Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


§11–12. АБылАй ХАННың ІШКІ ЖӘНЕ СырТҚы



Pdf көрінісі
бет29/181
Дата06.07.2022
өлшемі7,89 Mb.
#37526
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   181
§11–12.
АБылАй ХАННың ІШКІ ЖӘНЕ СырТҚы 
САЯСАТы
XVIII ғасырдағы аса көрнектi қазақ билеу шi лерiнiң бiрi айбынды 
Абылай хан болды. Ол өте қиын жағдайдың өзiнде Қазақ хандығының 
тәуелсiздiгi мен аумақтық тұтастығын сақтай бiлдi.
1. Абылай – Қазақ хандығының аса көр нектi сая-
си және мемле кет қайраткерi. ХVIII ғасырдағы Қазақ 
хандығы билеушiлерiнiң бiрi Абылай өзiн аса көр нектi 
мемлекет қайрат ке рiне тән қа си ет те рi мен көрсете бiлдi. 
Абылай хан өзi нiң бүкiл ғұмырын қазақ ме м ле кет-
тiлiгiн нығайту мен халықтың бiрлiгiн қам та масыз 
ету iсiне арнады. 
Абылай ханның өткен өмiр жолы оңай болған жоқ. Ол 
1711 (кейбір деректерде 1713) жылы Түр кiстан қаласында 
дү ниеге келдi. Оның азан шақырып қойылған аты 
Әбiлмансұр болатын. Шыққан тегін жасырып, 
Сабалақ 
атанған. Сұл тан Абылай мұсылманша жақсы бiлiм алды. Ол Шы ғыстың 
жетi тiлiн бiлдi. Домбыраны жақсы тартты. Өзара бақталастық, алауыздық 
салдарынан болған соғыстар кезiнде жастайынан жетiм қалған едi. Он бес
жасқа толған кезiнен бастап жоң ғар бас қыншыларына қарсы соғысқа 
белсене қатысты.
Сұлтанның бойы ортадан жоғары болатын. Жауырыны қақпақтай, дене 
күшi зор едi. Замандастары оны батылдығы мен ержүректiгi үшiн қатты 
құрметтейтiн. Ол өз ғұ мы рының ең соңғы күн дерiне дейiн жауынгер-
лерiмен бiрге болды. Соғыста қолға түскен барлық олжаны бөлiстi. Жау-
мен шайқастар кезiнде бiрнеше рет жаралы да болды.
Сөзге шебер әрi тапқыр едi. Өз замандастары 
арасында сөзiне бе рiк, алғыр ойлы, барынша адал 
әрi әдiлдiгiмен көзге түсетiн. Ке ре мет шешендiгiмен
қазақтардың ежелден келе жатқан әдет заңдарын және 
шежiресiн өте жақсы бiлетiндiгiмен ерекшеленетiн. Ол 
өз төңi регiне халықтың құрметiне бөленген ең беделдi 
әрi адал адамдарды топтастырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет