Оқулық Алматы 2021 Барлық оқу формаларындағы «Мәдениеттану»



Pdf көрінісі
бет17/69
Дата02.12.2023
өлшемі3,53 Mb.
#132232
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   69
Байланысты:
мадениеттану кытап

3.4. Мәдени рәміз 
Рәміздеу, егер де онда рәмізделу жүретін, әлеуметтік қарым-
қатынастардың кеңмәтіні болмаса, олар бар бола алмайтын және олар 
осыған дейін құрастырылмаған, объектілерді құрастырады. Олар алдын 
ала көз алдымызда болатын, әлдебір жағдаят немесе әлдебір объектіні тіл 
тек жай ғана рәміздеп қоймайды, ол бұл жағдаяттың немесе бұл 
объектінің өмір сүруін немесе пайда болуын мүмкін етеді. Өйткені ол, 
онда бұл жағдаят немесе бұл объект тек жасалынатын, сол тетіктің бөлігі 
болып табылады. Әлеуметтік үдеріс бір индивидтің үн қатуын басқаның 
әуенімен соңғының мағынасы сапасында ара қатыстырады және, ендеше, 
осы әлеуметтік жағдайдағы жаңа объектілердің - осы мағыналардан 
тәуелді немесе олармен құрастырылатын, объектілердің пайда болуы мен 
өмір сүруінің шарты болып табылады. Мағына, мәнісінде, тек ментальды, 
тәжірибе аймағынан тыс өмір сүретін немесе өмір сүруіне қолдау 
көрсетіп отыратын, оған олар тек кейін ғана ене алатын, сананың әлдебір 
күйі немесе ұйымдасқан қатынастардың әлдебір жиынтығы сапасында 
түсінілмеуі қажет. 


56 
Рәміз-(грек. танымдық белгі, таңба)-белгілі бір нәрсені өз қалпынан 
өзге, жанама сипатында алып көрсетуден туатын эстетикалық категория. 
Ол рәміздің шығуына алғашқы қиялдау, болжау, ертегі түстер, наным-
сенімдер секілді құбылыстар әсер етіп, жалпы адам санасының дамуымен 
өрбіді. Ю.М. Лотманның анықтамасына жүгінсек «рәміз ешқашан белгілі 
бір мәдениет кезеңіне тән емес, ол әрқашан бұл өткелден өтіп, өткеннен 
болашаққа сапар шегеді, басқаша айтсақ, рәміз мәдениеттің тұрақты 
элементі». Яғни мәдени рәміздер мәдениетке тән қалыпты құбылыс. 
Платон рәмізді мифтен бөліп талдау керек деп көрсетеді. Орта 
ғасырлардағы неміс романтиктерінің эстетикалық теориясының өкілдері 
(Ф.Шелинг т.б.) рәміз табиғатын идея мен бейненің ұқсастығы деп 
пайымдаса, Гегель романтизмді сынай отырып, рәмізді кейбір белгілер 
деп түсінік береді. Марксизм ғылымы да рәмізге тұжырым жасап, 
философиялық тұрғыдан дәлелдеме жасады. Рәмізді ең көп зерттеген 
автордың біріне Р.Барт жатады. Ю.М. Лотман бойынша, «рәміз ең 
түйінді мәндерді білдіреді. Сонымен қоса рәміз қашанда мәтін болып 
табылады». 
Рәміз мәселесі коммуникативтік семиотиканың түпнегізді және 
арнаулы зерттеу объектісі болғандықтан, бұл ұғымның кейбір 
ерекшеліктеріне тоқталайық. Ж.Мүтәліпов атап өткендей, қазіргі 
мәдениеттанулық мектептердің арасында оның рәмізшілдік арнасы 
ерекше роль атқарады. Осы мектептің негізін салушылардың бірі –
Э.Кассирер адамды ақылды жан деп анықтаудан оны рәміздік 
(символикалық) жан түсінігінде қарастыруды жөн көрген. Ол өзінің 
«Рәміздік формалардың философиясы» деген еңбегінде адам дүние мен өз 
санасының ортасына рәміздерді орналастырады дейді. Мәдениет 
семиотика тұрғысынан қарастырылады. ХХ ғасырда рәміз философиялық 
мәдениеттанулық әдебиетте өте жиi талқыланды. Интернет жүйесінде 
«Мәдениет рәміздері» деген сайт та бар.
Мәскеу қаласында жарияланған В.Рудневтің «Энциклопедический 
словарь культуры ХХ века» (М., 2001) еңбегінде рәміз және 
коммуникациялық таңбалардың арасындағы ішкі байланысқа ерекше 
назар аударылады. Рәміздік мектеп ХІХ ғасырдың аяғында Францияда 
еуропалық модернизмнің бір бағыты ретінде қалыптасты (П. Верлен, А. 
Рембо, С. Молларис), кейін Ресейде өрістеді (Д. Мережковский, З. 
Гиппиус, А. Блок ж.т.б.). Бұл бағыт өкілдері екі коммуникациялық 
таңбалар: күнделікті шындық дүниесі мен транценденттік ақиқат 
құндылықтарын рәміздеуді атап өтеді. Соңғысының өзегін абсолюттік 
сипаттағы рәміздер құрастырады. Өйткені оны мәдени мәтін деп айтуға 
болады. Мәтін шындықтың бейнесі емес, оны тек рәміздік тұрғыдан 
түсіндіруге мүмкіндік бар. Символистер көркем тәсілдерімен «Мәнгілік 
сұлулық», «Ханша», «Қалындық», «Сүйікті ханым», т.т. рәміздерін 
қазіргі коммуникациялық таңбаларға үйлесімді қоса білді. «Мәдениеттану 
сөздігінде» «қүнделіктіліктен жоғары жатқан шынайы құндылықтарды 


57 
танытудың пәрменді құралы-поэтикалық рәміз (символ) деп таныған 
символистер үшін алыстағы шалғай сырды тек интуиция арқылы сезіну 
мүмкін болып көрінеді»,-делінген. 
Рәміз мәдениетті біртұтастықты қамтиды, ал мәдениеттің 
біртұтастық құрылымы мазмұнында ғана емес, ол әр пішінді рәміз 
тәсілінде айқындайды. Рәміз әрдайым бар нәрсенің бар екенін табуға 
мүмкіндік беріп, ол ауыстырады, репрезентациялайды. Кез келген 
мәдениетте рәміздің атқаратын рөлі маңызды қасиетке ие. Рәміз деп 
қандай бір таңбаны, бірақ өзіндік көркем бейненің пішінінде, заттың 
ақпараттық мүмкіндікті көріністерін қамтитын және оның қалыптасқан 
идеялық бейнелік немесе идеялық-бейнелік құрылымды айтады. Рәміз 
теориясына Ч. Моррис, Э. Кассирер, А.Ф. Лосев және т.б ғалымдардың 
еңбектерінен анық айқындалған. Рәміз белгілі бір әлеуметтік саяси мәні 
бар, әр түрлі нышандар жүйесі ғана болып қана қоймай, онда қамтылған 
жинақты маңызды мазмұнды әрі қарай зерттеудің жалпылама қағидасын 
біріктіреді.
Дәстүрлi өмiр салтын қамтитын тұрақты көркемөнер белгiлерiн 
рәмiздiк, яғни таңбалық белгiлер деп атайды. Г.К. Вагнердің айтуынша: 
«Рәмiздi пішін жеке нәрсенi бейнелемейдi, құбылыс категорияларын 
бiлдiредi». 
Жеке 
нәрселердiң 
нақты 
бейнелерде 
өзiндiк 
канондық 
заңдылықтардан тұратын тұрақты белгiлері болмайды. Қазақтың дәстүрлi 
өнерiндегі заттың түсi мен оның мән-мағынасы негiзiнен тұрақты 
рәміздік ұғымдармен бекіп, оны қолданылу ретiне қарай анықтаған. «Кез 
келген жағдайда дәстүрді тұтастай өркениетпен теңдестіру Шығыс 
туралы сөз болғанда ғана әбден негізді болып табылады, себебі, бүтіндей 
алғандағы Шығыстың кез келген өркениетті сипаты бойынша дәстүр 
ретінде қарастырыла алады»,-дейді Р.Генон. Дәстүрлі мәдениеттегі 
рәміздік белгілер әрқашанда мәдени-әлеуметтік кодтаудың маңызды 
факторы болып табылады. Рәмізде маңызды кодтардың дүниетанымдық 
мәтіндері 
жинақталған. 
Осыған 
байланысты 
мәтіндердің 
мәні 
герменевтикалық зерттеу тәсілдерімен түсіндіріледі. Мәтін сөз талдаудың 
негізгі нысаны, түсінік пен құндылықтарды белгілейді. 
Мәдениет құндылықтар жүйесінен құралса, ал адамзат өз кезегінде 
өзінің жасампаз қызметінің үрдісінде рәміздік көріністерді қамтиды. 
Рәміз ұғымының әлеуметтік – мәдени табиғаты философиялық тұрғыдан 
зерделеуде киім тақырыбына қатысты маңызды қызмет атқарады. Рәміз 
зат қандай салада болмасын, өз табиғатын ерекше кескінді бейнелерде 
сипаттайды. Олардың бір–бірінен айырмашылықтары болуы заңды 
құбылыс және басқа қырынан көрсетумен қатар өз мәнінде қала отырып, 
адамның ғұмырлық іс-әрекетінің жасырын, құпия мәнге толы іргелі 
құндылықтарын, мұраттары мен идеяларын бейнелі түрде жүзеге 
асырады.


58 
Бұл психология ғылымында З. Фрейдтің психоанализ 
концепциясында жиі кездеседі. Тоқтала кетсек, адам санасының 
түкпірінде жатқан бейсаналық, ішкі шиенеліністер мен мәселелерді 
шешуде рәміздер мен рәміздік бейнелерді қолдану қазіргі психология 
саласында да өзекті бағыттардың бірі.
Рәміздің алғашқы алғышарты тілге деген қатынасы деп айтсақ, бұл 
түсініктерсіз семиотиканы ғылым ретінде түсіндіру мүмкін емес. XVIII ғ. 
француз лингвистикасынан бастап, Э. Гуссерльдің логикалық 
зерттеулеріндегі рәміздің және тілдің тікелей теңдесу мүмкіндігін іздеу, 
ең соңындағы лингвистикалық және логикалық ойлаудағы жаңа 
бетбұрыс, олардың бір-бірімен мағына мен мән арасындағы көрініс 
байқалады. Көне мәдениеттерде тілді қолдану аясы, қазіргі уақыттағы 
мәдениеттерге қарағанда адамдардың қалыпты тіршілік ету саласынан 
рәміздік сипатымен, бейнелі мағынасымен ерекшеленетін. Тіл арқылы 
іске асырылатын көптеген мәдени және әлеуметтік қызметтердегі тілдік 
қолданыс рәмізге қатысты айналыс арқылы іске асатын.
Рәмізді 
мәдениеттің 
семиотикасы 
тұрғысында 
сараптаған
Ю.М. Лотманның пікірінше, «мәдениет тарихының барлық материалды 
әлеуметтік кодтар жүйесі мен ауқымды ақпараттар тұрғысынан талдануы 
мүмкін, яғни бұл ақпараттар белгілерде бейнеленіп, оны ұжым санасына 
жеткізуге мүмкіндік береді»,-деп пікір түйеді. Осы тұрғыдан, рәміз 
әлеуметтік кодтың маңызды факторы бола отырып, әлеуметтік-мәдени 
мұраларды 
жинақтаушы, 
сақтаушы 
және 
жеткізуші 
болып 
табылатындығы даусыз. Ю.М. Лотманның ой желісімен пайымдасақ 
«рәміз мәдениеттің жадысы» деген идеяға сәйкес келеді және дұрыс та. 
Рәмізтанудың екінші әдістемелік алғышарты рәміз құрылысына қатысты. 
Рәміз қандай да бір таңба, бірақ өнерге келгенде оны бір-біріне қатыссыз 
деп қарастыруға болмайды, себебі өнер мағына мен бейнемен тығыз 
қарым-қатынаста, егер рәміз бірқатар шексіз заттарға бөлінген қызметтер 
ретінде ұсынылса, бұл жағдайда біз оның құрылысындағы екі түрлі, үнемі 
орын алатын қарама-қайшылығын байқаймыз. Гегель өнер дамуы мен 
оның үдерістеріне семиотикалық ұстаным тұрғысынан қараған. «Жалпы 
алсақ, рәміз тікелей бастау немесе өзі үшін тікелей тіршілік ететіндей 
болып көрінбейтіндей сыртқы тіршілік етуін көрсету үшін берілген, ол 
жалпы мағынада түсіндірілуі керек. Сондықтан біз рәміздің екі 
мағынасын айыра білуіміз қажет: біріншіден оның мәнін, екіншіден осы 
мәнді түсіндіруін»,-деген Гегельдің пікіріне сүйенсек, біржағынан бұл 
туындайтын үлгі де, басқа жағынан онымен туындалатын шындық 
құбылыстарының шексіз қатары екеніне көзіміз жетеді. Бұл 
тұжырымдамада киімнің рәміздік алуандылығын туындататын үлгі 
қызметі адам бейнесі болып табылады деген бекітпеде түйінделуі мүмкін. 
Дәл осы бейне шындықтың рәміздік жүйесіндегі киімнің тарихи 
типтерінің шексіз алуандылығында кеңінен сипатталды. 


59 
Кез-келген мәдениетте бейне мен оның мағыналық қатынасы 
маңызды құнды бағыттардың бірі ретінде ұсынылған. Рәміздерді түсінуде 
әр түрлі түзілістер мен қосылыстар нәтижесінде ортақ көзқарастар арнасы 
қалыптасуы түсінікті қалыпты жағдай болса керек. Десек те, кеңістік пен 
уақыт аясындағы, немесе Л. Гумилевтің сөзімен айтсақ белгілі бір 
ландшафты 
мекeн 
ететін 
ұлттық 
мәдениеттерге 
өзіндік 
идентификацияның өзегі мен ұйтқысы болатын ұлттық рәміздер тән екені 
дәлелденген ақиқат. Бұл рәміздер ұлттың өзіндік бет бейнесін көрсетеді, 
бітім-болмысын айқындайды, дүниені тануы мен дүниеге деген 
көзқарастар жиынтығының астарын ашып береді, мәдени ғаламның сыр-
сипатын айшықы рәміздерімен түсіндіреді. Бұл-рәміздер ұлттың өзіндік 
сәйкестігі, бірегейлігі, мәдениеттің рухани біртұтастық табиғаты. 
Рәмізді адам өзінің қызметінде қолданады, осының арқасында 
рәміздің өзінің белгілі мақсаты болады. Ол болжап біле алмайтын айқын 
емес бір нәрсенің табылуына әрдайым қызмет жасайды. Мақсат жоқ 
жерде әлеуметтік өмірдің элементі ретінде рәмізде жоқ, тек қана белгі деп 
аталатын объектінің қарапайым белгіленуіне қызмет ететін нәрсе бар 
болады. Адамның практикасы мен әлемді танып білуде рәміздің рөлін 
тым бағалау мүмкін емес. Рәміз мағыналарының бірлігі ешқашан таза 
танымдық болмайды, көбіне ол сезім мен интуицияға негізделеді, ол жан-
жақты категория ретінде көркем бейне категорияларымен салыстыру 
арқылы айқындалады. Бір жағынан-белгі, екінші жағынан-деректік. 
Танымдық мақсаттарда ол араласып кеткен, түсініксіз нәрселердің 
айырмашылығын табу үшін заттарды топтастыруда пайдаланылады. 
Рәмізді сиқыршылық мақсатта қолданғанда, ол заттардың табиғи, 
үйреншікті жолдарын бұза отырып, белгілі күштерді ойлағандай іс-
әрекетке келтіреді. Бірақ әр жағдайда олардың бірі басым болып тұрады, 
бұл танымдық рәміздер мен сиқыршылдық рәміздер туралы нақты айтуға 
мүмкіндік береді. Әр таным әрдайым рәмізді, танымдық рәміздің 
мағыналары рәміздің басқа түрлеріне қарағанда әлдеқайда нақты болып 
келеді. Танымдық рәміз арқылы қолданып, пайдаланған адамнан әлдебір 
ерекше көңіл-күймен сезімдерді білдіруін талап етпейді. Рәмізді 
объективтей отырып, ол оған өзінің атынан сөйлеуге рұқсат береді. 
Танымдық рәміздің мағыналары әрдайым анықталған контекстің 
үйлесімін өзінің элементтерімен сәйкестендіреді. Тұрақты теорияның 
дәлелдеуінен кейін рәміздің рөлі төмендеп, олар біртіндеп «белгіге» 
айналады.
Рәміздердің басты ерекшелігі архетипті негізі мен бейнелігінде, 
әмбебаптығы мен терең мағынаға толы астарлы мән-мазмұн, ұлттық 
мәдени сипатында бейнеленеді. Көптеген зерттеушілер рәміздердің 
көпмағыналығын, сан алуан мазмұннан тұратындығына зейін салған. 
Біздің пікірімізше, рәміздің көп мағыналы сипаты мәдениетті жасаушы 
халықтың жасампаздығы болып табылады. 


60 
Cемиотикалық құрал ретінде тек тіл ғана емес, миф, ғұрыптар, 
сондай-ақ тұрмыс заттары, тұрғын үй, азық-түлік, киім, жас ерекшеліктері 
пайдаланылады. Семиотикадағы тәсілдерді пайдалану біздің ойымызша, 
этнос мәдениетіндегі әр түрлі таңбалық құралдардың өзара байланысын 
көрсете 
отырып 
«этноанықтағышты» 
немесе 
мәдениетке 
этносемиотикалық әдісті қолдану туралы пікірлердің мағыналы 
қиылысын, негізгі өлшемдерін анықтайды. Таңбалардың әр қилы 
түрлерінің өзара байланысының сипатын, иерархиялық қозғалысын 
ашады, қызметтік семиотикалық нормаларды және дәстүрлі көшпенді 
мәдениеттің 
концептуалды-кодтық 
негіздемесін 
белгілейді»-деген 
философ Н. Шаханованың пікіріне толық сүйенеміз. Зерттеу нысанын 
рәміздік белгі ұғымынсыз түсіндіру мүмкін емес.
Күнделікті коммуникацияның маңызды жағы-киімнің рәміздік 
мағынасы көбінесе өзінің ішкі мағынасын, қасиеті мен тар ұлттық 
сипатын, белгісін жоймастан ақпараттарды жинақтап, ертеңгі күнге, 
келешекке 
жеткізумен, 
ұрпақтан 
ұрпаққа 
беріліп 
отыруымен 
айқындалады. Ол тұтас ұлттың дүниетанымынан хабар беретін ғаламның 
рәмізді бейнесі, күрделі әрі әмбебап категория. Киім пішінінің өн 
бойындағы кескінін айқындауда және әлемнің ұлттық бейнесі ретінде 
көрінетін оның бейнелік тұрақты нақыштары жөнінде айтқанда рәміздік 
белгінің құрылымдық жүйесі мен мағыналық тілін ұғу барысында оның 
семиотикалық заңдылықтары ескеріліп, рәміздік белгі жүйесінің үш 
деңгейі пайдаланылды: 
а) семантикалық деңгейде алсақ-киімдегі берілетін мән-мағына, 
астарлы ой желісі. Ондағы бейнелік тұрақты қасиеттердің космоспен, о 
дүние, бұл дүниемен байланысы, кеңістік пен уақытқа қатынасы, 
кеңістіктегі ориентир ретіндегі, уақыт аралығындағы статикалы немесе 
динамикалы көрінісі және оның философиялық тұрғыдан алғанда өнердің 
басқа түрлеріне қатынасы зерттеледі; 
ә) 
синтактикалық 
деңгейде 
қарастырсақ-киімнің 
көркемдік 
сипатының сыртқы дүниемен байланыссыз ішкі заңдылықтары 
қарастырылады, яғни біртұтас композицияға енетін жеке элементтердің 
рәміздік белгісі мен өзара қатынасынан туындайтын белгі-хабарлар 
болып келеді; 
б) прагматикалық деңгейде-рәміздік белгі жүйелерінің мән-
мағынасының адамға қызмет етуі, оларды қолданушылар арасындағы 
қатынастар қарастырылады. 
Киім мәдени феномен шеңберінде сән секілді рәміздік тіл мәнімен 
пайдаланылып келеді. А.Ф. Лосев идеологиялық рәміздерді теориялық 
және тәжірибелік іс-әрекетке әсер ететінін кең тұрғыдан түсіндіреді. 
Заттың ең негізгі түрі тіл құндылығы, оған ұғым құрылысына 
қатыстының бәрі жатады. Көбінесе сол ой мен түсініктерді, өзге тілде дәл 
айтып жеткізе алмайтынды сөздер арқылы қолданған. Бұған тағдыр, 


61 
аман-саулық, құнарлылық, ұрпақ жалғастыру секілді көзқарастар құнды 
түсінікте шоғырланған. 
Қазіргі дәстүрлі материалды мәдениетте осы топтағы заттар 
құрайды деуге болады. Ол салт-жоралық ғұрыпта арнайы өзіне тән белгілі 
ақпарат беру үшін қолданатын негізгі семиотикалық жүйелерде орын 
алады және бұл тәсіл дәстүрлі мәдениеттің біріңғай мәтіні ретінде әрбір 
бөлшектің басқа да бөлшектерімен ара қатынасы түрінде қарастыруға 
ыңғайлы.
Мысалы, үйлену тойында бойжеткенмен қоштасу салты негізінен 
өлеңдер мен тұрмыс-салт жырлар арқылы іске асады, ал қалыңдықтың 
пәктік ақиқаты бұйымдар арқылы көрініс тапқан. Екі жақтың құдалық 
ырымы мен жөн-жоралғысының белгісі ретінде кәделер беріліп, кит 
кигізіледі.
XIX ғасырдың ортасына дейін ұзатылған қыздың жасауының ішіне 
де ең бағалы зат ретінде қымбат қару-жарақ түрлері (сауыт, қалқан, садақ) 
енген. Қазақтарда неке қию рәсімінде ат жалының қылдары байланған 
садақ оғы қолданылған. Ерте кезде қазақтар садақпен атылған оқтың 
түскен жеріне жас жұбайлардың отауын құрып, жас отаудың құтты орнын 
анықтаған. Жақ пен оқтың бейне моделін қорғаушы зат ретінде түркі 
халықтарында ұл баланың бесігіне, киіміне таққан. Дәстүрлі түсінік 
бойынша бұл тұмар балаға батыл да күшті болуға көмектеседі деп сенген. 
Демек, әр халықтың тұрмыс-салты, дәстүрі рәміздік белгінің жүйесі 
арқылы анық көрініс тауып, халқымыздың бай сөздік қоры тек қана 
тікелей өндірістік қатынастардың ықпалымен ғана емес, қоғамдық 
мәдениеттің болуымен, яғни белгілі бір тіршілік салтының әсерінен 
қалыптасқан. Заттар мен құбылыстардың өзара байланыстары мен 
қатынастарының жалпы қасиеттерін ақыл-ой арқылы пайымдап, тануға 
болады. Көптеген ұғымдар жүйесінің дамып, қалыптасуы ой кешудің 
сезімдік-деректік нұсқасынан арылу барысында жүзеге асып отырған. 
Э. Кассирер: «Таңба рәміздік пішіннің құрылымды бөлшегі. Ол 
рухани мәнді жалпы белгілі бір сезімнің дара бірлігінде тасымалдайды»-
деп түсіндіреді. Таңбалардың нақты субъектілерге (адам, ру) қатысты 
мәні мен мазмұндық сипаты қарым-қатынас мақсаттарына ғана қызмет 
етуге арналған. Қоғамды қоршаған ортада әр тұлғаның өз орнын белгілеп, 
әр түрлі амалдармен адамдардың психологиясының айқындалуы рәміздік 
белгілердің құрылымдық жүйесі мен мағыналық мәнінде ерекше орын 
алғандығы айқын. 
Концептуалдық құрылыстың негізін рәміздік құбылыс ретінде 
этнографиялық шындық құрайды. «Этнографиялық шындықтың» әртүрлі 
объектілері семиозис (таңбалық жүйе) құрайтын бір семантикалық үлесте 
құралады. Рәміз және коммуникациялық таңбалары арасындағы байланыс 
адамның бес өлшемді (үш өлшемді кеңістік, уақыт және рәміз) болмыста 
тіршілік етуімен байланысты. Бесінші өлшем деп рәміздік мағыналық 
өрісті алып отырмыз. Әсіресе, бұл өріс адамзат мәдениетінің 


62 
бастауларында кең ауқымды болған және осыдан ежелгі мәдениетті 
таңбалық мәдениет деп атайды. 
Жоғарыда келтірілген мысалдарда «рәміз», «таңба», «белгі», 
«бейне», «үлгі» (модель) ұғымдарын жақын мағынада (кейде бірін-бірі 
ауыстырады) қолданылғанын аңғаруға болады. Әрине, олар түбірлес, 
мазмұндарды жақын мағынадағы ұғымдарға жатады. Мысалы: «елтаңба» 
және «елдің рәмізі». Сонда да бұл ұғымдардың арасында мағыналық 
айырмашылықтар да жеткілікті. Мысалы, осы мәселені терең зерттеген 
ғалым А.Ф.Лосев өзінің «Рәміз логикасы» атты еңбегінде рәмізді 
көпмағыналы, жүйеге келтірілген, ашық белгінің бір түрі деп дәлелдейді. 
Белгілердің барлығы рәміздерге жата бермейді. Мысалы, эмблемалар, 
саудадағы этикеткалар, баспаның белгілері. Әрине, кейбір таңбалар мен 
белгілер өзінің әмбебаптылығы мен мәнділігі арқасында рәміз қызметін 
атқарады. Айталық, еліміздің елтаңбасындағы, туындағы қыран-бүркіт, 
Күн, тұйық ою, бес бұрышты жұлдыз, пырақ және т.б. белгі-бейнелер 
республиканың рәмізі қызметін атқарады. Әлеуметтік-мәдени мәнге ие 
болған рәміздердің мазмұны семиотикалық мәдениеттану бағытында жан-
жақты қарастырылады. 
Семиотикалық мәдениеттануда рәміздің шарттылығына үлкен көңіл 
бөлінеді. Бұл жерде рәміз шарттылығы деп ондағы конвенционалдықты, 
көпмәнділікті, әр түрлі мәдени ая мен контекстіні атап өтуге болады. 
Мысалы, мұсылмандардың жасыл туы басқа өркениеттер мен 
мәдениеттерде бөлек символикалық мәнге ие болады. Белгі мен рәміздің 
айырмашылығын светофор мен тудағы қыранның өзгеше мағыналығынан 
көруге болады. Э.Кассирер атап өткендей, әркім өзінің символикалық 
дүниесінде өмір суреді. Басқаша айтқанда, рәміз мәдениеттанулық мәселе 
болып табылады. Ол адамның рухани болмысына мән-мағына беріп, 
ретке келтіріп отырады . 
Жоғарыда аталып өткендей, Б.Байжігітов «рәміз», «таңба» 
ұғымдарын коммуникациялық таңбалардың көркем суреттемелеріне 
қатысты қарастырады. Ғылымның мына анықтамаларын өзіміздің 
зерттеуіміз үшін маңызды деп есептейміз. Қазақтың ою-өрнектерін 
зерделей келе Б.Байжігітов халықтың коммуникациялық таңбаларына 
қатысты төмендегідей тұжырымға келеді.Бұл өрнектердің терең 
мағынасына біз сөз етіп отырған уақыт пен кеңістік қатынас ерекшелігіне 
байланысты қалыптасқан халықтың тұрақты дүниетанымдық түсінігін 
білдіреді. «Жаратылыс дүниесі мен адамдардың кеңістік пен уақыт 
аралығындағы ырғақты үйлесімді қозғалыс динамикасымен анықталатын 
тек сол халыққа тән өмір тынысы. Рәміз, дейді автор, адамдық бейнелеу 
суреттемелерінің мағыналық негізіне жатады». Б.Байжігітов өз ойын 
қуаттау мақсатында К. Юнг пен И. Канттың рәміз туралы мына ойларын 
келтіреді: К. Юнг рәміз бен белгінің семиотикалық мәнін ажыратып 
қарастырады: «Белгілі бір таныс нәрсенің рәмізді әлпеті семиотикалық 
табиғатқа ие, керісінше тура сол күйінде бейнелеуге келмейтін таныс 


63 
емес нәрсенің анық, сипатты формуласы рәмізді табиғатқа ұласады. Ал, 
аллегориялық белгі деп осы рәміздік көріністің тұспалды бейнесін 
айтамыз». Сол секілді И. Кант: «Рәмізді бейне кескінді (схематическое) 
бейнеден өзгеше. Себебі рәмізді бейне түсінікті схематизм секілді сол 
күйінде бейнелемейді, жанама образ жасайды»,-дейді өзінің «Пікір айту 
қабілетіне сын» атты еңбегінде. 
Миф затты зат түрінде бейнелеп, яғни түрлі іс-әрекетті табиғи, әрі 
қарапайым көріністе қабылдата отырып, көркем бейнелердің қарама-
қайшылық ерекшелігінде айқындайды. Мифологиялық сананың басты 
ерекшелігі онда адам мен табиғаттың, өлі мен тірінің, объект пен 
субъектінің, себеп пен салдардың, кеңістік пен уақыттың, зат пен атаудың 
айқын айырылмауында. 
А.Ф. Лосев рәміз бен мифтің өзара байланысын былай сипаттайды: 
«Миф дегеніміз-зат ретінде танытатын рәміз, рәміздің субстанциялануы 
болып табылады. Мифте шексіздіктің өзі даралықтарды құрылымдау 
қағидасымен әрі материалды заттың толық күйінде шынайы өмір 
сүреді». Материалдық дүние алуан түрлі заттар, құбылыстар мен 
процестер түрінде өмір сүреді. Әрбір дара зат (құбылыс, процесс) жеке 
қасиеттерімен, белгілерімен байланысты айқындалып, материалдық 
дүниенің құрамдас бөлігі болып табылды. Өйткені өзге дүниеден 
қозғалыссыз оқшау, тұтастықтан тыс қалған байланыссыз ештеңе жоқ. 
Жалқы жалпының субстанциясы. Жалпының өзі жалқыдан құралады, 
мұның өзі даралыққа белгілі бір еркіндік береді. Рәміз белгілі бір таптағы 
барлық жалқылардың өмір сүру заңын айқындайды. Мифте жалқы өмір 
сүру заңы ретінде танылмай, оның өзі жалқы ретінде өмір сүреді. 
Әлемді қоршаған құбылыстардың белгілерге бөлінуі мәдениеттану 
саласындағы зерттеулерде адам әрекетімен шартты түрде қолданыс 
тапқаны ақиқат, өйткені ол әрдайым обьектілер арасындағы жағдайды 
ұстап тұрған. Оларға «материалды мәдениет» бөлшектері жатады. 
Дәстүрлі мәдениетте әлем біртұтас қабылданғандықтан дүниенің барлық 
заттары мен құбылыстары міндетті түрде көп түрлі қызмет атқарған. 
К.Леви-Стростың айтуынша: «Материалдық мәдениеттің заттары тек 
утилитарлық құндылығымен ғана ерекшеленбейді. Ол сонымен бірге 
түрлі қызметтерді орындайды, оны түсіну үшін тарихи, географиялық, 
механикалық немесе физико-химиялық факторларды ғана емес, сонымен 
бірге әлеуметтік факторларды да ескеру қажет». (Леви-Строс К. 
Структурная антропология.-М.:Наука, 1983.-536). 
Қоғамның 
әлеуметтік 
қажеттіліктерін 
қамтамасыз 
ететін 
объектілер немесе оларды нышандайтын дәстүрлі қоғамдағы ғұрыптық 
заттардың белгісі маңызды мәнге ие. Бұл объектілер киелі саналып 
адамдардың осы қасиетті заттармен қатынасы салттық қатынасқа 
айналып, ғұрыптық пішінде қабылданған. 
Заттардың семиотикалық, нышандық мәнінің маңыздылығы оның 
пайдалылық құндылығынан кем болған жоқ, сондықтан олар 


64 
утилитарлық және рәміздік мақсатта бірдей қолданылған. Дәстүрлі 
мәдениетте әр нәрсе практикалық және рәміздік талаптарға сәйкес 
келгенде ғана мәдениет фактісіне айналып, зат рәміздік белгі бола алатын 
нәрселерде ғана толығымен құнды зат болып табылған. Мысалы, ер 
қаруы қасиетті зат ретінде көшпелі қоғамда өте ерте заманнан діни 
ғұрыптың рәміздік объектісі болып қалыптасқан. 
Дәстүрлі мәдениетте зат өндіру ғұрып ретінде сакральдық салаға 
жататындықтан құдайлар, киелі рухтар әлемінен санкцияланып, 
басқарылып отыруға тиіс болды, ал адам тек сол ерікті орындаушы ғана 
ретінде түсінілді. Антропоформизм тұрғысынан келгенде қару адам 
сияқты жанды саналғандықтан, белгілі деңгейде белсенділік пен 
еркіндікке ие болған. Ал, салт-жоралық рәсімде дара зат құнды болып 
табылады. Затты иемденуде адам өмірі, абыройы мен әлеуметтік 
дәрежесі, оның «тұлғасы» тәуелді болған болуы керек. Дегенмен, 
алмасатын нәрселер тек байлық пен заттардан тұрмаған, бұл бәрінен 
бұрын той, рәсім, жәрмеңке, әскери қызмет, әйел, бала секілді ауқымы 
кең үйлесімді қатынастың шартты белгісіне назар аударудың бірі болып 
табылған. Мысалы, қонақ күту рәсімі салттық дәстүрдің маңызды бөлігі 
болып табылады, осы рәсімдердің негізінде достық, туысқандық, әскери 
одақтың қалыптасуы мүмкін.
Таңбалар дүниетанымдық белгi болумен бiрге, оның астарында 
күрделi әлеуметтiк дәстүр нышандары көрiнiс алған. Таңба –
ескерткіштер мәтінінің ең көне элементтерінің бірі. Ол «белгі», «мөр» 
деген мағынаны білдіреді. Көшпелілердің өмір салтында таңба салу басты 
іс ретінде қаралған. Рәміздік таңбада таңбалаушы мен таңбаланушы 
ешбір нақты байланыссыз бір-біріне теліне береді. Қоғамдағы байланыс 
құралы ретіндегі тілдер құрамына кіретін таңбаларды қатынас таңбалары 
деп атайды. 
Б. Веймарн:«Шығыс мұсылмандарының өнерiнде, адам бейнесі-сөз 
тiзбектерiмен дiни текспен алмастырылған және сөз шешімі 
(каллиграфия) өркен жайған»,-дейді. Этносемиотикалық зерттеуде келесі 
нақты ғылыми тәсілдердің үйлесуі қолданылады: үлгілендіру, 
құрылымдық-семиотикалық, құрылымдық-қызметтік және жүйелік 
талдау. Этностардың мәдениет тарихындағы таңбалар мен дәстүрлі
өнердегі 
ұлттық 
бейненің 
белгілік 
қызметі 
бар 
заттарды
этносемиотикалық зерттеу келесі қорытындылар мен нәтижелерді 
түйіндемелеуге мүмкіндік береді. 
Этностардың дәстүрлі таңбалық пен бейнелі шығармашылық
өнерінің негізі ғасырлар бойы жинақталған тіршілікке қажетті маңызды 
ақпараттан тұратын мәтіндер болады: 1) тіршілік қамы жүйесіндегі 
бейнені белгілердің өзіндік толық қызмет етуі үшін; 2) мәдениет 
рәміздерінің 
ұрпақтан-ұрпаққа 
таратылуы 
үшін 
3) 
дәстүрлі 
дүниетанымын доминанттық рәміздермен өзектендірілуі үшін (этностың 
ментальдық ерекшеліктерін сақтау). Аса маңызды мәтіндер: 1) әртүрлі 


65 
деңгейде (таңбалар, доминаттық рәміздер, мәдени тақырыптар) 2) 
күрделі; ұйымдастырылған құрылымдар; 3) сөз жүйелері мен мәтіндер 
қатаң сақталып бекітіледі. Ұйғарымдар мен таңбалаудың әртүрлі 
жүйелері көркемделген. Мәдениет рәміздері мәдениет тарихын да өзін 
белгілі этноспен теңестіруге мүмкіндік жасайтын этникалық және мәдени 
маркерлер рөлінде көруге болады.
Құрылымдық мағынамен толыққан таңбалық белгілердің дәстүрлі 
элементтерінің жан-жақты «түсіндірілуі» бірге жүретін жоғары 
семантикалық мәртебеге ие. Дәстүрлі таңбалық жүйе элементтерінің 
оның мәнін көрсететін біз «мәтін» деп атаған мазмұнды жағы өзгерістерге 
ұшырауы мүмкін. 
Таңбалық 
түсінік, 
салт-дәстүр 
элементтерінің 
рәмізділігі, 
семиотикалық қатынастағы маңызды ақпарат әкелетіні нақты. Код әр 
түрлі өзгерістерге ұшырайды. Сонымен бірге, осы таңбалы белгілік тәртіп 
пен тұрақты тұрмыстануда ұзақ уақыт бойы сақталады. 
Сонымен қатар, құнды санаттарды түсіндіру механизмі мен 
сакралды күшке ықпал ету механизмі салт-дәстүрлердің барлығында 
бірыңғай болады. Бұл санаттар біздің ойымызша, мәдениеттің 
доминанттық рәмізі болады, ал онымен байланысты шығармашылық 
әлемнің дәстүрлі картинасының элементтерін көрсететін этностың өнер 
тақырыбын құрайды. Өнер тақырыбындағы бейне, рәмізді бейнелер 
дәстүрліктің барлық кезеңінде әрекет етеді. 
Дүниеге деген семантикалық қатынас қашан да қоғам өмірінің 
нақтылы дүниетанымдық жағдайымен тікелей байланысты. Табиғат пен 
адамның біртұтас жарасымымен болмысты тану, бейнелеу мәнерінің 
негізі адамның күнделікті өрістеу қызметіне қолайлы талпынысы 
қалыптастырды. 
«Таңба мен тәңірлік бір уақытта, бір мезгілде бірге туған. Таңба 
табиғаты жөнінен теологиялық. Ешқашанда тоқтамауы мүмкін. Бірақта 
оның тарихи тұйықталуы енді ашылуда»,-дейді Ж. Деррида. Дүниетаным-
адамдар мен табиғатта, жалпы құндылықтарға, моральдық нормаға 
тұлғаның жалпы қатынасын қоғам мүшелерімен ортақ көзқараспен 
қалыптастыратын, қоршаған ортамен қатынас орнатуда сенім, қалып, 
танымды айқындайтын негізгі өлшем болып табылады. Оның ауқымы өте 
кең. Адам өзін қоршаған дүние болмысындағы шынайы көріністерді 
қабылдау, қарастыру, түйсіну, елестету, ұғыну, меңгеру, тану секілді 
түсінік ұғымдарымен ұштастырады.
І. Ерғалив пен Ғ. Телібаевтың тұжырымдары бойынша, «дүниеге 
қатынас дегеніміз – адамның дүниеге деген рухани қатынасының негізі 
болатын және солардың бәрін жалпылама түрде қамтитын, адам мен 
әлемнің сан алуан арақатынасын білдіретін ұғым. Адамның дүниемен 
байланысы оны тануы белгілі ұлттық жағдайда қалыптасқандықтан, 
дүниетанымның ұлттық белгілері болады. Оның түрлері дүниетанымның 
шығу тегін, жеткізу ерекшеліктерін, оны жүзеге асыру құралдарын 


66 
айқындайды. Адамзаттың барлығына тән дүние көзқарастарының жалпы 
тарихи түріне келетін болсақ, олар мифологиялық, діни және 
философиялық 
көзқарастар. 
Философиялық 
көзқарастың 
негізі- 
философиялық сөздер. Бүкіл дүниені ойлау, шығу тегін білуге ұмтылу, 
адамның дүниедегі орнына үңілу, адам мен дүниенің арақатынасының 
сырын ашу»,-дейді. Демек, дүниетаным арқылы әлемнің бар екеніне 
иланып, оны құрайтын құбылыстардың бәріне тән, бәрін біріктіретін 
неғұрлым ортақ, жалпы әлемдік байланыстың бар екенін анықтаймыз. 
Діни рәміздер киелі идеалдармен қабаттасып, діннің тілін құрайды. 
Теология мен философиядағы рәміздер – ең жоғарғы шектер, олардың 
шыңдарынан универсум әр кезде жаңаша байқалып, олардың санадағы 
теориялық білімдердің басқа қырынан қаралуына жағдай жасайды. 
Рәмізде ол туралы жалпы түсініктер мен когнитивті білімдер 
синкреттеліп біріктірілген. Рәміз-бүркеулі мағынаны ашатын бейне, ал 
діни рәміз-бұл абсолютті құпияларды беру формасы. Рәміздің мағынасы 
оны құраушы бейнелімдермен біртұтаст ықта болып, шексіз 
көпмағыналықпен ерекшеленді. Діни рәміз ерекше көрініске ие және онда 
абсолютті шындық жасырылған, яғни рационалды иррационалдылықпен 
бірге бітіскен.
Рәмізделген діни ой-сана парадокс алды, ол «жалпылықтың 
нақтылығы», «эссенционалдылықтың феноменалдылығы», «ойлау дың 
сезімділігі», «рационалдылықтың иррационалдылығы» және т.б. Оның 
табиғаты антиномды; әрбір төлтума діни рәміз өткір диалектикалық 
қарама-қайшылықтың өзіндік белгісі, қарама қарсылықтардың тоғысып, 
біріктіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет