Оқулық Алматы 2021 Барлық оқу формаларындағы «Мәдениеттану»


 Мәдениеттің құрылымы және формалары



Pdf көрінісі
бет9/69
Дата02.12.2023
өлшемі3,53 Mb.
#132232
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   69
 
1.4. Мәдениеттің құрылымы және формалары 
Мәдениет материалды мәдениет және рухани мәдениетке бөлінеді. 
Матералды мәдениет бұл негізінен адамды қоршаған жасанды орта яғни 
адамның қолымен жасалып шыққан болса неге адамның ақылының 
ықпалы, ойы, парасаты араласқан болса соның бәрі мәдениетке жатады. 
Матерялды мәдениет бұл ғылыми тілде артефактілер яғни жасанды құнды 
құбылыстар деп аударылады. Әрине материалды мәдениет өте маңызды 


18 
бірақ сонымен бірге рухани құбылыстармен тығыз байланысты. Рухани 
мәдениет жалпы мәдениеттің өзегіг құрастырады. Біз рухани мәдениет 
туралы айтқанда рух және жан деген ұғымды бір бірінен ажырата білуіміз 
керек. Жан субъективті категория психологилық ұғым, себебі адам 
бекерден бекер жаным ашиды, жаным ауырады деп айтпайды. Рух бұл 
жағынан алғанда ерекше объективті құбылыс халықтың рухы туралы 
айтады жалпы әлемдік рух туралы айтылады.
Адам баласы өмірінің басты мақсаты-мәдениет ұстындарына 
сүйене отырып, өзінің бойындағы қасиетті дәйекті де тұғырлы етіп 
тәрбиелей отырып, жүзеге асыру. Өйткені мәдениеттің өзі өмірдің 
тиянақтылығын, дәйектілігін, мәнділігін, табандылығын, тұрақтылығын 
қамтамасыз ететін бірден-бір институт болып табылады. ХХІ ғасырда 
басталған жаңа үрдістерде көп деңгейлі және көп мағыналы болып 
табылатын осы мәдениет феноменіне өскен қызығушылық себептерінің 
бірі-қазіргі кездегі қоғамдық өмірде дәйексіздік, тұрақсыздық, 
тиянақсыздық, негативтілік сияқты белгілердің біршама орын 
алғандығынан деп білу қажет. Қоғамда айқын көрінетін мына 
жағдайлар-ата-ана мен баласы арасындағы түсініспеушілік, олардың 
арасындағы дау-жанжалдар, адамдардың бір-біріне сенімсіздік білдіруі, 
бір мемлекеттің азаматтары бола тұрып, ұлтқа, нәсілдікке, діни 
ұстанымға бөліну, бір-бірін белгілі бір себепсіздіктен жек көру, т.с.с. 
негативті бейсаналыққа, эмоцияларға негізделген келеңсіздіктер қоғам, 
мемлекет, әлем өмірінде орын алып келуде. Мұның себебін іздеп, 
анықтап алудың кезі әбден келді деуге болады. Ал қоғам өміріндегі 
мәдениет функцияларының бірі-бұл реттеу функциясы. Оның негізгі 
мәні-адамдардың қоғамдық және жеке әрекет түрлерін реттеу. 
Мәдениет мораль мен құқыққа негізделе отырып, адамдардың мінез-
құлқына ықпал етеді.
XVIII ғасырдан бастап көрсетілген үрдістер ұлттық және әлемдік 
мәдениеттер арасындағы қатынастар мәселесін құра отырып, мәдени 
релятивизм мен мәдени әмбебаптылық нысанында болады. Мәдени 
релятивизмнің басында француз философы Монтень тұрды, ол әрбір ұлт 
өзінің жеке ұлттық идеясын құрайды деп болжаған. Алайда бұл неміс 
философы Гердердің жұмыстарында жеткілікті түрде дайын күйінде 
ұсынылған. 
Мәдени 
релятивизмнің 
қазіргі 
өкілі 
француз 
мәдениеттанушысы К. Леви-Строс болды.
Мәдени әмбебаптылықтың белгілі өкілдері Руссо, Кант, Гете, 
көптеген ағартушы-философтар адамгершілік әмбебапты, көпшілік 
ұстындар жағында болады деп болжаған. Кант белгілі кесімді 
императивті тұжырымдады, оған сәйкес егер қылық әмбебапты, жарамды 
болса, жақсы болып саналады. Осыдан әділеттілік жалпылық болады, 
әділеттілік дәрежесі әмбебаптылық дәрежесіне сай келеді. 
Көпшілікке арналған әдебиетте мәдениет мәселесін рухани, 
көркемдік салалармен байланыстыра қарау басым. Шынына келгенде, 


19 
мәдениет-адам әрекетінің, саналы қызметінің көрінісі. Олай болса, оған 
рухани да, материалдық та жетістіктер жатады. Басқаша айтқанда, адам 
болу үшін еңбек құралдарын жасауы, сөйлесуі, пікір алысуы, түсінісуі 
қажет.
Мәдениеттің философиялық сипаттамасын оның құрылымы арқылы 
көруге болады. Ресми әдебиетте «саяси мәдениет», «экономикалық ойлау 
мәдениеті», «адамгершілік мәдениеті», «тәрбие мәдениеті», «ұлтаралық 
қатынас мәдениеті» деген көптеген мәдениетке қатысты сөз тіркестері 
кездеседі. Олардың әрқайсысы, жекелеп алып қарағанда, философиялық 
мәселелер. Басқаша айтқанда, философия мен мәдениеттің арақатынасы 
қоғамның рухани өмірінде орын алатын келелі, күрделі құбылыс екенін 
бөліп қарау қажет. 
Ұлттық 
және әлемдік мәдениеттер арасындағы қатынастар 
проблемасы кейде «Батыс – Шығыс» белгілі мәдениеттану дилеммасы 
арқылы қарастырылады. Батыс және Шығыс мәдениеттері арасындағы 
үйлесімділік немесе үйлесімсіздік туралы дау ертеде пайда болды және 
әлі шешімін таппай, жалғасуда. Оның бірін Р. Киплинг ұсынды: «Батыс 
ол Батыс. Шығыс ол Шығыс. Олар ешқашан қосылмайды». К. Юнг де 
осындай көзқараста болды. Ол Шығыс пен Батысқа тән ойлау типтері 
соншалық өзгеше болғандықтан, қосылу оларға мүмкін емес, әрі қажет 
емес деп есептеген. В. Соловьев керісінше, болашақта Шығыс пен Батыс 
бірыңғай әлемдік өркениетке бірігеді де, бұл «алқалық» ұстындардың 
толық жеңуіне негіз болады деп санаған. Мәдениеттің өзегін салт дәстүр 
құрастырады Гердер деген мәдениет зерттеушісі, дәстүр бұл мәдениеттің 
анасы мәдениетті дүниеге алып келген құбылыс деп қарастырады. Дәстүр 
сипатынан алғанда әрине рәсім үлкен роль атқарады, культ деген ұғымға 
тығыз байланысты. Жалпы алғанда мәдениеттің құрлымы өте күрделі 
мәдениетке, рухани мәдениеттілікке негізінен бұл әлем мәдениетті, 
көркем өнер мәдениетті яғни эстетикалық мәдениет, саяси мәдениет т.б. 
мәдениеттің түрлері жатады.
Дәстүрлер жүйесі қоғамдық жүйенің тұтастығын, тұрақтылығын 
бейнелейді. Оған өрескел қарауға болмайды, өйткені мәдениеттің нәзік 
және 
күрделі 
механизмдері 
бұзылуы 
мүмкін. 
Ескі 
рухани 
құндылықтарды, тарихи естелікті ұмыт қалдырып, рухани өмірді 
жақсарту мүмкін емес. Екінші жағынан, мәдениет жаңарусыз болмайды. 
Шығармашылық, өзгеріс қоғам дамуының екінші жағы болып табылады. 
Дәстүрлер мен жаңарулар бірлігі – кез келген мәдениеттің әмбебап 
сипаттамасы. 
Мәдениетте 
дәстүрлер 
мен 
жаңарулардың, 
шығармашылықтың әртүрлі арақатынасы қоғамдар үшін дәстүрлі және 
қазіргі негізді береді. Бірінші дәстүрлерде шығармашылыққа билік 
жүргізеді. Мәдени үлгілер бастапқы түрінде өндіріледі. Өзгерістер 
жүйесіз және кездейсоқ жолмен дәстүрлер шеңберінде енгізіледі. 
Нормадан ауытқу қабылданбайды және теріске шығарылады. 


20 
Мәдениет нормалары-нақты үлгілер, мінез-құлық пен әрекет 
ережелері. Олар қоғамның үйреншікті танымында қалыптасады, 
бекітіледі. Осы деңгейде мәдени нормалардың қалыптасуында дәстүрлі 
және аңдаусыз сәттер үлкен рөл атқарады. Қабылдау дәстүрлері мен 
тәсілдері жылдар бойы қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған. 
Қайта өңделген түрінде мәдени нормалар идеологияда, этикалық 
ілімдерде, діни тұжырымдарда іске асырылған. 
Мәдениеттің нормативтілігі адамдардың тұлғааралық, көпшілік 
қарым-қатынастары және әртүрлі әлеуметтік институттардың жұмыс 
істеуі арқасында қолдау табады. Ұрпақтан ұрпаққа рухани тәжірибені 
жеткізуде білім беру жүйесі орасан зор рөл атқарады. Онда өмірге аттап 
басқан индивид тек білім алып қана қоймайды, қабылдау мен әрекет ету, 
қоршаған ортаны түсіну және қатынас жасау ұстындарын, нормаларын 
алады. Мәдениет нормалары өзгермелі, мәдениет ашық сипатта болады. 
Ол қоғамда болып жатқан өзгерістерді бейнелейді. 
Мәдениет-адамдардың әлеуметтік мінез әрекеттерінің түрі немесе 
ерекше формасы. Мәдениеттің пәндік мазмұнын сараптай отырып, Б. 
Малиновский мынадай қорытындыға келді: Мәдениет-бұл артефакт 
әлемі. Артефакт дегеніміз жасандылық жолмен жасалған объект немесе 
зат. Артефактыны оның мәдени формасынан және материалды негізден 
(субстраттан) айыруға болмайды. Ол белгілі бір мәдениет контекстінде 
(аяқталған дүние) ғана жасалынады және тіршілік етеді.
Мәдениеттің әлеуметтік рөлін ары қарай анықтар болсақ, оның 
рөлі зор екенін байқаймыз. Яғни, мәдениет адам баласын жабайылық 
пен тұрпайылыққа, еріншектік пен зұлымдылыққа, менменшілдік пен 
жауапкершіліксіздікке жол бермейді. 
Адам баласы өмірінің басты мақсаты-мәдениет ұстындарына 
сүйене отырып, өзінің бойындағы қасиетті дәйекті де тұғырлы етіп 
тәрбиелей отырып, жүзеге асыру. Өйткені мәдениеттің өзі өмірдің 
тиянақтылығын, дәйектілігін, мәнділігін, табандылығын, тұрақтылығын 
қамтамасыз ететін бірден-бір институт болып табылады. ХХІ ғасырда 
басталған жаңа үрдістерде көп деңгейлі және көп мағыналы болып 
табылатын осы мәдениет феноменіне өскен қызығушылық себептерінің 
бірі-қазіргі кездегі қоғамдық өмірде дәйексіздік, тұрақсыздық, 
тиянақсыздық, негативтілік сияқты белгілердің біршама орын 
алғандығынан деп білу қажет. Қоғамда айқын көрінетін мына 
жағдайлар-ата-ана мен баласы арасындағы түсініспеушілік, олардың 
арасындағы дау-жанжалдар, адамдардың бір-біріне сенімсіздік білдіруі, 
бір мемлекеттің азаматтары бола тұрып, ұлтқа, нәсілдікке, діни 
ұстанымға бөліну, бір-бірін белгілі бір себепсіздіктен жек көру, т.с.с. 
негативті бейсаналыққа, эмоцияларға негізделген келеңсіздіктер қоғам, 
мемлекет, әлем өмірінде орын алып келуде. Мұның себебін іздеп, 
анықтап алудың кезі әбден келді деуге болады. Ал қоғам өміріндегі 
мәдениет функцияларының бірі-бұл реттеу функциясы. Оның негізгі 


21 
мәні-адамдардың қоғамдық және жеке әрекет түрлерін реттеу. 
Мәдениет мораль мен құқыққа негізделе отырып, адамдардың мінез-
құлқына ықпал етеді.
Мәдениет функциялары бір жақты да емес, бір сатылы да емес 
болып табылады. Мәдениет функциялары аясына жеке адамға, қоғамға, 
халыққа, ұлтқа, мемлекетке және әлемге қатысты мәдени ұстанымдар 
жүйесі енеді. Айтып кететін бір нәрсе, мәдениетті анықтаудағы үш 
көзқарасты қолдана отырып, зерттеуші соған тән барлық үдерістерді 
толық қарастыра алады: тарихи (уақыттылық)-қандай да бір мәдени 
құбылыстардың өмір сүруінің уақыты және орны; формальды-
функциональды 
(уақыттан 
тыс)-мәдениеттің 
қызметі 
мен 
құбылыстарын талдау, олардың уақыттан тыс, қайталанатын және кері 
түріндегі үдерістерін, интеграция мен дезинтеграцияны түсіну; 
формальды-уақыттылық үдеріс, әдетте, мәдениеттің өсуі немесе дамуы 
деп атайды-бұл мәдени жүйенің әр уақытта өзгеруі, бір форма алдыңғы 
формадан шығуы және келесі бір формаға айналуы. Бұл үдерістің 
шеңберінде 
өзгерістер 
жеке 
құбылыстармен 
емес, 
мәдени 
құбылыстардың сыныптарымен болады.
Мәдениет-ақпараттық үдеріске қосылған өзіндік ерекшелігі бар 
механизм, ол, сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар ақпараттарды 
қалыптастыратын және тасымалдайтын механизм болып табылады. 
Басқа сөзбен айтқанда, мәдениеттің өнімі-бұл белгілік құралдар 
арқасында қоғамда жасалынатын және сақталынатын әлеуметтік 
ақпарат. Мәдениеттің әлеуметтік рөлін ары қарай анықтар болсақ, оның 
рөлі зор екенін байқаймыз. Яғни, мәдениет адам баласын жабайылық 
пен тұрпайылыққа, еріншектік пен зұлымдылыққа, менменшілдік пен 
жауапсыздыққа жол бермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет