13
1.3. Өркениет – мәдени-философиялық талдау нысаны ретінде
Мәдениет ұғымымен тығыз қарым-қатынаста жүретін және
маңыздылығы жағынан кем түспейтін «өркениет» ұғымының
болмысын қарастыратын болсақ, оның белгілі бір дәрежеде мәдени
мәнге ие екенін байқауға болады. Сонымен қатар, өркениет дегеніміз
мәдениетті толықтырушы және осы мәдениеттің қайталанбас, дара,
қажетті сәті. Олай болса, өркениет шекарасының мәдениет негізінде
айқындалары сөзсіз. Мәдениет ұғымын онтологиялық тұрғыда алып
қарайтын болсақ, өркениеттен жоғары екенін көреміз. Неміс ғалымы
және мәдениеттанушысы Освальд Шпенглердің пікірінше, әрбір
мәдениеттің өзіндік жеке өркениеті болады. Оның ойынша, өркениет
мәдениеттің құтылмас, шарасыз тағдыры болып табылады. Өркениет
жоғары адамдар типінің қол жеткізе алатын ең соңғы және өте жасанды
мәні. Олар – соңы, бірақ та олар ішкі қажеттілік үдеріс барысында әр
қашанда шынайылылықпен сипатталады (Шпенглер О. Закат Европы.
Очерки морфологии мировой истории. Гештальт и действительность. –
М: Мысль, 1998. – 163-164 бб.).
Негізінен О. Шпенглердің осы ойымен қосылуға тура келеді, бірақ
мәселе басқада. Бұғанға дейін қалыптасқан адамзат тарихы екі
ерекшеліктермен сипатталынады. Біріншіден, өркениеттік-әлеуметтік
өлшем
біртіндеп
мәдени-әлеуметтік
өлшемнен
бөлектелініп,
алшақтатылып, өзіндік ерекше жеке бір салаға айналады. Екіншіден,
әлеуметтік-орталықтық тенденция ежелгі адамзат тарихының барлық
кезеңінде өлшеусіз болып келді. Нәтижесінде, тарихтың белгілі бір
кезеңі (нақтырақ айтар болсақ, қоғамның архаикалық типінен
антагонистік типіне өту) жоғарыда аталып отырған өлшемдер негізінде
онтологиялық «инверсиядан» (өзара өзгерістен) өтеді. Осы уақыттан
бастап, өркениеттік-әлеуметтік өлшем тарихи үдерісте үстемдік етіп,
қалыптасудың абсолюттік қозғалыстық бағытын жойып, тарихтың
әлеуметтік-мәдени өлшемінің архитектоникалық (бір тұтастықта
бөлшектердің үйлесімділікте болуы) ұжымы ендігі жерде өркениеттік-
социумдық өлшемнің көп қабаттылығымен жүзеге асырылып отырды.
Яғни, мыңдаған жылдарға созылған тарих ағысында өркениет
мәдениетке өз үстемдігін жүргізіп келді. Күштінің әлсізге билік
жүргізуі адамзат тарихының және адамзат болмысының бұрмалануы
дегенге келіп саяды. Мәдениеттер мен өркениеттер өздігінен бір-
бірімен алмаспайды. Өркениетке ерекше түсінік берген батыс ғалымы
О. Шпенглер: «Екі мәдениет бір-бірімен екі адамның қарым-
қатынастық байланысы негізінде немесе бір мәдениет адамы көз
алдында өзге мәдениет формасының өлі әлемін көрген кезде ғана
жанаса алады. Қандай жағдай болмасын бұл жерден байқайтынымыз
тек бір ғана адамның әрекеттілілігі», – деген ойға келеді. Демек, ғалым
ойы, қай қырынан алып қарайтын болсақ та, барлығына негіз болып
отырған адам баласы екендігіне көзімізді жеткізе түседі.
14
Мәдениет және өркениет ұғымдары көбінесе бір-бірінен
ажыратылмай, тең қаралады. Олар шынында да ұқсас болып келеді, бірақ
олардың арасында едәуір өзгеріс бар. «Өркениет» термині «мәдениет»
терминіне қарағанда кеш ХVIII ғасырда ғана пайда болды. Оның авторы,
бір жорамал бойынша шотланд философы А. Фергюссон болып саналады,
ол адамзат тарихын жабайылық, варварлық және өркениет деп бөлді,
соңғысын ол қоғамдық дамудың жоғары дәрежесі ретінде түсіндіреді.
Басқа жорамал бойынша «өркениет» терминін француздың ағартушы-
философтары ойлап тапқан және екі мағынада қолданылған: кең және тар
мағынада. Біріншісі, Фергюссонның тұжырымымен үндес, ақыл-парасат,
әділдік және діни шыдамдылық бастауына негізделген жоғары дамыған
қоғам дегенді білдіреді. Екінші мағынасы, «мәдениет» ұғымымен тығыз
байланысты
және
адамның
нақты
қасиеттері-ақылдылықтың,
білімділіктің, сыпайылықтың жиынтығын білдіреді.
Өркениет негізін мәдениет құрайды, яғни өркениет мәдениеттің
сыртқы формасы, қабығы. Жер жүзіндегі мәдениеттердің барлығы
құрылымы жағынан бір-біріне өте ұқсас. Кез келген мәдениеттің белгілі
бір ерекше тұсы келесі мәдениетте әлсіздік танытса, дәл осы әлсіздік өзге
мәдениет өркендеуінің басты себебі болуы мүмкін. Демек, мәдениеттер
әрдайым өзгерісте, олардың өзіндік ерекшеліктері мәдени белгілер
жиынтығының ұдайылығы мен екпінінен айқын көрінеді. Өзгермелі
мәдениеттің орны мен уақыты ауысқан сәтте, мәдениет субъектілері –
этнос, социум, тұлғалар да өзгеріп отырады. Ол үшін біз мәдениет
динамикасын өте жақсы меңгеруіміз қажет, тек осындай білім ғана бізге
константты анықтауға жәрдем береді. Үздіксіз үдерісті меңгеру
феноменнің үстемдік етуші белгілерін анықтайды, әрі бейімделуге
қолайлы қозғалмалы-иілгіш қалыпқа келіп, терең зерттеуді талап етеді.
Өркениеттің негізгі қызметтерінің бірі-қарым-қатынас, яғни, ғылыми
тілдегі коммуникация. Өркениеттер келесі бір өркениеттермен әрдайым
түрлі деңгейлерде қарым-қатынасқа түседі. Бұл өркениет болмысының
міндетті түрдегі шарты, себебі бұл үдеріс жаңаға еніп, жаңа ішінде пайда
болып, онда мықтап орнығады. Осы үдеріс жаңаны меңгерудегі
айналымды құрайды. Кез келген өзгеріс аталмыш үдерісті толық
аяқтамаса да, өркениеттің ішкі қатпараларын игере алады, бірақ бұл
өзгеріс
мәдениеттің
өзегіне
айнала
алмайды,
оны
мәдениет
мойындамайды да, себебі өзгеріске ұшырау барысында белгілі бір
үйлесімділік заңдылығы бұзылады. Әртүрлі өркениеттердің қарым-
қатынасы кезіндегі ең керемет, әрі ең қызықты сәт, жаңаға жолсерік
болған жатық механизмдердің өзара ықпалдастығы мен ортадағы
делдалдық қызметі. Біздің ойымызша, осындай сәттерден кейін нағыз
шындыққа айналу мүмкіндігі бар тамаша мифтер, қиял-ғажайып
ертегілер туындайды. Ұшатын кілем, мың шақырымнан дауыс еститін –
«саққұлақ», бір көлдің суын тауысатын – «көлсоғар», желден жүйрік –
«желаяқ», су бетіне қарап ақпарат алатын – «мыстан кемпір» т.б. мысал
15
бола алады. Кейде мұндай мифтер идеологиялық ағымға немесе
бұқаралық қозғалыстарға ұмтылдырушы күшке де айналып кетеді.
Мәдениет пен өркениет арақатынасы туралы көзқарастардың барлық
алуан түрін соңында үш негізгіге әкеп тіреуге болады. Бірінші жағдайда
өркениет пен мәдениет ұғымы синоним ретінде болады, олардың
арасында едәуір айырмашылық болмайды. Мысал ретінде беделді
ағылшын тарихшысы А. Тойнбидің тұжырымына жүгінуге болады, ол
өркениетті рухани аспектіге көңіл қоя отырып, дінді басты және нақты
элемент деп санай отырып, мәдениеттің нақты фазасы ретінде
қарастырды.
Екінші жағдайда мәдениет пен өркениет арасында ұқсастық пен
маңызды айырмашылықтар байқалады. Француз тарихшысы Ф. Бродель
де осындай көзқараста болды, ол өркениет жиынтықты құрайтын
элементтердің бірі ретінде, ең алдымен рухани құбылыстардың мәдениет
негізін құрайды деген тұжырымды ұстады.
Үшінші тәсілді жақтайтындар мәдениет пен өркениетті қарсы
қояды. Бұған неміс мәдениеттанушысы О. Шпенглердің теориясы мысал
бола алады, оған сәйкес өркениет-өліп бара жатқан мәдениет. Шпенглер
өркениет мәдениеттің артынан «қалыптасудың артынан, өмірден кейін
өлім болатындай, дамудан кейін дағдарыс болатындай, ақылдың
қартаюы» тәрізді жүреді деп жазды. Оның ойынша, мәдениет тірі және
өсіп жатқан ағза, ол өнер мен әдебиет, тұлғаның шығармашылық гүлденуі
үшін еркіндік береді. Өркениетте көркем шығармашылыққа жол жоқ,
онда техника мен жансыз интеллект билік құрады, ол адамдарды жояды.
Мәдениет пен өркениет арақатынасын түсінуде бірінші екі тәсіл ең
қолайлысы болып саналады. Осы құбылыстар арасында шынында да көп
ортақ қасиеттер бар, олар өзара тығыз байланысты, бір-бірімен жанасып,
бір-біріне ауысады. Бұған ең алдымен неміс романтиктері көңіл бөлді,
олар мәдениеттің өркениетке айналатынын, ал өркениет мәдениетке
айналатындығын атап көрсетті. Сондықтан күнделікті өмірде біздің мұны
айыра білмейтіндігіміз белгілі.
Басқа да жіктеулер бар. Қарастыру масштабына байланысты
өркениет аумақты, яғни әлемдік, континентальды (мысалы, еуропалық),
ұлттық (француз, ағылшын), аймақтық (солтүстікафрикалық) болуы
мүмкін. Шығыстанушы ғалымдар өркениеттер жіктемесіне басқаша
көзқараста, олар ең алдымен өркениет өзінің қайталанбас даму жолдары
бар екі тармаққа – Батыс пен Шығысқа бөлінгендігін айтады, оның ішінде
«табиғи» және «қалыптысы» Шығыс болып саналады, ал Батыс мутация,
ауытқу ретінде қарастырылады.
Басқа ғалымдар да барлық өркениеттерді екі типке бөліп қарайды,
бірақ оларды басқаша түсіндіреді: олардың бірі – техногенді Батыс
Еуропаға тән, ал екіншісі – психогенді шығыс елдеріне тән, оған ертедегі
үнді өркениеті мысал бола алады. Ал кейде өркениетке материалдық
мәдениетті жатқызады, ал мәдениет деп рухани мәдениетті айтады.
16
Алуан түрлі көзқарастарға қарамастан, олар бір-біріне жақын.
Өркениеттің ең маңызды белгілері мыналар: 1) мемлекеттің құрылуы, 2)
жазудың пайда болуы, 3) егін шаруашылығының басқа кәсіп түрлерінен
бөлініп шығуы, 4) қоғамның таптарға жіктелуі, 5) қалалардың пайда
болуы. Алғашқы екі белгінің болуын міндетті деп санайды, ал
қалғандардың қажеттілігі күмән тудырады. Ал мәдениетке келсек, онда
ұлттық ерекшелік пен бірегейлік, қайталанбастық пен сонылық,
құбылмалық пен жаңашылдық, өзіне-өзі қанағаттанбау, сыни және
шығармашылық бастау, бағалылық, биік идеалға ұмтылу бірінші кезекте
орын алады.
«Өркениет» ұғымы антик қоғамының жабайы ортадан сапалық
ерекшелігінің анықтамасы ретінде сонау көне дәуірде пайда болды. XIX
ғасырдың Ағарту дәуірінде әлеуметтік мәдени дамудың ең биік
сипаттамасы ретінде қолданылады. XX ғасырда О. Шпенглер мен А.
Тойнби еңбектерінде бұл термин анық көрінген ерекшелігі бар жергілікті
қауымдастық мағынасы, яғни «тарихи өркениеттер» (Қытай, Вавилон,
түркі, мұсылман, ортағасыр, т.б.) мағынасын алды.
Соңғы кездері өркениетті бір аймақта тұратын халықтардың тарихи
тағдырластығы, олардың арасындағы ұзақ та тығыз мәдени байланыс
нәтижесінде әлеуметтік ұйымдасуы мен реттелудің-заңдық және саяси
жүйелерде, шаруашылық түрлері формаларында, дін, философия, ғылым,
білім
жүйесі,
көркем
шығармашылықта-этноаралық
жергілікті
қауымдастық деген анықтама кеңінен тарап отыр (Хамидов А.А.
Паритетность культур и конфронтационность цивилизаций//Мир
начинается у твоего порога. Сб. статей.-Алматы: Қазақ университеті,
2000. – 76-87 бб.).
Сонымен, өркениет категориясы келесі негізгі мағыналарда
қолданылады:
-
мәдениеттің синонимі ретінде;
-
қоғамдық дамудың үшінші кезеңі ретінде, бірінші кезеңі
жабайылық, екінші кезеңі – варварлық (Льюис Морган, Фридрих
Энгельс);
-
локалды-циклдік және әлеуметтік-мәдени құрылым ретінде (Н.
Данилевский, А. Тойнби және т.б.);
-
мәдениет дамуының регрессивті кезеңі, яғни оның деградация
кезеңі (О. Шпенглер, Н. Бердяев);
-
этимология жағынан «азаматтық» деген ұғыммен байланысты,
«сivilization» қалалық өмір деген мағынаны береді.
Яғни, барлық бұл ыңғайларда өркениет деп саяси, тұрмыстық-
шаруашылық, әлеуметтік қарым-қатынаспен сипатталатын қоғамдық
дамудың белгілі бір күйі белгіленеді. Бұл жағдайда, өркениет ұғымы
хронологиялық немесе аумақтық мағынада алынатыны маңызды емес.
Бастысы, шамамен, барлық уақыттарда өркениет бойына өмір
мән-мазмұнын дарытқан өзіндік ерекшелігі бар қабық болып табылады.
17
Ал бұл өмір мән-мазмұнында әлеуметтік жүйенің дамуы жүзеге асады.
Сол
уақытта
эмпирикалық
деңгейде
өркениет
материалды
артефакттарға айнала отырып, нәтижесінде қоғамдық өмірдің
материалды субстратына (негізіне) айналады.
Ғылым мен техниканың тыңғылықты және динамикалық дамуы
нәтижесінде әлеуметтік өмірдің барлық салаларына өзгеріс енгізілуде.
Тек еңбектің мән-мазмұны ғана емес, сонымен қатар, мәдениет
құрылымы мен қазіргі өркениет жүйесі де өзгеріске ұшырап отыр.
Қазіргі уақытта жаңа өркениеттік жүйе туып, cөйтіп, біздің өміріміздің
жаңа заңдылығы қалыптасты, мысалы, «ақпараттық өркениет»,
«техникалық өркениет» және т.б.
Тарих тұрғысынан қарастырар болсақ, өркениеттің дүниеге келуі –
адам баласының және қоғамның әрекеттерінің өзгеру салдарынан
болды. Мәдениет пен өркениеттің дамуы негізінде қоршаған ортаның,
табиғаттың, адам баласының өзі және адамзаттық қоғамның қайта
қалыптасу үрдісі жатыр.
Бірқатар зерттеушілер мәдениет пен өркениетті қатар қояды, ал
екінші бір топ зерттеушілер мәдениет пен өркениетті бір-біріне қарама-
қарсы келетін жүйелер деп тұжырым жасайды. Мысалы, Макс Вебердің
ойынша, мәдениет пен өркениет бір-бірінен ерекшеленеді, өйткені
мәдениет дегеніміз бұл рухани және қайталанбас құбылыс, ал өркениет
болса өзінің интеллектуалды табиғатынан-анонимді (жасырынды).
Өркениет-бұл адам баласының ғылымда, техникада және жобалауда
бейнеленген ақыл арқылы табиғатты иемденуі. Ал мәдениет болса-бұл
адам баласы рухының жүзеге асуы.
Жоғары дамыған күрделі техника да, ғылыми табыстар да әртүрлі
мақсатқа қолданылуы мүмкін. Өркениеттілікке оларды тек қоғамдық
прогреске қызмет еткізу жатады. Мәселен, неміс фашистері КСРО-ға
опасыздықпен соғыс ашқанда, олардың техникасы да, соғыс жүргізу әдісі
де, соғыс күші де біздің бұрынғы еліміздегіден жоғары болды. Бірақ
сонымен бірге олар адамды қырудың түрлі әдістерін, құралдарын жасап
қолданды, бала, кемпір-шал, әйелдерді топтап атты, мұражайларды
қиратты. Олардың елін өркениетті деуге бола ма? Жоқ, болмайды! Сонда
өркениеттілік неге байланысты? Ол ең алдымен прогреске, заңдылыққа,
ізгілікке, әділеттікке байланысты. Біздің де демократиялық, құқылық,
ізгілікті ел болуға ұмтылуымыз да сондықтан.
Достарыңызбен бөлісу: |