Оқулық Алматы 2021 Барлық оқу формаларындағы «Мәдениеттану»



Pdf көрінісі
бет37/69
Дата02.12.2023
өлшемі3,53 Mb.
#132232
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   69
Байланысты:
мадениеттану кытап

қазақ ою-өрнегінің
басты ерекше қасиеті -
тепе-теңдік. Қазақ текеметтерінде, сырмақтарында, терме алашаларында 
т.т. ою-өрнек пен оның бейнелеу аясы арасындағы тепе-теңдік принципі 
әр уақытта айқын көрінеді. Қазақ шеберлері аз ғана реңдер мен өрнек 
жүйелерін пайдалана отырып, ерекше сәнді, бай әшекей әуендер құраған. 
Осы өрнектердің тақырыптары тепе-теңдік принципінің арқасында ғана 
жарасымды қалыптасады Онда керемет бай реңдер мен бояу түстері 
болмаса да, ол бір жағынан суреттердің жұмбақ қасиетімен қызықтырады. 
Егер сурет деп өрнекті алсақ, өрнектің фонға орналасуы адамның 
Жаратылыстағы орнын білдіретіні секілді. Олар бір-бірімен оңай 
алмастыра алатындықтан осы тепе-теңдік қасиеті Адам мен 
Жаратылыстың біртұтастылығын білдіретіндей әсер етеді. 
Қазақ 
өрнектерінің ерекше үйлесімді орналасуы әлеуметтік 
дүниетанымдық жағдайлармен байланысты. Өрнектер, әдетте, бөлек 
орналасып, бір-бірінің үстіне салынбайды. Өрнек ретсіз көп немесе кез-
келген әсерде орындалмайды. Өрнектер нәрсенің бетіне, түр–түсіне, жіке 
сызық әуендеріне байланысты ерекше талғаммен беріледі.
Сурет. Қазақ өрнегі 
Ою-өрнектің біздің эмоциямызға әсері өте зор. Жалпы қазақ 
халқының ою-өрнектері басқа халықтардың өрнектерімен салыстырғанда 
композиция қарапайымдылығымен, бояу түсінің ұстамдылығымен, 
формаларының монументтілігімен ерекшеленеді. 
Ою-өрнектің сыртқы сызықтарының бір пішіннен екінші формаға 
ырғақты өтулері, бір-бірімен қайталай, жаңа өрнектер құрауы, бояу 
түстерінің бір-бірімен гармониялы үйлесімі әсем сазды әуен құрайды. 
Көңіл-күйі сезімін тудыратын осы ерекшеліктер оны музыкалық 
шығармаға жақындатады. Қазақ халқының астарлап, тұспалдай сөйлей 
білуі музыкадан да, ою-өрнектен де, жалпы дәстүрлі өнерден жақсы 
көрінеді. Әр түрлі тылсым сырға толы өрнектер, Маңғыстаудағы мінтас, 


183 
қойтас, арқар тас, құлпы тас, сағана там, күмбез мазарларының әрбіреуі 
бір музыка, оның бәрі қосылғанда дала әнұраны естілгендей. 
Халқымыз ою-өрнекті мазмұнды мәнге толтырып, музыкалық 
әуенде сөйлете білген. Оған мысал, Қазақ аңыздарының бірі «Ақсақ 
құлан» күйімен байланысты. Жошы хан баласының аң аулау сәтінде қаза 
болғанын күйді тыңдап отырғанда түсінеді. Осыған ұқсас сырмақ 
шерткен сыр аңызы да қазақ ауызында сақталған. Ол ою-өрнектің 
оқылуымен байланысты аңыз. 
Қандай өрнекті пайдалану, біріншіден, өңделетін шикізатқа, 
жасалатын бұйымның пішіні мен көлеміне қатысты болды. Мысалы, 
текеметте ою-өрнектің жазық, бояу түсі қарапайым, монохромды, сыртқы 
сызықтары «қарадүрсін». Бұл оның монументтік сипаты. Ал, темірге 
күміспен жалатылған өрнек ерекше әсерлі көрінеді. 
Сонымен бірге ою-өрнекті жіктеп, оны симметриялық шеңберде 
ғана қарастыру оның көркемдік мүмкіндіктерін шектейді. Қазақ ою-
өрнегі канондық заңдылыққа бағынғанмен бірін-бірі қайталайтын екі 
бұйым кездеспейді. Бұл жалпы өнердің болмысын анықтайтын 
заңдылыққа жатады. Табиғатта, табиғи құбылыстарда, кескіндерде, 
пластикаларда екі бірдей қайталанулар болмайды. 
Өрнектің маңызды міндеті оның адамға тікелей эмоцияналдық әсер 
ету қабілеті мен күрделі байланысты. Кілем мен түскиіз көрініс әсері 
жағынан суретке жақын. Әйткенмен де ол тұрмыстық зат. Ою-өрнектің 
материалдан бөлек те өмір сүріп, тәуелсіз құрылым құрай алатындығы 
оны қолданбалы өнердің «контексінде» ғана қарстырмай, өз алдына бөлек 
өнер түрінде қарастыруға негіз болатын сияқты.
Ою-өрнек (латын тілінен аударғанда әсемдеу сәндеу) – әр түрлі 
заттарды, архитектуралық ғимараттарды әшекейлеуге арналған жүйелі 
ырғақ пен қайталанып отыратын әр үйлесімділікке құрылған өрнек-
нақыштар. Ұлттық ою-өрнек өзіне тән белгілерінің жүйелерін қазақ 
халқының қалыптасуымен әрі республиканың қазіргі аумағын мекендеген 
Азияның басқа да халықтары мәдениетімен тығыз байланыста дамыды. 
Бұл ортағасырлық архитектуралық ғимараттардағы көгеністік және 
геометриялық ою-орнектерден (Айша-бибі, Ахмет Иасауи кесенесі) 
айқын көрінеді. Ою-өрнектің дәстүрлі тоқыма өнері үлгісінде, кестеде, 
ағаш, мүйіз, сүйек, металл мен теріге өрнек салу мейлінше жетілдіре 
түсті. Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық 
түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді. 
Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің 
ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп 
қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына 
жатады. Қазақ көбінесе бір өрнекке салып қиып алған үлгіні, үлгіге салып 
кескен сырмақтың қиығын, сондай–ақ барлық қошқар мүйіз өрнектерін де 
ою дейді. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің күйдіріп, 
жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, 


184 
әшекейлердің ортақ атауы іспеттес. Сондықтан, ою-өрнек деп қосарланып 
айтылады. 
Қазақ оюларының мазмұны мал өсіру, аңшылықты, жер-су, көшіп-
қону көріністерін, күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі заттардың сыртқы 
бейнесін тұспалдайды, бірақ қолөнер саласындағы қай бұйымды алсақ та, 
сол заттың бетінде түрлі нүсқада бейнеленген «мүйіз» элементін 
байқаймыз. Әрбір оюшы ою-өрнек жасап, оған ат беріп, оны тұрмыста 
қолданған. Сондықтан қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің ең басты мәнері, 
әртүрлі мәнер жасауда жиі қолданылатыны «мүйіз» тектес ою-өрнектер. 
Мүйіз тектес ою-өрнектер кейде өте ұсақ, кейде өте ірі болып 
келеді. Ұсағы зергерлік, кесте тігу, ағаш, сүйек, мүйіз ұқсату сияқты нәзік 
істерге қолданылса, ірісі кілем, алаша, терме алаша, текемет, сырмақ, ши 
орау, қоржын, киім-кешек, құрылысқа қолданылады. 
Халық шеберлері мүйіз өрнегінен сан қилы мәнерлермен құбылта, 
бір элементке екінші, үшінші элементтерді қосып, молықтырады да, 
қүлпырған әдемі де мазмұнды композиция жасайды. «Мүйіз» тектес ою-
өрнектердің негізі қойдың, арқардың, ешкінің, сиырдың, бұланның, 
бұғының, қодастың, еліктің мүйіздерін түспалдаудан пайда болған. 
Шеберлер жаңа ою-өрнектерді тұрмыс тіршілігіне өз дәуіріндегі заман 
ағымына қарай лайықтап пайдаланып келеді.
Қазақ ою-өрнегінің дүниетанымдық түсінікпен байлынысты түрлері 
көп. Мысалы, мал-жанға байланысты түсініктер; қошқармүйіз – 
қошқардың мүйізі тәріздес ою, мал шаруашылығымен айналысқан қазақ 
халқының көшпелі өмір салтымен байланысты туған. Қошқармүйіз оюы 
неше түрі формаларға еніп, қазақ бұйымдарының көбінде кездеседі. 
Әсіресе киіз үй жасауларының барлық түріне де салып тоқуға болады. 
Мәселен, текеметтің ортасына «қошқармүйіз» шет-шетіне «тұмар », 
«шаршы» немесе «су» оюлары салынады. Мұнысы туған жер төсін 
толтырған отар-отар қой болсын деген халықтың арман-тілегі. Омыртқа – 
мал шаруашылығымен тығыз байланысты туған, малдың дене мүшесіне 
қатысты өрнек. Бұл ою қайраттылықтың, ерліктің белгісі. Ер адамның, 
батырдың киімінің, кейде құрлардың шетіне салынады. Мұндай 
оюлардың формасы қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз 
тәрізденіп келеді де, кейде осы мүйіздің қолтығында қойдың құлағын 
долбарлаған шолақ мүйіз тәрізді тағы екі буын тұрады. Байқап қарағанда 
бұдан қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады. 
Ою-өрнек-дәлдік, есеп, теңдік, теңеу, үйлесім, жарасым, сәндік, 
көркемдік, сәйкестік, тазалық, нәзіктік, сүйкімділік, парасаттылық, 
жылылық, сұлулық, ойлылық, ақылдылық, зеректік, шуақты шақ, арайлы 
кезең, жарқын әлем, көңілге шабыт, шаттық ұялатады, шабыт береді, 
ептілікке, іскерлікке, шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды. Өнерге 
деген махаббат, сұлулыққа деген ғашықтық, құштарлық жинағы ою ойған 
адамның жүрегі жылы, жаны нәзік болады. Ең көп тараған ою-өрнек 
өнері қазіргі кезеңде жаңа қырынан танылуда. Өткеннің көлеңкесінде 


185 
қалмай, жаңа туындылар тудыру қазіргі шеберлердің шығармашылдық 
мақсаты. 
Жалпы Орталық Азия музыка мәдениетінің бір бөлігі ретінде 
қазақтың дәстүрлі музыка мәдениетін қарастыра отырып, оның басты 
өмір салты көшпелі түрінде өткенін ескеру қажет. Өйткені қазақтарға 
дейін өмір сүрген тайпалар да көшпелі шаруашылық түрін ұстанатын. 
Сондықтан қазақ музыкасын зерттеу үшін номадизмнің әлеуметтік-
тарихи белгілерін талдап, оның ерекше эстетикалық белгілеріне және 
өнердің дамуындағы ерекше заңдылықтарына назар аудару керек.
Музыкалық өнерлердің (музыка және поэзия) қазақтың жалпы 
ұлттық мәдениетінің жүйесінде ерекше әлеуметтік-тарихи орны туралы 
сөз қозғасақ, халық үнемі қозғалыста болып, көптеген шақырым жерлерге 
көшіп жүргенде мүмкіндігінше өзінің қоғами өмірін ұйымдастыруға 
тырысатын. Көшпелі өмір салтының жағдайында рулық, тайпалық және 
одан да ірі ұйымдар құрылып, олар дұрыс тіршіліктің басты шарты 
ретінде ұйымдастырушылық пен жалпы мақсаттылықты ұстанатын. 
Ғасырлар бойы қазақ қоғамында тәрбиелік функцияны атқаратын белгілі 
салттар мен ғұрыптар жүйесі қалыптасқан. Ұрпақтардың арасындағы 
сабақтастықты орнататын құрал ретінде музыкалық-поэтикалық өнердің 
ішінде эстетикалық құндылықтар қалыптасқан.
Сондай-ақ бірінің жеріндегі аңын бірінің аулауына байланысты ерте 
заман адамдары арасында дау-жанжал көп болған. Мұның аяғы ұрыс-
төбелеске айналған. Өз ру-тайпасын, жерін қорғау үшін енді олар 
соғысты көз алдына елестетердей әскери билерді ойлап тапқан. Жалпы 
ертедегі адамдар өз тұрмыстарының қай болмысын болса да би арқылы 
беруге тырысқан. Айталық, діни наным-сенімдерге байланысты аруаққа 
табыну, арбау, құрбандық шалу, бақсылық сияқты неше түрлі ойын, 
билерді тудырған. 
Соңғы деректер бойынша ғалым-зерттеушілерге қазақ халқының 
бес-алты мыңдай күйі белгілі. Бұл, әрине, бес-алты мыңдай күйімен 
қосарлана айтылатын аңыз-әңгімесі де соншама. Сондықтан да күй мен 
күй аңызын бір-бірінен бөлмей қарау қажет. Ғалым-зерттеуші Ә. 
Марғұлан күйдің тарихи кезеңдерін бес кезеңге бөледі: 
«Бірінші кезең күйлері б.з.д VІІІ-V ғасырлар мен біздің 
заманымыздың VІ ғасыр аралығын қамтиды. Бұған Евразияның ұлы 
даласындағы көшпелілер арасында ислам діні тарағанға дейінгі қиял-
ғажайып тақырыптарға арналған күйлер жатады. Мәселен «Қос мүйізді 
Ескендір», «Көк төбет» «Аққу» т.б. күйлерді атауға болады. Бұлардың 
қайсысы болмасын көне саз-сарындарымен ғана емес, қосарлана 
айтылатын аңыз-әңгімесімен де алыс замандарды меңзейді. 
Екінші оғыз-қыпшақ VІ-XІІ ғғ. күйлері. Бұл кезеңге Қорқыт атаның 
сарындары «Абыз толғауы», «Саймақтың сары өзені», «Малжыңгер» 
сияқты күйлер жатады. Бұл кезең күйлеріне тән арқау болған тақырыптар 
өмірдің мәні, бақыттың баяндылығы, Қорқыттың мәңгілік өмірді іздеуі. 


186 
Оғыз-қыпшақ кезеңінен жеткен күйлер өзінің аңыз-әңгімесінің тарихи 
сәйкестілігімен де Қорқыт сияқты тарихи тұлғаның өмір шежіресімен де 
рухани мұрамыздың генезисін нақтылай түседі. 
Үшінші, ноғайлы кезеңнің XІІІ - ХVІ ғғ. күйлері. Оғыз-қыпшақ 
заманының аласапыранынан кейінгі қазақ даласындағы рулық-тайпалық 
тұтастану, Алтын Орда сияқты мемлекеттің бой көтеруі осы кезеңдерге 
тұспа-тұс келеді. Тек ол ғана емес, ілгері ғасырлар талқысында тарихи 
тағдырын ортақтастырған далалық ру-тайпалардың саяси одақ құрып 
«Қазақ» деген мағыналы этникалық атаумен тарих сахнасына шыға 
бастаған кезі де осы кез. 
Ноғайлы кезеңінде туған музыкалық мұраларымыздың санатына 
«Жошы ханның жортуылы», «Шора батыр» «Қамбар күйі» сияқты халық 
күйлерімен бірге Кетбұғаның «Ақсақ құлан», Асан Қайғының «Ел 
айрылған», Қазтуғанның «Сағыныш» күйлерін жатқызуға болады. Бұл 
күйлер саз-сарынының ширыққан динамикасымен де, қосарлана 
айтылатын аңыз-әңгімесімен де, тарихи тұлғалардың көрініс табуымен де 
сол заманның саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани күйін айқын бейнелейді. 
Төртінші, Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі ХVІІ-ХVІІІ ғғ. күйлер. 
ХVІ ғасырдың алғашқы жартысынан бастап қазақтар мен ойрат 
феодалдарының арасындағы бәсеке-бақталастық осы екі халықтың екі 
ғасыр бітпес дауына, бітпес шайқасына ұласты. Бұл кезең күйлері өзінің 
өр мінезімен, тарихи оқиғалармен сабақтастығымен, нақтылы тұлғалар 
өміріне, қызметіне деректілігімен баурайды. Мұның музыкалық 
мұрамыздағы орны ретінде «Елім-ай» әнін, «Қаратаудың шертпесі», 
«Қалмақ биі», «Бел асар», «Абылайдың қара жорғасы», «Кеңес» т.б. 
күйлерді айтуға болады. Бұл кезеңдегі күйлердің типологиялық қасиеті 
ретінде этикалық сабыр мен тереңдікті айтуға болады.
Бесінші ХVІІІ-XІX ғасырларда және XX ғасыр басында туған 
күйлер. Бұл кезеңнің рухани мұраларында саяси-әлеуметтік сарынның 
айқын көрініс тауып отыратынын баса айту керек. Әсіресе ұлттық 
дербестіктен айрылған халықтың хан-сұлтандарға, бай-патшаларға деген 
көзқарасы, көңіл-күйі, әлеуметтік айырмашылықтың ұлғаюы жалпы 
рухани мұрамызда, соның ішінде ән-күйлерімізде өте-мөте айқын 
көрінеді. Содан да болу керек, бұл кезеңдегі қазақтың музыкалық мұрасы 
ерекше молдығымен де, тақырыптың әр алуандығымен де, әуен-сазының 
мейлінше шыңдалған профессионалдық деңгейімен де айрықша назар 
аударады. Бұл кезеңде Байжігіт, Боғда, Құрманғазы, Тәттімбет, 
Дәулеткерей, Тоқа, Ықылас, Қазанғап, Сейтек сияқты дәулескер күйшілер 
қазақ музыкасының ұлттық тілін біржолата орнықтырып, жалпы 
адамзаттық мәні бар рухани феномен деңгейіне көтереді» (Марғұлан Ә.Х. 
Ежелгі жыр, аңыздар.-Алматы: Жазушы, 1985.-295 б.).
Күй өнері пайда болуының табиғи негіздерін бірден бекерге шығару 
сыңаржақтылық болып табылады. Бұл әсіресе мимезис, еліктеу 
құбылыстарына қатысты. Мысалы күйдегі әуен мен «әнші құстардыңң 


187 
сайрауында көптеген ұқсас белгілерді тауып алуға болады. Қазақ даласын 
А.В. Затаевич «ән теңізі» деп атаған. Шынымен, ұзатылып бара жатқан 
қыз әдетте өз «сыңсуынң өзі шығарып, айтатын. Еш бір жас жігіт өзінің 
сүйгеніне махаббатын қарапайым күнделікті әңгімелесетін жай ғана 
прозалық формада айтпай, арнайы сұлу ән шығаратын. Үйлену салтының 
тойларында ғұрыптық әндердің орындалуы музыкалық-поэтикалық 
спектакльдерге айналатын. Адам қайтыс болғанда да ән айтылатын. Егер 
қартайған кісі өзінің артынан ән шығаруға қабілеті жететін адамды 
көрмесе, өз «жоқтауынң өзі шығарып, жақындарына оны айтуға өсиет 
қалдыратын.
Дәстүрлi қазақ мәдениетiндегi 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет