Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


 Қазақ өлкесiнде зайырлы мектептер мен оқу орындарының ашы-



Pdf көрінісі
бет145/181
Дата25.09.2022
өлшемі7,96 Mb.
#40160
түріОқулық
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   181
Байланысты:
8-СЫНЫП АТАМҰРА

4. Қазақ өлкесiнде зайырлы мектептер мен оқу орындарының ашы-
луы. 1813 жылы Омбыда, ал 1825 жылы Орынборда әскери училищелер 
ашылды. Кейiннен олар Сiбiр және Орынбор Неплюев кадет корпустарына 
айналды. Бұл оқу орындарына қазақ балаларын қабылдауға едәуiр шек 
қойылды. Ұлты қазақ кадеттер бiрқатар әскери пәндердi оқып-үйренуге 
жiбе рiлмедi. Омбы кадет корпусын белгiлi қазақ ғалымы, зерттеушi әрi 
ағартушы Шоқан Уәлиханов бiтiрiп шықты. 
Казак станицаларында, бекiнiс-қамалдарда дiни шiркеулер және 
казактардың балалары оқитын мектептер болды. Олардағы оқы ту дең гейi 
тым төмен едi. Мұғалiмдердiң басым көпшiлiгiн шала са уатты дьяктар, 
сондай-ақ қызметтiк мiндетiн өтеген солдаттар мен ка зактар құрады. 
Жалпы алғанда, Қазақстанда халыққа бiлiм беру iсi мен сауатты лық 
деңгейiн қанағаттанарлық болды деп айтуға келмейтiн. Зайырлы мектептер 
Кестеге қарап, Жәңгір 
ханның енгізген өзге ріс-
тері жайлы әңгімелеп бер.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


170
өте аз едi. Маман мұғалiмдер жетiспедi. Көшпелi және жар тылай көшпелi 
өмiр салты жағдайында тұрақты мектептер ашу қиын болды.
Қазақстанды өнеркәсiптiк тұрғыдан иге рудiң басталуына байланысты 
сауатты да бiлiмдi адамдарға деген сұ раныс арта түстi. Сондықтан да 1850 
жылы Орынборда оқу мерзiмi жетiжылдық жаңа үлгiдегi мектеп ашылды. 
Онда негiзiнен хатшылар мен аудармашылар даярланды, орыс тарихы, 
математика, география, геометрия негiздерi оқытылды. Кейін осындай 
мектеп Омбыда да ашылды.
1861 жылы Троицкiде, басқа да қалаларда орыс-қазақ мектептерi 
ашылды. 1867–1868 жылдардағы әкiмшiлiк реформалары енгiзiл ген нен 
кейiн және қоныс аударып келушi шаруалардың арта түсу iне байланыс-
ты зайырлы мектептердiң саны көбейдi. Оларда ғы оқу бағдарламаларын 
генерал-губернатордың өзi белгiлеп, Халық ағарту ми нистрлiгiмен келiсiп 
алып отырды. Қазақтың балалары орыс поселкелерi мен казак станица-
лары жанындағы мектептерде те гiн немесе азын-аулақ ақы төлеп оқуға 
құқықты болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет