тар малдың өнімділігіне байланысты өзгеретінін көреміз. Сиыр-
байланысты тəулік бойына ырғақты өзгеріп отырады. Мысалы,
атмосфералық ауаны қабылдайды. Оның құрамында 20,82 пайыз
136
лады. Деммен шыққан ауа құрамында 16,3 пайыз оттегі, 4,4 пайыз
көмір қышқыл газы, 79,7 пайыз азот кездеседі. Демек, организм
тыныстық ауадан 5 пайызға жуық оттегі сіңіріп, 4,4 пайыз көмір
қышқыл газын бөледі. Азот газ алмасу процесіне қатыспайды.
Альвеола ауасының құрамында деммен шыққан ауамен
салыстырғанда көмір қышқыл газы көбірек (5,5-5,7 пайыз), ал
оттегі азырақ (14,2-14,6 пайыз) болады. Тыныс ауасы мен аль-
веола ауасының арасындағы айырмашылық денедегі газ алмасу
процесіне қатыспайтын “пайдасыз кеңістік” ауасының құрамына
байланысты қалыптасады (55-сурет). Дем шығарған кезде ор-
ганизмнен алдымен құрамы жағынан атмосфералық ауаға ұқсас
тыныс жолдарының - “пайдасыз кеңістіктің”, соңынан альвеола-
ның ауасы шығады. Олар араласа келе жоғарыда баяндалған көр-
сеткіштерді береді.
Сонымен, организм сыртқы
ор
тадан қабылдаған ауа қос
па-
сы нан тек оттегіні сіңіріп, көмір
қыш қыл газын бөледі. Оған себеп,
организмде газ алмасу процесі
газдардың үлес қысымының ай-
ырмасына сəйкес жүреді. Үлес
қысым деп жалпы қысымның тек
жеке газ түзетін бөлігін атайды.
Мысалы, 760 мм атмосфералық
қысымның шамамен 21 пайы-
зы немесе с.б. 159 мм (21.2 кПа)
от те гінің, 79 пайызы немесе 596
мм азоттың үлесіне тиеді. Газ
қоспасының пайыздық құрамын
білген жағдайда Дальтон форму-
ласы арқылы жеке газдардың үлес қысымын есептеп шығаруға
болады.
р = Р · (а : 100) мм.,
бұл жерде: р - үлес қысым; Р - атмосфералық қысым; а - газдың
пайыздық мөлшері.
Альвеолалардағы жалпы қысым атмосфералық қысымға ша-
малас. Дененің қалыпты температурасында (37
0
С) өкпедегі су
буының қысымы сынап бағанасымен 47 мм-ге тең, демек аль-
веолалардағы газдардың қысымы с.б. 760 - 47 = 713 мм. Осы
қысымның 80,7 пайызы немесе 713x0,807 = 575 мм азоттың,
14,2 пайызы немесе 713x0,142=101 мм оттегінің, 5,62 пайызы
немесе 713х0,055 = 44 мм көмір қышқыл газының үлесіне тиеді
55-сурет. Деммен шыққан ауа-
ның əр түрлі бөліктеріндегі от те гі
мен кө мір қышқыл газ мөл шерінің
өзгеруі:
1 - пай дасыз ке ңіс тік ауасы;
2 - пайдасыз ке
ңіс
тік пен альвеола
ауасының қоспасы; 3
- аль веола ауасы
137
(19-кес те). Өкпенің желдетілуінің нəтижесінде альвеоладағы
оттегі мен көмір қышқыл газының үлес қысымы тұрақты
деңгейде сақталады. Альвеолалардағы көмір қышқыл газының
мөлшері көбейсе, өкпенің желдетілуі күшейіп, ал азайса - əлсіреп
отырады.
Достарыңызбен бөлісу: