Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет19/150
Дата18.10.2023
өлшемі3,8 Mb.
#118729
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

1-тарау.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
42
Ғылыми бірлестік зерттеушінің екінші «Менінің» пікірталастық және 
рефлексивтік рөлін атқарады және XVIII ғасырда 15 мыңнан аспайтын адам-
нан ғана тұрған, қазіргі заманғы бес миллиондық армиясы бар халықаралық 
ғылыми қауымдастықтың танымдық мүмкіндіктерін күшейтеді. Кәсіби 
ғылыми қызмет Еуропа елдерінде XVII ғасырға дейін енді ғана басталған 
күйде болған жаратылыстанудың қарқынды дамыған кезеңінде пайда бола 
бастады. Кәсіби қызметтің қайнар көзі Френсис Бэконнан басталады.
Орта ғасырда университеттердің пайда бола бастаған кезінен атқара-
тын екі қызметі – оқу орны және ғылыми зерттеу лабораториясы болды,
XII ғасырда оқу үдерісінің ғана емес, ғылыми жұмыстың да жетекші фор-
масы болған диспут өзінің ұстанымын нығайтады. 
Зияткерлік қор жинақтаудың өзіндік формасы ретінде Қайта өрлеу за-
манында туған ғылыми үйірмелердің құндылықтарын мұра етіп қабылдаған 
ғылымды сүйетіндердің алғашқы ғылыми жаратылыстану қоғамдары (ака-
демиялар) пайда бола бастады. Алғашқы ғылыми қоғамдардың арасын-
да «Табиғат құпияларының Академиясы» (Италия, 1560 ж.), ерекше жіті 
көретін «Линчеев Академиясы» («Өткір көздер Академиясы») (Неаполь, 
1560 ж.), «Тәжірибелік білім Академиясы» (Рим, 1603 ж.), содан кейін 
Лондон корольдық қоғамы (1660 ж.), Париж ғылым академиясы (1666 ж.), 
Берлин ғылым академиясы (1724 ж.) осы кезге дейін табысты қызмет етіп 
келеді.
Біздің заманымызда 1968 жылы құрылған 100-ге жуық дүниежүзілік 
саяси, қаржылық, мәдени, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми элитаны 
біріктіріп отырған Рим клубы атты халықаралық қоғамдық ұйым биосфе-
ра және адамзат, әлеуметтік-экономикалық салаларды зерттеуге зор үлес 
қосып келе жатыр. Рим клубына қатысушылардың мақсаты – «біз өмір 
сүргіміз келетін әлемді ойша елестету, оның ресурстық қорларын бағалау, 
оның шын мәніндегі (реалистік) болашағын және келешегін қалыптастыру 
және қорытындысында жаңа әлемдік қауымдастық құру үшін адамзаттың 
энергиясы мен саяси еркіндігін жинақтау». 
Клуб ізденіс еркіндігіне ешқандай шектеу қоймастан белгілі бір 
мәселе бойынша зерттеуге тапсырыс береді және қаржыландырады. Зерт-
теу қорытындыларын талқылау әлеумет, жұртшылықтың және баспасөз-
ақпарат өкілдерінің қатысуымен конференция түрінде өтеді, содан кейін 
зерттеу нәтижелері әртүрлі елдерде мақалалар жариялануы және талдау-
лар өтуі арқылы таратылады. Соның арқасында дүниенің компьютерлік 
модельдері құрылып, ізгілендіру жолдары мен өркениетті ізгілендіруді 
іздестіру жүзеге асырылады. 2012 жылға дейінгі атқарылатын қызмет 
бағыттары белгіленген «Әлемдік дамудың жаңа жолы» (2008 ж.) атты 
бағдарлама жасалды. Сонымен бірге Еуропа дамуының болашағына 
арналған «Еуропа-2020» жобасы айқындалды. 2012 жылы әлемдік қау ым-


43
1.2. Зерттеуші және педагогикадағы зерттеу әрекеті
дас тықта «2052: жақын арадағы қырық жылға арналған ғаламдық болжам» 
атты баяндама жасалды. Өзі мүше болған Рим клубының қызметін кезінде 
Шыңғыс Айтматов белсенді насихаттаған болатын.
Баяндаманың ұсыныстарын көптеген елдер, өндіріс ошақтары, корпо-
рациялар мен фирмалар өздерінің экономикалық дамуын болжау кезінде 
ескеріп отырады. Олар әлеуметтік салаға да ауқымды әсерін тигізіп оты-
рады. Педагогика ғылымы мен білім беру ісінде қоғамның инновациялық 
дамуының ерекшеліктері оңды рөл атқарып келеді. Рим клубының бұл 
жоспарының идеялары мен нұсқаулары көптеген елдердің ғылыми әлеуетін 
белсендіруде және жаңадан құруда, білім берудің инновациялық түрін 
таңдауда зор әсерін тигізіп отыр. 
Ғылыми қызметкерлердің тарихи қауымдастығын сақтай отырып, 
қазіргі заманғы ғылыми қызметті ұйымдастыру өндірістік, саяси, әлеуметтік 
қажеттілік сияқты көптеген факторлардың ішінде ғылыми жетістіктер мен 
идеяларды тәжірибеде қолдануды жеделдетуге өз ықпалын тигізді. Егер 
бұрын жекелеген ғылыми жетістіктердің тәжірибе мен өндіріске әсері 100-
150 жыл өткеннен кейін байқалса, қазіргі жағдайда ғылыми нәтижелерді 
меңгеру мерзімі өте аз мөлшерге дейін қысқарды.
Алынған нәтижелер жаңа тұжырым, парадигма, жаңа бағыт алуға мүм-
кіндік беретін идеялар ретінде адамзаттың ұжымдық ақыл-ойына үлес 
қосатын тұлға қалыптасуына
әсер етеді.
Ғылыми қауымдастықта педагогикалық жұмыс жоғары бағаланады. 
Беделді оқу орындарында дәрістер
оқу мүмкіндігі, ғалым-ұстаз ретінде 
ғылыми мектеп құрып, шәкірттер тәрбиелеп, олардың ғылыми бағытта 
дамуына ықпал етуі ғалымның интеллектуалдық деңгейі мен кәсіби 
біліктілігін мойындау болып табылады.
Өреңді ғылыми жетістіктермен байытып және таным әрекетін мең ге-
ру өз іс-әрекетінде ұжымдық және жеке білімдерімен көрініп жүрген тә-
жірибелі де, жас та әріптестермен үнемі өзара байланыста болу арқылы 
жүзеге асады.
Қазіргі зерттеуші өз іс-әрекетін шығармашылық қабілетіне және ин-
теллектуалдық таным әрекетінің ерекшелігіне байланысты жеке өзінің 
білімімен толықтыру арқылы өзіндік, қалыпты емес ойлай алатынын көр-
сете алады. Ұжымдық ғылыми білім белгілі бір тәжірибе аумағында әр 
адам ның жеке ерекшелігін ескере отырып, барлық ғалымдар үшін ортақ 
түсінік, әдіс, тәсілдер, амалдар және білім ережелер арқылы көрінеді. 
Ғылыми әрекеттің толықтығы үшін зерттеуші ұжымдық сана феномені 
– этноғылым айналысатын ғылымнан тыс және тиімсіз білімдер түрлері 
туралы түсінік алуы тиіс. Классикалық ғылым таным үшін оның мәнін 
теріске шығарады, классикалықтан тыс ғылым оның көрегенділігін, ин туи-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет