«Мәдени антропология»
сөзінің мәні ұзақ жылдар бойы әр елде
түрлі мағынада, түрлі ұғымда қолданылып келді. XVIII ғасыр мен XIX
ғасырдың басында өмір сүрген ғалымдар «мәдени антропология» сөзін
мәдени айырмашылықтар мен әлемдегі бар адамға тән, жалпы адамзатты
сипаттайтын қасиеттер жиынтығы мағынасында қолданатын. Дегенмен
соңғы уақытта «мәдени антропология» термині мен «этнология» терминін
синоним ретінде жиі қолданатын болды. Мұнда айта кетер жайт, көптеген
антропологтардың ойынша,
қолданбалы антропология
өз алдына бөлек
сала болу қажет. Қолданбалы антропология дегеніміз – апаттардың
салдарын жоюда, медицина саласында, қоғамды дамытуда және басқа да
мәдениет пен қоғамдық маңызды салаларда мәдени антропологиядағы
идеяларды қолданысқа енгізу. Кең ауқымда алып қарағанда, қолданбалы
антропология биологиялық және лингвистикалық антропологияны немесе
тіпті археология мәселелерін де өз ішіне қамтуы мүмкін. Мәселен,
биологиялық антропология мәйіттің тірісінде кім болғанын анықтауға
көмектеседі. Антропологиялық лингвистика мылқау жандарға қатысты
және сөйлеу терапиясында қолданылуы мүмкін. Ал ежелгі суару жүйесіне
қатысты табылған археологиялық қазбалар заманауи су құбыры
құрылысына көмектесуі мүмкін.
Антропология біраз ортада, бірнеше құрылықта таза «мәдени
антропология» мәнінде қолданылатын болып қалыптасты. Мүмкін, бұл
дұрыс та шығар. Биологиялық антропология адам биологиясын зерттейді.
Ол көбіне «антропологияның» алғашқы кездегі, адамзатты зерттейтін
7
ғылым мағынасында пайдаланылады. Кейде бұл өзінің ескі «физикалық
антропология» терминіне балама ретінде аталады.
Мәдениет туралы ілім басқа мәдениетті зерттейтіндіктен,
мәдениеттану басқа адамдардың ойлау мәнерін өзімізше түсіндіруді
білдіреді. Теория болса, белгілі бір деңгейде біздің өзіміздің мәдени
мәнерде ойлауымызды түсіну болып саналады. Мәдениеттану үшін не
нәрсе маңызды және не нәрсенің маңызы жоқ екенін анықтап алмайынша,
онымен айналысу мүмкін емес. Студенттер мәдениет теориясының не
қажеті бар деген сұрақты жиі қояды. Дәл сол сияқты олар
мәдениеттанудың қажеті қанша деп те сұрауы мүмкін. Мәдениеттану
мәдениеттің абстрактілі мағынасын тереңірек түсінуге және (мәдениеттің
ерекшелігіне байланысты қалыптасқан) адамзат табиғатының болмысын
анықтауға қызмет етеді. Екінші жағынан, гуманитарлық теория мәдени
антропологиясыз қандай да бір мәнінен айырылады, өйткені мәдени
өзгешелікті түсіну – мәдениеттанулық мәселелердің ішіндегі ең
маңыздысы.
Қазіргі заманда мәдениеттану мәселелерінің өзектілігі мен
ауқымдылығын арттыратын бірнеше мәдени-әлеуметтік факторларды
атап өтейік. Алдымен осы факторлардың арасында ғаламдану үдерісінің
рөлі ерекше екендігіне назар аударған жөн. Әлемдік қауымдастықты
құрап отырған ұлттық мемлекеттер мен аймақтардың бір-біріне өзара
тәуелділігінің артуы, олардың жалпыға ортақ экономикалық, саяси және
мәдени ережелері бар бір жүйеге бірте-бірте тартылуы, интеграциялануы
дендеп бара
жатқан
жаһанданудан
(глобализация)
тыс
қала
алмайтынымыз белгілейді. Жаһандану жөніндегі түрлі көзқарастар болса
да, күшті ел әлсіз елге басымдық көрсете алмайтын, барша адамзат
жатырқамайтын мәдени ғаламдастыру негізінде жергілікті ұлттық
дәстүрлер мен ерекшеліктерді сақтай отырып, өзге өркениеттен, өзге
мәдениеттен талғап-таңдап, іріктеп, әлемдік мәдениетте лайықты орны
бар, біртұтас ұлттық мәдени кеңістік қалыптастырған ләзім. Осыған
сәйкес, Қазақстанда мәдени-саяси даму моделіне бағытталған жалпы
мемлекеттік саясаттың құралына енетіндер:
қоғамның жан-жақты дамуының алғы шарты болып табылатын
мәдениет тәуелсіздігін сақтау;
қоғамның негізгі субъектісі мен объектісі ретіндегі адамның жеке
тұлғалық құндылықтары мен шығармашылық дамуын бағалау;
қоғамның адамгершілік (діни, моральдық) және интеллектуальдық
ресурстарын дамыту мен қайта қалпына келтіру жөніндегі қамқорлығын
жүзеге асыру. Бұл бақылау орнату үшін мемлекетке адекватты
механизмдерді жасауға мүмкіндік береді;
құқықты базаларда, қоғамның жоғары дәстүрлі-моральдық
құндылықтар мен этникалық нормаларға жетуі;
8
негізгі ұлт қазақ халқының мәдени құндылықтарын басшылыққа
алу және оны басқа ұлт өкілдерінің қабылдап, бейімделуін реттеу арқылы
ұлттық модельді қалыптастыру және т.б..
XXІ
ғасырда мәдениеттанудың тағы бір саласы
Достарыңызбен бөлісу: |