Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


Бөз – мақта матадан тоқылған кездеме. Елтiрi



Pdf көрінісі
бет127/181
Дата06.07.2022
өлшемі7,89 Mb.
#37526
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   181
 Бөз – мақта матадан тоқылған кездеме.
Елтiрi – туғаннан кейiн 2–3 күн iшiнде сойылған қозы терiсi.
В. Ботов – орыстың белгiлi көпесi. Ол 1848 жылы Қарқаралы маңында Қоянды 
жәрмеңкесiнiң негiзiн қалады.
«Батыс Сiбiрдегi далалық жәрмеңкелер. Семей және Ақмола об лыс-
тарындағы барлық жәрмеңкелердi оларда жасалатын сау да ның сипатына 
және сауда айналымының мөлшерiне қарай екi топқа бөлуге болады. Жәр-
меңкелердiң басым көпшiлiгi әдетте күз бен қыста қа ла лар да және казак ста-
ницаларында өткiзiлдi. Оларда жер гi лiктi ауылша руашылық өнiмдерi, сондай-
ақ жақын маңдағы көшпелi қырғыздардың (қазақтардың. – авт.) ма лы мен 
мал өнiмдерi, сырттан әкелiнетiн зауыт-фабрикаларда жасалған тауарлар өзара 
айырбас арқылы сатылды. 
Өзге iрi жәрмеңкелер жаздыгүнi ашық дала төсiнде өткiзiлдi. Мә селен, олардың 
қатарына Ботов, Тайыншакөл сияқты басқа да жәр мең келердi қосуға болады. 
Үлкен жәрмеңкелерде аса iрi көлемде сауда-сат тық жасалды. Қырғыздар ұсақ 
малдарын Семей мен Ақмола облыстарынан айдап әкелiп сатып жүрдi».
Тобыл губерниясының 1885 жылғы ведомостары. Тобыл, 1885, 3-бет.
1. Қазақ даласында қандай жәрмеңкелер болды? 2. Олардың бiр-бiрi нен 
айырмашылығы неде едi? 
*
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


152
XIX ғасырдың екінші жартысында көшпелі және жартылай көш-
пелі малшаруашылығы құлдырай бастады. Бұл үрдіс дәстүрлі қазақ 
қоғамының өзгеруіне әкеліп соқты.
1. XIX ғасырдың екінші жартысындағы қа-
зақ халқы шаруашылығындағы өзгерістер. XIX 
ғасырдың 60–90-жылдары патша үкіметінің әкім-
шілік реформалары барысында қазақ ру-тайпалары 
болыс, уезд және облыстық әкімшілік құрылымға 
бөлінді. 1897 жылы Ресей империясында алғаш 
рет жалпы халық санағы өткізілді. Санақ нәтижесі 
бойынша өлкедегі 3,4 миллион қазақ тұрғыны 
халық санының 80%-ын құраған. Халықтың не-
гізгі бөлігі ауылда өмір сүрген. 80%-ға жуығы 
мал ша руашылығымен, ал 18%-ы кешенді бақташылық және егіншілік 
кә сі бімен шұғылданған.
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан көшпелі және жартылай көшпелі 
малшаруашылығы ақырындап құлдырай бастаған еді. Қазақтар үшін ең 
ауыр кезең жұт жылдары болатын. Жұттан аман-
есен қалу үшін қазақтар шегара шетіндегі казактар 
мен орыс шаруаларына жақын келуге тырысатын. 
Жұттан кейін күйзеліп, қайыршыланған қа зақ 
шаруашылықтары ендігі жерде егіншілікпен айна-
лысуға мәжбүр болды. ХІХ ғасырдың аяқ ке зінде 
елдің орталық, солтүстік және солтүстік-шығыс аймақтарында егін-
шілікпен айналысуға жаппай бет бұру байқалды.
Мал басын қырып салатын алапат жұттан аман қалу үшін қазақтар шөп 
шабумен айналыса бастады. ХІХ ғасырдың соңына қарай Қазақстанның 
солтүстік, орталық, солтүстік-шығыс аймақтарында шаруашылықтардың 
90%-ға жуығы шөп шабуды кәсіп етті.
Ішкі Ресейден қоныс аударушы шаруалардың көптеп келуіне және 
Қазақстандағы қала халқының саны артуына байланысты мал жайы-
лымдарының көлемі қысқара бастады. Отбасы мүшелерін асырау мен қолда 
Бүгінгі сабағымызда ұлттық құндылықтарға отаршылдық саясаттың кері 
әсер етуін түсіндіреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет