Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 20 20 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет91/150
Дата18.10.2023
өлшемі3,8 Mb.
#118729
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   150
Байланысты:
Ш.Таубаева ПЗ

3-сурет.
Оқушылардың оқығандығының педагогикалық
диагностикасының үдерістік моделі


223
3.5. Модельдеу және аналогия
Педагогикадағы өлшем және модельдеу теориясының негіздері А.С. Каза-
ринов, В.И. Михеев және т.б. еңбектерінде айтылған. Көптеген авторлардың 
пікірі бойынша, кез келген педагогикалық зерттеулердегі модельдің прак-
ти калық құндылығы, негізінен, өлшем объектісінің зерттелетін тарапынан 
барабарлығымен анықталады. Сонымен қатар модельді құру кезеңдерінде 
модельдеудің негізгі ұстанымдары: көрнекілігіне, анықтығына және дұрыс-
тығының қаншалықты ескерілгеніне де байланысты. 
Авторлар анықтаған модель құрудың негізі қағидалары мен педаго-
ги калық диагностиканың негізгі ұстанымдары – тұтастық, мақсаттылық, 
жүйелілік, мазмұндылық, сабақтастық, объективтілік, тиімділікті ұстана 
отырып, мектеп оқушыларының тарих пәні бойынша оқығандығының
диагностикасын ұйымдастырудың үдерістік моделін ұсынады (3-сурет).
Жоғарыда айтылғандардың негізінде оқушылардың тарих пәні нен
оқы ғандығын диагностикалау үдерісіне ұйымдастырушылық ұстаным дар-
дың негізінде сипаттама беруді жөн көрдік. Өйткені оқушылардың оқыған-
ды ғы субъективті көрсеткіш және оны диагностикалауға мұғалімнің шебер-
лі гі, әлеуметтік ортаның әсері, құрал-жабдықтардың сапасының ықпалы 
бола тын дықтан диагностиканың нәтижесі әртүрлі беймәлім сипаттарға 
тәуел ді болады.
Жұмсақ жүйе сыртқы әсерлерге жоғары сезімталдығымен сипаттала ды, 
ал оның салдары әлсіз тұрақтылық болып табылады. Қатаң жүйе – бұл әдет-
те сыртқы әсерлерге жоғары тұрақтылығымен сипатталатын, мұғалімдердің 
кәсіби біліктілігіне және авторитарлық қасиеттеріне негізделетін жүйе. 
Осы тұрғыдан қарастырғанда біз оқығандықты жұмсақ, диагностиканы 
қатаң жүйеге жатқызамыз. Екі жүйе арасындағы үйлесімділікті қамтамасыз 
ету үшін мақсатты-тұжырымдамалық, ұйымдастырушылық-әрекеттік, маз-
мұндық-құралдық блоктардан тұратын және олардың мазмұны ашылған
оқушылардың пән бойынша оқығандығын диагностикалауды қамтамасыз 
етуге бағытталған үдерістік модельді құрастырдық.
Мақсатты-тұжырымдамалық блок пәнді оқытудың мақсаты, шарттары 
мен ұстанымдарынан, оқығандықтың және педагогикалық диагностиканың 
деңгейлерінен тұрады. Ұйымдастырушылық-әрекеттік блок мақсатты-бағ-
дар лық, жобалаушы әрекеттік, бақылаушы-бағалаушылық, ал мазмұндық-
құралдық блок мазмұндық қамтамасыз ету, диагностикалық пакет, әдіс-
темелік қамтамасыз ету компоненттерінен түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет