Оқулық Алматы 2021 Барлық оқу формаларындағы «Мәдениеттану»


Көшпелілік мәдениеттің ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет22/69
Дата02.12.2023
өлшемі3,53 Mb.
#132232
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   69
Байланысты:
мадениеттану кытап

5.2. Көшпелілік мәдениеттің ерекшеліктері 
«Көшпенділер өркениеті» деген ұғымды Ә. Марғұлан, К. Ақышев, 
К. Байпақов сияқты археолог ғалымдар көбірек пайдаланып келді. 
Соңғы жылдары К. Байпақов Еуразия сахарасыңда көшпенділер 
өркениетінің орнына «Дала өркениеті» деген ұғымды қолдануды 
орынды санайды. Ең алдымен «Дала» деген ұғымның басын ашып 
алу керек. Оны тек бір шөл деп ұғуға болмайды. Дешті Қыпшақ 
жерін басып не сан өзендер өтеді. Бір шеті Енесай, Лена, Онон, 
Керулен, Ертіс, Тобыл, Жайық, Объ, Каспий, Арал, Еділ, Дон, 
Дунай, Днепр ұлы сахараның сәні мен әні еді ғой. Қазақстан жерінде 
45000 өзен мен өзен аңғарлары, 85 мың көл бар екен. Осы ұлан-
ғайыр далада өркениет орнауға себеп болған факторлар қандай?
1. Алтайдан Донға дейін созылған Ұлы Дала екі құрлықтың 
басын қосты. Ол Европа мен Азияның қақпасы, тоқсан тоғыз 
жолдың торабы. А. Тойнби: «аңдарды үйретіп, қол малы жасауы, 
өсімдік жинауға үйреніп,оны өсіріп қорек етуден гөрі биігірек өнер, 
өйткені ол адамның, ақыл-ойы мен ерік-күшін қажет етеді, - дей 
келіп,-«көшпенділер 
ат 
болмағанда 
мұншама 
маң 
даланы 
бағындырып, керемет қатаң табиғи жағдайда өмір сүре алмас еді, 
олардың сұңғыла да ұстамды, күшті де төзімді болып келуі сол ат 
үсті өмірінен» (Тойнби А. Дж. Постижение истории.-М.:Прогресс, 
2011.-122 б.),-деп түйеді.
2. Сайын дала Әму мен Сыр бойы арқылы қытай, парсы, үнді, 
араб өркениеттерімен тоғысты.
3. Сыр мен Әмудария аралығында пайда болған Зәрдеш 
(зороастр) тәңірлік дүниетаным христиан, будда, ислам сияқты 
әлемдік діндердің өзекті қағидаларына негіз болды. Дала өркениетін 
рухы биік халық жасады. Олар тәңірге табынды. Әлемдік діннің 
қайсысы болса да сахарада орын алды. 
4. Қыр баласы табиғи ортамен толық жарасымды болды. Дала 
перзенті ешбір шектелу дегенді білмеді, бостандықта өсті, төзімтал, 
өжет болып өсті. Оларға творчествалық эволюция тән еді.


88 
5. Л. Н. Гумилев, т.б. зерттеушілер «көшпенділер» деген 
ұғымды абсолюттендіреді. Шын мәнінде ұлы сахарадағы халықтың 
негізгі кәсібі мал бағу болғаны рас. Сонымен бірге ол егін де екті, 
қолөнерін де дамытты, қала да салды.
Бір сөзбен айтсақ атқа қонған көшпенді географиялық 
кеңістікті игерді, астраномиялық білімге ұмтылды, зат айырбастау, 
жаудан қорғану мен шабуылға шығу, металл балқытуды игеру, 
әскери өнерді жетілдіру, атты әскер мен әскери арбаларды 
қолданып, бұрын-соңды болмаған жеңіске жету-көшпенділерді 
замананың иесі етті. Азияның көне көшпенділері еш жерде 
қайталанбайтын скиф-сібірлік «аң өрнекті» ғажайып бейнелеу 
өнерін жасады. Бұл өнерді игерген сақ, үйсін, сармат, ғұн сияқты 
тайпалардың творчествосында көне Қытайдың, Орта Азияның, Таяу 
Шығыстың, 
Грекияның 
отырықшы 
халықтарының 
ықпалы 
байқалады. Алайда, олар жасаған өнердің болмысы өзгеше, дара 
ғажайып баға жетпес ұлы өнер еді.
Халық өнері әсіресе киіз үй жиһаздары мен ұлттық киімнен айқын 
көрініс тапты. Қазақ жерінде ХІХ ғ. айдауда болған поляк Бронислав 
Залесский былай суреттейді: «Бұл бір ғажайып көрініс: олар көш кезінде, 
мерекедегідей жасана киінеді, ең әдемі киімдерді, әсіресе байлардың 
алтын зер төгіп тікке шапандарын осы кезде көруге болады. Ауыл 
ақсақалы көш бастаса, ер-тоқымына қызыл шұғамен тысталған көпшік 
немесе кілемше жапқан атқа мінген зайыбы оның соңынан ериді. Атты, 
атқа салт мініп жүруді жақсы көретін бұл халық ең алдымен көлігінің 
әбзеліне көбірек көңіл бөледі. Ер тұрман олар үшін барлықтың, 
байлықтың белгісіндей болып безендірілуге тиіс. Ердің алдыңғы қасын 
көбіне күміс қаптатып өрнектейді, тіпті қолы жеткендерінің асыл тас 
орнататындары да болады. Жүген, өмілдірік, құйыскан-бәрі де шебер 
өріліп, Шығыс үлгісіндегі өрнектермен безендіріледі».
Киім киюдің де өзіндік рәсімі болған. Мысалы, жасөспірім қыздар 
аң терісінен жасалған, төбесіне үкі тағылған бөрік кисе, жаңа түскен келін 
әуелі сәукелемен жүрсе, кейін басына желек салады. Отыздан асқаннан 
соң әйелдер кестеленген кимешекпен жүреді. Әшекей тастарды 
қолданудың да өзіндік рәсімі бар. Халық інжу көзді шел басудан, көз 
суйелінен; құлпырма тас көз тиюден, маржан- азғындыққа түсуден, дүр 
тасы-жемсау ісігінен сақтайды деп есептеген, әйелдін қолындағы жүзікті 
ас адалдығынын кепілі деп білген.
Жоғарыда келтірілген деректерден көшпелілік шаруашылық-
мәдени типінін адамзаттың материалды және рухани қорына қосқан 
үлесінін қомақты екендігіне көзіміз жетеді. Кейде «варвар-көшпелілер» 
жер бетінде қиратудан басқа мұра болып қалатын құндылықтарды 
қалдырмады деген пікірді еурорталықтық мәдениеттанушылар жиі 
айтады. Оған дәлелді жауабымен тойтарыс берген ғұлама Л. Гумилев 
ойын былай түсіндіреді: «Осынау ерекше сахара мәдениеті көне 


89 
дәстүрмен тереңге меңзейтін тамырлардан нәр алғанымен, бізге 
отырықшы елдердің мәдениетіне қарағанда құптарлық дәрежеде белгілі 
емес. Мұнын мәнісі түркілердің, баска да көшпелі тайпалардың
көршілеріне қарағанда дарындылығынын төменділігінде емес, олардың 
заттық мәдениетінің қалдығы – киіздің, терінің, ағаш пен былғарының 
нашар сақталғандығында болып отыр».
Көшпелілерге кейбір зерттеушілер сияқты ертедегі феодализм 
өкілдері деп айдар таққанша, олардың кәсіптік ерекшеліктерін атап өткен 
жөн. Ғылыми әдебиетте көшпелілік өмір салтының мынадай типтік 
белгілері айқындалған: 1) мал бағу-шаруашылықтың басым түрі; 2) жыл 
бойы малды табиғи ұстауға негізделген шаруашылықтың экстенсивтік 
тәсілі; 3) жер жағдайында қарай маусымдық көшіп-қону; 4) қазіргі 
капиталистік 
ранчолардан 
өзгеше 
шаруашылықтың 
натуралдық 
әдістерінің басымдығы. 
Генетикалық-туыстық 
бірлік 
арқылы 
да, 
қарым-қатынастық 
байланыстардың негізінде де, жалпы типологиялық ұқсастықтардың 
нәтижесінде 
де 
пайда 
болған 
ұйымдасушылық 
типтері 
әрбір 
этномәдениеттің өзіндік болмысының төлтума белгілеріне жатады. Оларды 
айқындау үшін формациялық тәсілдің беретіні аз. Бұрынғыдағы «көшпелі 
феодолизм» ұғымы қазақ мәдениетінің әлеуметтік типтері онша 
жанаспайтындығы туралы соңғы кезде жеткілікті айтылды. 
Егер шаруашылық-мәдени тип адамдардың қоршаған табиғи ортаны 
меңгеруінін тәсілі болса, онда әлеуметтік-генетикалық типтер жеке 
тұлғаның басқа әлеуметтік жүйелермен тұрақты және үйлесімді қарым-
қатынаста болуының құралы іспеттес. Бұл туралы А.Тарақты өз ойын 
былай жеткізді: «Ұлы дала, көшпелі өмір салт, маңдайға жазылған соң, сол 
жазмышқа көндігудің бірден-бір кепілі-адамдар бірін-бірі жатсынбай, 
біріне-бірі арқа сүйеп қана өмір сүруі қажет. Бұл қажеттілікті терең 
сезінген көшпелілер «адамның күні-адаммен» деген принципті 
тіршіліктеріне тірек еткен. Сондықтан да әрбір көшпелі қазақ туыстық-
қандастық жүйені тарата білуді өмір сүрудің нормасы, моральдық-
этникалық критерий деп білген. Мұндай дәстүрдің бұлжымай сақталуына 
жеті аталық үрдіс ұйытқы болып отырған. Бұл орайда, жеті аталық үрдіске 
ұлттың этнобиологиялық және этномәдени тұтастығын қамтамасыз ететін 
ғажайып тетік ретінде ден қоюға тура келеді». 
Туыстық 
негізде 
қалыптасқан 
рулық-тайпалық 
адамдардың 
әлеуметтік бірлестіктері бүкіладамзаттың басынан өткізген ұжымдасу 
типіне жатады. Бұл туралы этнографиялық әдебиетте жеткілікті жазылған. 
Сондықтан бұл мәселенің кейбір жақтарына ғана тоқталып өтейік. 
Қауымдық тұтастық жеке тұлғалардың келісімге келіп,өз 
құқықтарын ұжымдық бірлікке беруінен тумайды. Қоғам неғұрлым 
қарапайым болған сайын, оның жеке тұлғалары да бір-біріне ұксас. 
Керісінше, әлеуметтік жіктелу төмен деңгейде болғанда, адамдық 
қауымдасу бітімдерінің арасында, типті, бір құрылықта үлкен алшақтық 


90 
байқалады. Яғни, мәдени өрлеудің нәтижесінде бір-бірімен тығыз 
қатынаста болатын этностар жақындасуда болғанымен,оларды 
құрастыратын тұлғаларда автономдық, жекеліқ белгілер айқындала түседі. 
Мысалы, қазіргі Еуропаның халықтары түрі жағынан бір-біріне ұқсас 
болса, Азияда үлкен алшақтық бар. Ұжымдасудың типологиялық негізін 
еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі құрастырады. Жеке тұлғанын 
дербестілік қалыптаспаған, қауымдық тұтыстық басым әлеуметтік 
бірлестігін-сегментарлық қоғам деп атайды. 
Генетикалық-тектік 
негізде 
құрылған 
көшпелілердің 
рулық 
қоғамның, оның таксономикалық басты белгісін ауыл ұғымынсыз 
түсіндіруге болмайды. Ауыл деп көшпелі түрік этностарының ғасырлар 
бойы өмір сүріп келе жатқан тектік әлеуметтік типке негізделген қоғамдық 
ұйымды айтады. Этникалық,экономикалық және рухани бірліктің ең басты 
көрінісі ауыл болды. Қазақ халқында «Ауыл түбі-бірлік, қауым түбі-тірлік» 
деген мәтел бар. Әдетте, ауылда 5-6 үйден 10-15 шаңыраққа дейін түтін 
көтерді, ауылдастар бірге көшіп, бірге қонды. Дәстүрлі қазақ ауылы бір 
атадан тараған ұрпақтардан тұрады. Ауыл ішінде некелік қатынастарға 
тыйым салынды. Жеті аталық үрдіс дегеніміз экзогамиялық некенің ең 
қатты сақталатын типіне жатады. Фольклордағы ғашықтар Еңлік пен 
Кебек, Қалқаман мен Мамыр осы дәстүрді бұзғаны үшін өлім жазасына 
кесілген.
Жеті аталық әлеуметтік тип генеалогиялық дүниетанымды 
қалыптастыруға себебін тигізді. Арғы негізі ілкі атадан басталатын 
туысқандық қатынастар тармақтары бүкіл халықтың тұтастануының 
көрінісі болды. Бұл генеологиялық «ағаш» тек қазақ халқының туыстығын 
емес, сонымен бірге бауырлас түрік халықтарын да қамтиды. Туысқандық 
қатынастарды білдіретін кестелер де көп жарияланған. 
Көшпелілердің мәдениетіндегі әлеуметтік-генетикалық ұжымдар, 
рушылдықтың қазіргі кездегі маңызы, трайбализм, патриархиялық үлкен 
отбасы және т.б. жөнінде әртүрлі көзқарастар бар. Қазақстан егемен ел 
болғаннан кейін бұрын тиым салынған мәселе-рулық қатынастықтардың 
құндылық әлемі тарихшылар мен әлеуметтанушылар тұрғысынан жан-
жақты зерттеулердің басты объектісіне айналды. Бұл заңды процесс.
Жоғарыда айтылып кеткендей, жеті ата үрдісі қазақ мәдениетіндегі 
шежірешілдік дәстүрмен тікелей байланысты. 
Жеті ата үрдісін қалпына келтіру, әрине, рулық-тайпалық жікшілдік 
пен трайбализмге әкелмейді. Бірақ Л.Гумилевтің сөзін қайталасақ, рулық 
тартыс көшпелі түрік халықтарының тарихи қарғысы болды. Олардың 
тарихи дамудағы жемісті кезеңдері рулық-тайпалық ыдыраушылықты 
жеңіп, елдің бірлестікке жете алған уақыттарымен байланысты. 
Кейін елдік тұтастық ұстанымының әлсіреуі жікшілдікке әкеліп,
ХІХ ғ. аяғында бір ғана тәуелсіз түріктік мемлекеттің тарихи аренада 
қалуына әсер етті. Көшпелі ауылдық қауымға негізделген қазақтардың 
төлтума әлеуметтік типінің құрылымдық элементтеріне де отандық 


91 
әдебиетте тек соңғы жылдары дұрыс баға беріліп жүр. Бұрынғы маркстік 
қоғамтанудағы «феодал», «ауыл пролетариі», «қанау», «теңсіздік», және 
т.б. ұғымдары қазіргі кезде аз қолданылады. Ал «бай», «кедей», «хан», 
«би», «төре» сияқты ұғымдардың мазмұны мүлдем өзгерген. Туыстық 
қатынастарға негізделген шағын ауылда тап күресі болды деген, әрине, 
жансақтық. Тектік негізде ұйымдасқан ауылдық әлеуметтік қатынастарды 
идеализациялаудан да аулақпыз. Бұл қоғам қоршаған ортаның
бірқалыптылығына тым тәуелді еді. Табиғи апаттар, әлеуметтік және саяси 
катаклизмдер 
жаугершілік,елдік 
бірліктің 
әлсіреуі, 
ел 
ел 
басқарушыларының халық мүддесінен жеке бастарының қамын жоғары 
қоюы, билік адамның топтасудың бұл типін күрт өзгерген ортада 
дәрменсіз қылды. Қатты қиысқан жүйенің морт сынатыны белгілі. 
ХІХ ғ. екінші жартысынан бастап қалыптасқан күрделі жаңа жағдай 
қазақтың ауылдық әлеуметтік типін күйзеліске ұшыратқаны белгілі. Ол 
батыстық экспанцияға шыдай алмады. Осының нәтижесінде ұлы Абай 
суреттеп берген тозу, қақтығыс, азғындық, әдепсіздік көріністері ауылдық-
тектік қоғамды жайлап кетті.
Экстенсивті малшылыққа негізделген көшпелілік шаруашылық-
мәдени типінін қарқынды дамуы үшін жайылымдық кеңістіктің ұлғаюы 
қажетті еді. Алайда XV-XVI ғғ. бастап Еуропадағы мемлекеттер күшейіп, 
әлемнің жаңа бөлісін бастады. Индустриалды қоғамға бет бұрған батыс 
елдері және олардан үлгі ала бастаған Ресей территориялық экспанция 
саясатына көшті. Көшпелілер заманның жаңа талабына жауап бере алатын 
ішкі күштерін таба алмады және оларды алауыздық пен өзара тартыс 
ауруы әбден меңдеп алған еді.
Сонда да көшпелі шаруашылық-мәдени типі дүниежүзілік мәдениетте 
өзіне тиісті құнды орын алады. Номадалардың ғасырлар бойы жинақталған 
шаруашылық мәдениетін қазіргі кезде де ескеріп, дұрыс қолдану тарихи 
сабақтастықтың кепілі болып табылады. Сонымен, қазіргі қазақ халқының 
материалды мәдениетінің архетипінде екі шаруашылық-мәдени тип бар. 
Көшпелі шаруашылық-мәдени типі ХХ ғ. дейін жетекші шаруашылық 
тәсілі болып келді. Ол б.з.б. ІХ-VII ғасырларда Қазақстан жерінде 
қалыптасқан. VI-XII ғғ. оазистік-дихандық-қалалық мәдени-шаруашылық 
типімен синхронды өрістеп, XVIII ғ. бастап күйзеліске ұшырады. 
Көшпелілердің ұрпақтары бұл екі мәдени типтің бастамаларын өз бойында 
синкреттік түрде сақтады. 
Қазақтың және оның арғы аталарының қоғамындағы әлеуметтік 
жіктер мен топтардың қарым-қатынасын марксизм тұрғысынан «қанау», 
«феодализм» деп сипаттаудың ауылы шындықтан алыс. Өйткені 
туысқандық қатынастарға негізделген көшпелі қауымда құндылықтар да 
басқаша сипатта болды. Осы жөнінде белгілі түріктанушы Мұрад Әджі 
былай дейді: «Далалықтарда зат емес, керісінше әрекет пен руханият 
құндылық қасиеттеріне ие болды. Шығыс мәдениеті мен шығыс 
дүниетанымы ең алдымен материалдық негіздерге емес, керісінше 


92 
руханиятқа табынған. Сылдырмақ алтындар-бос нәрсенің сыртынан ғана 
жылтырауы. Ат-алтыннан да жоғары бағаланған. Тағы қылыш пен садақ. 
Далалыққа үш тілек қасиетті болып табылған. Біріншісі-ат ерттеп міну.
Екіншісі-ет жеу. Үшіншісі-әйел алу. Шығыс мәдениетін бойына сіңірген 
шығыс адамының психологиясы руханияттың материалдықтан басымдығы 
қағидасымен қалыптасқан. Бұл өте маңызды жағдай және ол көптеген 
тарихи оқиғалардың, тіпті адамдардың трагедияларын түсінуге мүмкіндік 
береді» (Мурад Аджи. Кипчаки. Древняя история тюрков и Великой 
степи.-М., 1999.-176 б.).
Әрине экономикалық стимулдардың төмендігінің көшпелілер үшін 
теріс әсері де жеткілікті: еңбек өнімділігінің бір қалыптылығы және 
техникалық инновациялардың жоқтығы. Бұл көшпелі қауымның 
батыстық, ресейлік және қытайлық экспансияға қарап тұра алмауына 
әкелді. 
Арнаулы зерттеулерде көшпелі қауымдағы әлеуметтік теңсіздікті 
кемітіп, адамдық ынтымастықты арттыратын этикалық тетіктер аталып 
өтеді. Мысалы, қазақтың құқық мәдениеті тарихын зерттеудегі Сәкен 
Өзбекұлы Абайдың Шар съезі ережелерін талдай келе, «сойыс, қонақ 
асын бермеген адамға ат-шапаннан түйе құнына дейін айып салынады» 
дейді. Қазақ даласын көп зерттеген И. Георги мынандай куәлік келтірген:
«Қазақ байлары нашарларына мал бөліп береді, ал олар оның 
қарымтасына ырза болып өзінің қамқоршысының малына көз қырын 
салып жүреді. Егер кімде-кімнің табыны көбейіп кетсе, бұл Алланың 
ырзығы деп кедей адамдарға мал бөледі. Егер жаңағы мал иесінің 
болашақта ырзығы толмай жүрсе, мал алғандар еш міндет өтемейді, ал 
егер жұттан малы қырылса, не ұрлап әкетсе, шауып алса, не басқа бір 
қырсықтан малынан айырылса, бұрын ол ырза қылған адамдар өзінің 
жасаған жәрдемі арқылы өз малын мәңгілік қылып жібереді». Осындай 
дәстүрлердің қатырында шүлен тарту (байлықтың бір бөлігін кемтар, 
бишара, науқас, жетім-жесірге таратып беру), қызыл көтеру (мертіккен 
малды 12 мүшеге бөліп сатып алып, құнын мал иесіне беру), жылу 
(кенеттен кедейлікке ұшыраған адамға рулық тегін көмек беру) т.т. атап 
өткен жөн. Олардың мәдени негізінде қонақжайлылық жатыр. Бұл 
феномен туралы қазақ әдебі тарихына қатысты еңбектердің көпшілігінде 
нақтылы деректер келтіріледі.
Біз қонақжайлылықтың аңыздық, сакральды тұрғыдан әдеп пен әдет 
нормасы ретінде көрсетілгеніне назар аударамыз. Мысалы, Алаша хан өз 
байлығын үш ұлына бөліп беріп, былай деген екен: «Көшпелі өмірдің 
жағдайларына байланысты сендердің өмірлерін отырықшылықтан бөлек 
болғандықтан да оның саудасы мен базарынан әр жолаушы, қайда барса 
да өзіне белгілі ақыға жатар орын табады: сендердің араларыңда осындай 
ыңғайлылықтың жоқтығына байланысты тараған ұрпақтарыңа, олардың 
бір-біріне қатынас жасауы қиынға түседі, себебі, сендер жарты күндік 
жолға өз қойларыңды, ал одан алыс шыққанда тіптен алып жүрмейсіңдер 


93 
ғой, міне сондықтан менің сендерге айтатын мәңгілік өсиетім: бір-
бірлеріңе барғанда тамақ үшін ақы алмаңдар, бір-бірлеріңе үнемі қонаққа 
шақырылғандай болыңдар, соның нәтижесінде бір-біріңе қонақ асы 
беретін құқықты немесе ақы төлемей жататын орын және тамақ беруді 
пайдаланыңдар-осыған менен қалған байлықтың төртінші бөлігін алып, 
оны тек өз меншіктерің деп санамай, жалпы бөлінбейтін игілік, ғасырға 
кеткен енші деп таныңдар». 
Әрине, миф мен аңызда қауымдық ынтымақтастық қерағар 
жақтарынан арылып, мұрат тұтатын қоғам ретінде суреттелген. Егер 
тарихи сананың шежірешілдік пен мифтік санадан айырмашылығын 
ескерсек, онда көшпелі қауымда «элитарлық» тұлғалармен қатар қауымға 
жатпайтын құлдар мен өздерін қауымнан аластағандардың болғанын 
ескерген қажет. Әдет пен әдеп аймағынан өздерін тыс қойған адамдардың 
болғаны ежелгі мәдени мәтіндерде бейнеленген «Қой үстінде бозторғай 
жұмыртқалаған», әсіреленген әлеуметтік мәдени тұтастықта ағайын 
арасындағы келеңсіздіктер мен араздықтар, қатігездік пен күш көрсетудің 
кейбір көріністері әдейі көмескіленген. Талас пен тартыс, ішкі 
қайшылықтар мүліктік теңсіздіктен және адам еркіндігін шектеуден 
туады. 
Көшпелі қауымдастықта жеке-дара моральдық қасиет жоғары 
бағаланған. Мәдени қаһарман көлеңкеде емес, тіршілік майданында 
толыққанды өмір сүріп, бұл дүниеден өкінбей өткен. Дәстүрлі қазақ 
қоғамындағы тұлғаны «Шығыста тек енжар, еріктілігі шектелген, 
жасампаздыққа бара алмайтын, мүлгіген адамдарды кездестіреміз» 
деушілер ақиқаттан алыс. Тұлға топ бастаған, жауды қайтарған, ару 
сүйген, өзін елі мен мұраты жолында құрбандыққа шалуға да дайын. 
Осындай даралану эгоцентризмге емес, керісінше интерсубъектілікке 
сүйенеді. Батырлық рухпен қуатталған жырау үшін тек көпшіліктің 
мүддесін білу және қорғау маңызды емес. Ол коллективтік ұмтылыстың 
бір мүшесі де емес. Оған сана мен ерік дербестілігі тән. Сондықтан 
жауаптылықты да өзіне ала алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет