9
Қоғамның
моральдық
стандарттарын
жетілдіру,
мәдени-
ақпараттық кеңістікте туындайтын мәдениетке қарсы (немесе жалған
мәдени) құбылыстарды ығыстыру үшін мәдениеттің шектегіш-реттеуіш
тетіктерін жандандыру ләзім. Қазіргі ғылым бойынша мәдениет ең
алдымен бүкіл қоғамдық организмнің рухани ұйымдастырушысы ретінде,
оң идеялар мен құндылықтарды көркем шығармашылық арқылы
тұлғалаушы және таратушы ретінде нақ сол мәдениет бүгінгі
уақытта
адамның өмірдегі өз орнын еркін таңдауы мен орнығуы үшін жағдайлар
жасау жолымен, тарихи маңызды міндеттерді шешу үшін халықты
психологиялық жұмылдыруға көмектесуі тиіс. Осы тұрғыдан қарағанда
мәдениет адамдардың әлеуметтік масылдық таптаурындарын, моральдық
енжарлығын, пессимизм және ұлттық нигилизм, шығармашылық
селқостығын жою үшін берік әлеуметтік базаға (негізге) айналуы тиіс.
Жоғарыдағы мәдени бағдарламаны сараптағанда мынадай бір ой
туындайды. XXІ ғасыр табалдырығында болашағынан үміт күттіретін
мәдениет пен оның теориясы партикулярлық ұстанымдарға сүйенбеуі
қажет. Тек ашық,
сұхбатқа икемді, басқалармен үйлесімді этномәдениет
қана заман талаптарына сай бола алады. Болашақ мәдениеттанулық
зерттеулер мен жобалар қазақ мәдениетінің бірегейлігімен қоса, оның
диалогтық аймағын да зерделеуі қажет. Ал осыған дейінгі мәдени
ықпалдарды сылып тастап, «тап-таза қазақшылықты» уағыздау
«тәлібшілдіктің» бір көрінісі болар. «Таза беттен бастап,
батыстық
үлгімен жүре берейік» деу де қазақ мәдениетінің жасампаздық
потенциясы күмән келтіру. XІX ғасырда Батыс үстемдік етсе, XX ғасыр
капитализм мен социализмнің текетіресі түрінде болды, ал XXІ ғасырда
ахуал өзгерейін деп тұр. Әлем сахнасына С.Хантингтон жіктеген басқа да
суперөркениеттер шығайын деп тұр. Бұл да мәдениеттанулық талдауды
қажет ететін мәселеге жатады.
Қазақстанда мәдениеттану мамандығының өзектілігі әлемде жүріп
жатқан озық үрдістермен тікелей байланысты. Болон Декларациясына
сай, адамның сапалық параметрлерін қалыптастырушы және жетілдіруші
рухани өндірістің маңызды салаларының бірі-білім беру саласы. Білім
беру бір жағынан, тұтас ұлттың интеллектуалды
потенциалының дамуы
және тереңдеуінің факторы болса, екінші жағынан-адам мүмкіндіктерінің
барынша жүзеге асуының іргелі алғышарты. Білім беру экономикалық
өсудің маңызды факторы, адами капиталдың ең маңызды өлшемі.
Қазақстан халықтың «тапқырлық» деңгейі (яғни, антропологиялық
әлеуеттің дамуы), ғылыми-зерттеу базасының, адам туралы ғылымдағы
білімнің сапасы бойынша, сондай-ақ базалық инфрақұрылымның жаман
емес жағдайына қатысты айтарлықтай жоғары бағаланымен, шешілмеген
мәселелер жеткілікті.
Адам
капиталы тұрғысынан ғылымға, білімге, бір
адамға жұмсалатын қаржыны есептегенде біз, әрине, әлі де болса жоғары
деңгейге көтеріле алмай отырмыз. Қазақстанда индустриялық-
инновациялық бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Міне, сондықтан
10
адам капиталының әлеуетін көтеретін кез келді. Осы мақсатта еліміздің
экономикасын дамытуға мүмкіндік беретін адам капиталын дамыту
жолында интеллектуалдық элита қалыптастыру үшін мәдениеттану
бойынша зерттеулер өте маңызды құрал болып табылады.
Елді жаңғырту стратегиясын іске асырудың табыстылығы, ең
алдымен, қазақстандықтардың мәдениеті мен біліміне байланысты. Білім
беру
саласында
экономикамызды
жеделдете
модернизациялап,
инновациялық-индустриялдық экономикаға көтеру үшін Қазақстанға
біздің ұлтымыздың әлеуетін оятуға және жүзеге
асыруға жағдай
жасайтын кафедрада дайындалған оқулықтар, оқу құралдары мен
монографиялар
сияқты білім көздері арқылы
интелектуалды төңкеріс
қажет.
Достарыңызбен бөлісу: