457 жылға дейін өз ішіндегі оппозициялық топтың (Сейтек-хан, Айбақ 
хан, Бүреке хан, Мұса, Жаңбыршы, Аббас бектер, Мұстапа хан) әлсіз 
қарсылықтарын басып тастап, көрші елдердегі саяси тұрақсыздықты 
пайдаланып, сыртқы экспансия арқылы мемлекетінің территориясын 
едәуір кеңейтті. Ұлықбек әскерін Сығанақ ауданында Барақ хан тас-
талқан етіп жеңгеннен кейін Мәуреннахр билеушілері ұзақ уақыт бойы 
қорғаныс позициясын ұстанып, қырға қарай ешқандай жорық әрекетін 
ойластырған жоқ. «Тарих-и Абу-л Хайр-ханида» шейбанидтердің Хорезм 
мен Сыр бойы қалаларын алуға толық құқы бар екендігі, сондай-ақ 
Сұлтан Құсайын мырза, Мұхамед Жөкі мырза және т.б. тимуридтік 
«қазақтарды» өзіне паналатып, олардың өзара қырқысында қазы рөлін 
атқарғаны баяндалады. Масғұт бен Кухистанидің сөздерінен Әбілқайыр 
хан Темір ұрпақтарының патроны, ал олар оның вассалдарына айналды 
деген идеологиялық мәндегі ұлы державалық ой-пікірді ұғуға болады 
(сонда). Ал, Жәнібек пен Керейді шағатайлықтардың паналатуына 
қарағанда Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан арасында одақтық қатынас 
болмаған. 1457 жылы Көк кесене түбінде (Қызылорда обылысы 
Жаңақорған ауданы Қожамберді ауылы) Әбілқайырдың Өз-Темір тайшы 
бастаған ойрат әскерінен оңбай жеңілуі мен «қазақтардың» жаппай қоныс 
аударуы салдарынан бұл мемлекет көп ұзамай ыдырай бастады.
Мәуреннахрда 1447 жылы Ұлықбек өлтірілгеннен кейінгі Темір 
ұрпақтары арасындағы билік үшін күресте Мираншахтан тарайтын Әбу 
Сейіт мырза 1451 жылы жеңіске жеткенімен саяси жағдай тұрақтамады. 
Ақсақ Темірден қалған империяны сақтап қалу үшін Әбу Сейіт екіжақты 
соғысуға мәжбүр болды. Шығысында Моғолстан ханы Есен-бұғаның 
тонаушылық жорықтарына қарсы өзіне келіп паналаған оның туған ағасы 
Жүніс-ханды пайдаланса, өзі батысында Хорасанға көз салған Қара 
Қойынлы әулетінің (Әзірбайжандағы батыс оғыздық әулет) билеушісі 
Шах-Жаханға қарсы соғысты. 
Осы сияқты Жетісу мен Қашқарда орналасқан Моғолстанның да саяси 
жағдайы бірқалыпты болмады. Моғолстан біріктірген аудандар табиғи-
географиялық жағдайы, экономикасы және тарихи даму барысындағы 
этногенетикалық және мәдени байланысы жағынан әркелкі болғандықтан 
шағатайлық Есен-бұға ханға (1423-1462) билікті ұстап тұру оңайға түскен 
жоқ. Бұл ханның қазақтарды «ілтипатпен қабылдап, оларға мемлекеттің 
батыс бөлігінен Шу мен Қозыбасы өңірін беруінің» өзіндік себептері 


172 
болды. Оған тайпа басылары және әмірлермен қатар, билікке таласқан 
туған ағасы Жүніс-хан Темір әулетіне сүйене отырып қарсы шықты. 
Сондай-ақ XV ғасырдың басынан басталған Жетісу мен Моғолстанның 
басқа да аудандарына ойраттардың шабуылы үдей түсті. XV ғасырдың 
50-жылдары билеуші Исан тайшы біріктірген ойраттардың шабуылына 
Қашқарда өзара қырқыстармен айналысып жүрген Есен-бұға ешқандай 
қарсылық көрсете алмады.
Осындай қиын кезеңдерде көшіп келген қазақтарды ол батыста 
Жүніс-хан мен Темір ұрпақтарына қарсы пайдаланбақ болған, шынында 
1462 жылы Есен-бұға қайтыс болғанға дейін батыс өлке тынышталды. 
Сонымен бірге қазақтарды әскери күш ретінде ойраттарға да қарсы 
пайдаланған. Жәнібек қазақты Қашқардағы Шағатай нәсіліне қаратқан 
соң «Алаш алаш болғанда, Алаша хан болғанда біз қалмаққа не 
көрсетпедік» (Тұрсын Ғабитов, Бақытжан Сатершиноов. Қазақтану: 
Тарих философиясы.-Алматы: Лантар Трейд, 2021) деген халық 
аузындағы сөз де осыны дәлелдесе керек. Ұлы Абай бұл халық аузындағы 
сөзді «Біраз сөз қазақтың қайдан шыққандығы туралысында» осы 
кезеңмен байланыстырады.
Осылайша, Орталық Азиядағы саяси-этникалық процестер 
шиеленісіп тұрған шақта, 1458 жылы Қазақ хандығының негізі салынып, 
өзінің этностық ауқымының кеңдігіне орай дереу күш ала бастады. 
Жәнібек пен Керейге берілген «қазақ» атауы олардың қол астындағы 
халықтың этнониміне айналды және олар иемденген территория Қазақ елі 
деп атала бастады.
Алайда бұл тарихи айғақтың орын алуын тарихшылар әртүрлі 
этностық-саяси объективті себептермен түсіндіргенімен, оның мәдени 
астарларына көңіл бөле бермейді. Біздің пікірінше, «бұл инцидент пісіп-
жетіліп тұрған өмірлік бағдар мәселесінің шешілуіне түрткі ғана болды. 
Қазақ тарихында аса маңызды орын алатын бұл ауа көшу прецедентінің 
орын алуының негізгі себептерінің бірі Алтын орданың күйреуімен 
сипатталатын еуразиялық көшпенділіктің жалпы дағдарысы мен 
батыстық 
отырықшы 
өркениеттің 
экспансиясы 
барысындағы 
«көшпенділік-отырықшылық» баламаларын таңдаудан келіп шығады». 
Қазақ халқының осы қалауы ауыр кезеңде ауа көшіп, жеке отау құрғанын 
мәдениеттанушы М.М. Әуезов көшпенді-отырықшы баламаларымен 
байланыстырады. 
Бұл қос өркениеттің қақтығысы шиеленіскен тұста таза көшпенділік 
өмірқамын ұстанған қазақтардың мұнан кейінгі дамуы «қилы заманмен» 
байланысты болды. Бұл кезеңнің жалпы тенденциялық ерекшеліктерін 
ноғайлы мен қазақ айрылысуына байланысты айтылатын халық әндері 
мен 
күйлері 
және 
XV-XVIII 
ғасырлар 
аралығындағы 
қазақ 
жырауларының (Дайырқожа, Қазтуған, Асан қайғы, Доспамбет, Шалкиіз, 
Жиембет, Марқасқа, Ақтамберді, Тәтіқара, Үмбетей, Бұқар жырау және 
т.б.) авторлық поэзиясы арқылы сипаттауға болады. Белгілі зерттеуші Ә. 


173 
Қодар өз монографиясында ұлттық әдебиеттің кейбір теориялық 
мәселелерін қайта қарай отырып, бұл құбылысты «көшпенділік 
апокалипсистің жақындауын алдын ала сезген түрік рухының соңғы 
серпілісі, софистика мен трагедияның нышандары бар далалық 
интеллектуализмнің қияға шырқауы, Ұлы дала сахнасы болған өзіндік 
көшпелі театр» деп сипаттайды.
Бастапқыда дала еркіндігі мен рулық демократияның туын жоғары 
ұстаушы апологеттері болған «батыр-жыраулар» поэзиясында ерте түрік 
және ноғайлы дәуірінен мұра болып қалған патриотизм мен бірбеткей 
өрлік өз орнын сақтап қалғанымен, өткенге деген ностальгиялық 
сағыныштың, туыс халықтардың тарихи тағдырларының жолайрығы 
тұсындағы шарасыздық көңіл-күйдің басым екендігі аңғарылады. 
Кейінірек, бұрынғы көзсіз ерлік пен батырлықтың, гедонизмнің орнына 
күнделікті күйкі тірлік жырлана бастайды. Әсіресе, терме, толғау 
жанрлары түрінде моралистика мен дидактика араласа бастайды. Алайда 
бұл жырлардың астарында терең философиялық мән-мағына мен 
адамгершілік мазмұн бар.
Осылайша, қазақ мәдениетінің дәстүрлі кезеңі «алтын заманнан» 
«қилы заманды» бастан кешірді. «Ақырзаман» (қара қытайдың 
қаптауымен сипатталатын) туралы түсінік жер жаннаты «Жерұйық» 
туралы арман-аңсарды туғызды. Осы себептерден қазақтың сөздері, 
өлеңдері мен әндеріне билік, ерлік, еркіндікпен қатар арман, зар, шер, 
қайғы, ойларына уайым араласады. Ұлттық мәдениеттегі осындай қарама-
қайшылықты ерекшеліктерді, қазақы өмір сүру тәртібін, оның салт-
дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарынан көрінетін дүниетанымдық және 
ментальдық ерекшеліктерді «қазақшылық» деген ұғымға сыйдыруға 
болады.
Халқымыздың ұлттық дәстүрі бойынша, кісіні сыйлау, құрметтеу, 
оның кісілігін үйрену әрбір жастың парызы болып табылады. Үлкен 
кісінің алдынан қия өтпеу, үлкен адамға орын беру, оны төрге шығарып 
құрметтеу, оған сәлем беру, көңіліне қарау-адамгершілік борыш ретінде 
қалыптасқан дәстүрлер. Ерлік пен елдік, отаншылдық пен сүйіспеншілдік, 
ынтымақ пен бірлік, жан тазалығы мен адал достық-бәрі де ақын-
жырауларымыздың жыраулық поэзиясынан орын алған, осының өзі-
болашақ ұрпақтарыздың бойына бүкіл кісілік асыл қасиеттерді 
жинақтауға зор көмек беретін бала тәрбиесінің бастау бұлағы. 
Жыраулық поэзияның ірі өкілдері Асан қайғы мен Қазтуғанның, 
Доспамбет пен Шалкиіздің, Ақтамберді мен Бұқар жыраудың және т.б. 
елдік пен ерлікті, азаматтық пен адамгершілікті жырлаған өршіл өлең-
жырлары, туған жер, ата-қоныс, ел тағдыры, өмір өткелдері мен қоғам 
жайлы философиялық толғау-тұжырымдары, өткір ойшылдық пен 
шешендік өнер өнегелері адамзат атаулыға тән асқақ кісілік идеяны паш 
етеді. Осы үлгі-өнеге тұтар, ұрпағымыз мақтанышпен мәңгі естерінде 
ұстар ақын-жырау, даналарымыздың әрқайсысының өмір жолдары сол өзі 


174 
өмір сүрген заман тарихымен тығыз сабақтастықта жатыр. Жалпы кісілік 
құндылық болып табылатын: салауаттылық, инабаттылық, ізеттілік, ар-
ұятты болу, қайырымдылық, перзенттік парыз, ата-анаға, отанға қызмет 
ету, ұлтын, халқын отанын сүю, қорғау, әдептілік, имандылық, ар-
намыстылық, өнерпаздық, ата-текті қастерлеу, бүкіл адамзаттық 
адамгершілік қасиеттерді ардақтау, ерлік деген ұғымдарды тәлім-
тәрбиеде кісілік өлшемдердің көрсеткіші деп санасақ, адам бойына қуат 
берер осынау ізгі қасиеттерге баулуда жыраулық позэиядан аларымыз өте 
көп. 
Тұтастай белгілі бір кезеңдердің қоғамдық-әлеуметтік, тарихи 
сипатын таныта алатын дидактикалық-философиялық сарындағы 
толғаулармен қатар сөз зергерлері адамгершілік, этика, мораль 
тақырыптарын да адам өмірінің түрлі жағдайларына қатысты келістіре 
жырлап, ел ішінде тәрбиелік міндет атқарып отырғаны байқалады.
Қазақ этносы басқа көшпелі этнос сияқты, ұрпақаралық ақпарат 
беру дәстүрімен сипатталады. Осылайша эпикалық жанрдың сансыз 
аңыздар, ертегілер, термелер, эпика, шежіре және т.б. түрінде айрықша 
рөлі бар. 
Қазақ этносының мәдени ерекшелігі отбасымен байланысты ұйым 
деңгейінде экзогамия болып табылады. Бір ұрпақтың, бір отбасының, бір 
ағайындылардың, жеті ұрпаққа дейін некелеріне, инсайтқа тыйым салу.
Қазақ этносын өзге этникалық топтардан айыратын тағы бір ерекшелігі - 
этносаралық және күрделі құрылым
.
Қазақтың барлық әлеуметтік ағзасын 
жоғарыдан төменге дейін еніп жатқандай көрінеді. Әрбір тайпа бірнеше 
иерархиялық ұйымдасқан этникалық топтарға, сондай-ақ әлеуметтік 
қарым-қатынастардың күрделі жүйесімен біріктірілген шағын топтарға 
бөлінді.
 
Сонымен қатар, тайпалық қоғамның кішігірім ұясы болған қазақ 
отбасының маңызды әлеуметтік функцияны-жас ұрпақты дәстүрлерді 
құрметтеу, тәрбиелеу нормаларын және олардың жүрегіндегі мінез-құлық 
ережелерін нығайтуға тәрбиелеуді жүзеге асырды. 
Ата-бабаларымызға құрмет көрсету және олардың дәстүрлерін 
ұстану отбасында тән қасиет болды. Дәстүр бойынша, қазақ отбасын 
рухани қасиеттердің негізгі тірегі және қамқоршысы болып табылатын 
ақсақалсыз елестете алмайсыз. Ол өткен ғасыр әлеміне, оның ата-
бабаларына жақын болған деп саналатын болған, сондықтан оны 
басқалардан артық көрген, тәжірибесі мол құрметті данышпан ақсақал
қазақтардың ғана емес, сондай-ақ басқа да шығыс халықтарының 
арасында ең қасиетті көсем адам, үлгі бола алатын, жалпы адамның 
этникалық идеясын іске асырушы тұлға. 
Біздің уақытымызда биліктің төрт тармағына жиі қатысты: 
атқарушылық, заңнамалық, сот билігі және қоғамдық пікір. Мұндай 
құрылымдық бөлімше, егер біз құрылтайды және биліктердің заң 
шығарушы билігі ретінде қарасақ, хандардың, сұлтандардың билік 


175 
атқаруы, билер билігі мен қазы сот билігі және қоғамдық пікірдің күші - 
жыраулар мен ақсақалдардың позициялары образында іске асырылды. 
Қазақ қоғамына Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдарының кодексі 
жатады. Ол қоғамның мәдени және қоғамдық өміріне қатысты діни, білім 
беру, моральдық сипаттағы және басқа да мәселелердің шешілуін 
қамтамасыз етті. Өздерінің генеалогиясын, олардың тайпасының тарихы, 
жетінші ұрпақтың алдындағы ата-бабалары («Жеті ата») әрбір қазақ үшін 
олардың отбасылық идентификациясын жүзеге асыруға қажетті шарт 
болды, бұл ұрпақтан ұрпаққа өз халқының дәстүрлерін сақтауға 
мүмкіндік берді. Адамдардың бүкіл халықтың бірлігін сақтауға және 
генеалогиялық дүниетанымның қалыптасуына деген ұмтылысты 
бейнелейтін білімнің маңыздылығы туралы айтқан «жеті атасын білмеген 
ұл жетесіз, жеті атасын білген ер-жеті елдің қамын жер» деп айтқан 
сөздер кездейсоқ емес. 
Уақыттың сәттік тар шеңберінен шығып, болашаққа қарай ой 
жүгіртіп, оны сараптау қазақтың дәстүрлі төл мәдениетінде де кең орын 
алған талпыныс. Бұл туралы С. Қасқабасов былай деп жазды: «Халық 
жақсы өмірді армандап, «алтын дәуір», «қой үсіне бозторғай 
жұмыртқалаған заман», не болмаса елді қиыншылықтан құтқаратын бір 
қайраткер туралы утопиялы әңгіме, аңыз шығарды. Ол әңгіме, 
аңыздардың басты кейіпкерлері-өмірде болған. Бара-бара мұндай аңыздар 
әпсана-хиқаятқа айналады. Осыдан барып мессиандық рөл атқаратын 
адам, елге ырыс-дәулет беретін қоныс жайында әпсана-хикаят 
қалыптасады. 
Мұнда 
әпсана-хикаяттың 
тарихи 
аңыздардан 
айырмашылығы оның тек көркемдік дәресінде емес. Оның басты 
ерекшелігі сол-тарихи аңызда өткен тарихтан гөрі қиялдан, арманнан 
туған оқиғалар мен кейіпкерлер дәріптеледі, мұнда заман, адам, жер-су, 
мекен халықтың қалауы бойынша суреттеледі, олар осындай болса екен 
деген тұрғыда көрсетіледі». 
Осындай аты аңызға айналған тұлғалардың бірі, ХV ғ. алғашқы 
қазақ хандары Жәнібек пен Керейдің ақылшысы болған, ақын және
философ Асан қайғы атанып кеткен-Хасен Сәбитұлы. Шоқан Уәлиханов 
оны «көшпелі ноғай, қазақ ұлысының философы» деп айтады. Қорқыт 
ата сияқты Асан қайғы үлгі тұтарлық Гүлстанды-идеалды қоғамдық 
құрылысты арман етті. Бұл қазақ мәдениетінің жаңа ғана қалыптаса 
бастаған кезі еді. Ол қазақ хандарына тым ерте қуанбаңдар, табысқа 
масаттанып кетпеңдер деп ескерту жасаған. Ол қазақтың болашағын 
ойлап, «Жерұйықты» іздейді. Жерұйық-қой үстіне боз торғай 
жұмыртқалайтын, ру-тайпа таласы жоқ, жұт пен қайғы-қасіретінен аулақ, 
шөбі шүйгін, суы сүт, топырағы май, тасы алтын , ағашы жеміс-жидекке 
толы құтты қоныс. Сол жерді табу үшін ол желмаяға мініп, төңіректің 
төрт бұрышын шарлап кетеді. Алайда, таба алмайды, қайғыланып, 
өмірден өтеді. М.Әуезов «халықтың нағыз ертегісі болып, тек сол 
қалыпта ғана ой-жадында сақталған адамдардың бірі-Асан қайғы» дейді. 


176 
Әрине, Асан қайғы пессимистік тұлға емес. Оның шығармашылығынан 
туатын негізгі қағида: «Жерұйыққа», бақытқа жететін жолдың оңай 
еместігі; оған қажымас қайратты, дәйекті, ел қамын ойлаған жетеді. Асан 
қайғы уақыт пен кеңістіктің салыстырмалы, олардың ішкі ырғақтары 
және тіршілік тылсымдары туралы терең де әсерлі бейнелер келтірген.
Дәстүрлі қазақ мәдениетін талдағанда, Асан қайғының заман мен 
болашақ, жақсылық пен жамандық, мұрат пен шындық, мәңгілік пен 
ғаріптік туралы айтқан пікірлерінің амбиваленттік сипатында
болатындығын еске сақтаған жөн. Жалпы алғанда, уақыт ұғымының өзі 
екіұшты. Ол әрі бар, әрі жоқ. Әрі жасампаздықты, әрі өткіншілікті
бейнелейді. Асан қайғы уақыт ағынына байсалды сеніммен қарайды. 
Оның қайғысы тіршілікті қастерлеуден туған. Асан қайғы кеңістіктен 
таба алмаған жер жаннаты «жерұйық» – үйлесімдік. Бұл тек Хаос пен 
Реттіліктің, Табиғат пен адамның арасындағы үйлесімдік емес. Ол –
адамның өзінің өзімен үйлесімділігі. Бұл жағдайда заман мен адам 
теңесе алады.
Дәстүрлі қазақ мәдениетіндегі тұлғалық дарашылдық мұсылмандық 
ділдегі, әсіресе, араб-парсы әрекеттілік аймағындағы адамдық болмыс 
ерекшеліктерінен басқаша негіздерге сүйенеді. Кейбір белгілері бойынша 
оны Нара дәуіріндегі синтоистік (аруақтар мен табиғатқа табыну) 
дәстүрімен салыстыруға болады. Егер мұсылмандық дәстүрде адам өзінің 
пендешілдігінен арылып, жаратушыға жақындауы қажет деп есептеп, 
фәни дүниеден бақиға өтуге дайындалуы міндет болса, қазақ ақын-
жыраулары осы дүниеде толыққанды өмір сүруге шақырады. Шалкиіз 
жыраудың Би Темірді қажылық сапарынан тоқтатуға айтқаны: 
Ай, хан ием, сұраймын: 
Тәңірінің үйі Кебені 
Ибраһим Халил Алла жасапты, 
Ғазырейіл – жан алмауға қасап-ты. 
Жығылғанды тұрғызсаң, 
Жылағанды жуатсаң, 
Қисайғанды түзетсең, 
Тәңірің үйі Бәйтолла, 
Сұлтан ием, қарсы алдыңда жасапты! (ХV-
ХVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы /редактор Ә. Дербісалиев.-Алматы: 
Ғылым, 2002.-75 б.). 
Ру, қауым, тайпа, жүз-дәстүрлі көпшелілік әдептің іргетасы 
болғандығы даусыз. «У ішсең де, руыңмен іш» дейді халық мақалы. 
Қазақтың дәстүрлі рулық қоғамы туысқандық қатынастарға негізделгені 
де белгілі. Ш.Уалиханов атап өткендей, жүз бен жүздің, жүз ішіндегі 
рулардың бір бірімен арасындағы қатынас нағыз тығыз туысқандыққа 
сәйкес, ал рулардың өз жүзіне деген қатынасы баланың әкеге, үлкен 
жүздің аға руына көзқарасы жиеннің нағашысына қатынасындай. Әрине, 
рулық адамның классикалық көшпелілік қоғамдағы оң құндылықтары 


177 
туралы жеткілікті жазылған. Алайда, бір жағдайда ескеру қажет. Қауым 
жеке тұлғаны, кісіні емес, алдымен тұтастықты қайталауға ұмтылады.
Бұл тұлғалық енжарлықтың бір себебі де болып табылады. Қазақтың бір 
мақалы «Жеңім жаман болса, жағам жақсы, өзім жаман болсам, ағам 
жақсы» дейді. Мақалды екі түрлі түсіндіруге болады. Бірінші жағынан, 
арқа сүйетін тұлғаның болуы қалыптасып келе жатқан жас өркен үшін 
маңызды.
Қауымшылдық құндылығы тек тікелей отбасылық негіздерге 
сүйенуден ғана емес, сонымен бірге аталас-руластарымен бір болумен 
айшықталады. Шалкиіз жыраудан бір үзінді келтірейік: 
Атаның ұлы жақсыға 
Малыңды бер де, басың қос, 
Бір күні болар керегі. 
Бостаны бар-ды теректің, 
Болаты бар-ды беректің, 
Тұсындағы болған нартың қорлама, 
Тұсындағы болған нартың қорласаң, 
Табылмас-ты 
керектің. 
(ХV-ХVIII 
ғасырлардағы қазақ поэзиясы/редактор Ә. Дербісалиев.-Алматы: Ғылым,
2002.-75 б). 
Қазақтың 
дәстүрлі 
мәдениетіндегі 
қауымдық 
арналардың 
басымдылығы туралы аз жазылып жүрген жоқ және оған деректерді де 
біршама келтіруге болады. Осы түсінік туралы біз өз назарымызды 
даралық пен қауымдылықтың қазақ қоғамындағы тоғысқан ұғым-
бейнелеріне аудармақпыз.
Дәстүрлі рухани қазақ мәдениетінде кісі бірден дайын күйінде 
дүниеге келе салатын кейіпкер ретінде емес, күрделі қалыптасу 
сатыларынан өтетін адам түрінде бейнеленеді. Туысқандық қауымда 
адамдық ересектену кластары (сатылары) мәдени мазмұны мен арнаулы 
функциялардың субъектілері негізінде жіктеледі. 
Адамның кісілік ер жетуіндегі мәдени кластарды (нәресте, бала, 
жігіт, жігіт ағасы, отағасы, қария) тек биологиялық немесе табиғи 
факторлармен түсіндіру сыңаржақтылыққа жатады. 
Адамның ересектенуі мәдени үдеріске жатады және онда даралану 
мен қауымдасу бірге жүреді. Әрбір мәдени ғұмырлық топқа әртүрлі 
әлеуметтік талаптар қойылады. Зерттеушілер дәстүрлі қазақ мәдениетінде 
ересектену 
кластарының 
Африка 
және 
Полинезия 
сияқты 
аймақтардағыдай қатал кәсіби шектелмегенін атап өтеді. Мысалы, 
Шығыс Африкада жас мөлшеріне қарай жіктелу еңбектің және 
жауынгерлік функцияларының қоғамдық жолмен бөлінуінің негізгі тәсілі 
болды: шәкірттер, кіші жауынгерлер, аға жауынгерлер, басқарушылар, 
ақсақалдар кеңесі. Бұл жүйеде бір топтан екінші топқа өту арнаулы 
сынақтар мен инициациялық рәсімдер арқылы жүргізілген. Қоғамда
жеке-дара әлеуметтік-экономикалық құрылымдар пайда болған соң 


178 
коллективтік жауаптылық кластарының рөлі кеміп кетті және тек тарихи, 
мәдени құндылық ретінде сақталады. Соңғы қағида, әсіресе, генотиптік 
және геронтократиялық белгілері басым дәстүрлі қазақ қоғамына сәйкес 
келеді. Өйткені ержету кезеңдері қазақ қоғамында кәсіби салаға тікелей 
әсер етеді. Жалшының баласы қанша тырысқанымен құдай белгілеген 
несібесінен шыға алмайды. «Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесің»
дейді қазақтың нақыл сөзінде. Сол себепті ержету сатылары дәстүрлі 
қазақ қауымында негізінен рәміздік мағынаға ие болды. Кісінің 
қалыптасуындағы жас мөлшерінің әсері эпос пен ақыл-жыраулар 
шығармаларында да көркем суреттелген. Бұл жерде мифтік сана мен 
эпикалық санадағы есею айырмашылықтарын ескерген жөн. Көне эпос 
пен батырлық ертегілерде қаһарман (мәдени кейіпкер) таңғажайып 
жағдайда дүниеге келеді.
Сонымен 
бірге 
дәстүрлі 
қазақ 
қоғамында 
шектеусіз 
геронтократиялық билік үстемдік етті дегенге де байыппен қарау қажет. 
Қазақ қауымында ақсақалдардың рөлі ерекше болды. Алайда олардың 
билігінде әдептік-мәдени негіздер басым еді. Ақсақал атану көп жағдайда 
жасқа қарамай, әлеуметтік статуспен әйгіленіп отырады. Осыны қазақтың 
«көп жасағанан сұрама, көп көргеннен сұра» деген мақалынан да аңғаруға 
болады. Оған қоса енші бөлініп бергеннен кейін қазақ қауымында «ортақ 
меншік» деген болған және ол «қонақ кәдесімен» қоса әлеуметтік 
әділеттілікті көздеген. 
Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде туысқандық құрылымдармен 
қатар, тікелей қандастық байланысы жоқ жеке адамдарды қауым 
құрамына қосуға мүмкіндік беретін «анда», «тамыр», дос сияқты 
статустық ұғымдар болған. Құрдастық сияқты анда да бөтен ру, алыс 
ұлыс, басқа жүздің адамдарын бір-бірімен жақындастырады. Тіпті кейде 
бөтен елдің, өзге этностың кірмелері де қазақ арасынан анда тауып ел 
қатарына қосылып кетеді. «Құрдас», «тамыр», «дос», «жолдас», 
“андалар” нағыз туыстардан да шынайы жақын болады. Анда адамдар 
сенікі-менікі демейді, бір-бірінің бетін қайырмайды. Анда тәртібі алыс 
руларды, елдерді бір-бірімен туыстастырып, қоғамдық құрылымның берік 
негізіне өз үлесін қосады. Сонымен қатар қазақ ішінде жан дос, дос, 
тамыр сияқты әріптес, замандас адамдардың бір-бірімен тіл табысып, 
көңіл жақындастырып, араласуына мүмкіндік беретін дәстүрлі 
институттар бар. Жалпы қоғамдық араластық процесінде олардың тигізер 
ықпалы зор. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет