37
1.2. Зерттеуші және педагогикадағы
зерттеу әрекеті
«Сезімтал». Олардың арасында ірі қожайындар; туа біткен көш бас-
шылар; табиғатынан ойыншылар; «балық қаны» – өзін-өзі билеген күмән-
шіл дер; қатып қалған лаборатория қызметкері; эгоцентрист; агрессияшыл
даукес; өзгенің еңбегін өзіне иемденіп алатын«бірінші дәрежелі озбыр»,
адамзатқа пайда әкелетін ғылым үшін бәріне дайын альтурист және т.б.
кездеседі.
Автор мінсіз ғалымдардың екі тобын атайды:
«Фауст – мінсіз оқытушы және жетекші». Оған өз мүмкіндігінен гөрі
зерттеу мүмкіндігінен рахат сезімге бөлену, құлшыныс; өткір байқампаздық;
темірдей тәртіп; лабораториялық жұмыстың ұсақ-түйегіне дейін назар ау-
дарумен байланысты және оның нәтижесін шығарудағы мейлінше сирек
кездесетін ерекшелік және қиял. Оны ешқандай сәтсіздік қорқыта алмайды
және жетістік өзгерте алмайды (аздыра алмайды).
«Фамулус – мінсіз оқушы және қызметкер». Ол интеллект тұрғысынан
өзінің тәлімгері тәрізді қатты дамыған болмауы мүмкін, бірақ тәжірибелік
жұмыстарды табандылық танытып, қиыншылықтарға
төтеп бере алады
және оның алдында әлі де өз мақсатын орындауға уақыты жетеді.
Ғылымның құндылығы мен этикасына ықылас-ілтипаттың өсуі оның
күші мен басымдығының артуымен, мүмкіндігінше тезірек нәтиже беруге,
экономикалық, ғылыми жаратылыстану, техникалық мәселелерді түбегейлі
шешуге ұмтылысымен түсіндіріледі. Сонымен қатар К. Ясперс адамдар-
ды оның келісімінсіз экспериментке тартуға болмайтындығы ғылымның
мәніне ғана емес, адам құқығы мен адамгершілік ұстанымдарына сүйенеді
деген болатын.
Ғылыми білім өздігінен этикалық жағынан бейтарап болғанмен, оның
қолданылуы міндетті түрде этикалық жағынан негізделген. Бұл әсіресе
техникалық жетістіктерді және генетикалық ғылымды қолдануда тәуекел
етіп, жүзеге асыруда өте маңызды болып табылады. Сонымен бірге био-
этика, компьютерлік, инженерлік, экологиялық, жаhандық этика және т.б.
пайда болуда. Ғалымның өзі ашқан жаңалығы бойынша ойланып, ақылға
салынған шешім қабылдау жауапкершілігі туралы мәселе өте күрделі
күйінде қалуда. Моральдық тұрғыдан ең дұрыс шешім қабылдау критерийі
зерттеушінің ар-ұяты болып есептеледі. Мораль және адамгершілік бі лім-
нің, адамдық қасиет пен эстетиканың
бірлігін қамтамасыз ете отырып,
ғылыми қызметті бағдарлайды.
Зерттеушінің этикасына зерттеушінің әріптестерінің авторлық құқы -
ғын сақтауы, плагиаттан (көшіріп алу) сақ болуы, зерттеу пәнін кәсіби тұр-
ғы да жақсы меңгеруі, өтіріктен алшақ болуы, ғылыми нәтижелерді сапы-
рылыстырып, бұрмалаудан қашық болуы, ойдың еркіндігі жатады.
Ғылыми-зерттеу жұмысын орындаудың жетекші ұстанымы нақты
авторларға, сонымен бірге жүргізіліп отырған зерттеу жұмысын түсінуге