Оқулық. Алматы: жшс рпбк


-кесте. Түрлі жануарлардың 1 минуттағы тыныс жиілігі



Pdf көрінісі
бет106/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   542
17-кесте. Түрлі жануарлардың 1 минуттағы тыныс жиілігі

Жануарлар 

Тыныс жиілігі 

Хайуандар 

Тыныс жиілігі 

Жылқы


Түйе

сиыр


Қой

Ешкі


Бұғы

8-16


5-12

10-30


8-20

0-18


8-16

Ит

Мысық



Қоян

Кептер


Тауық

Егеуқұйрық 

Тышқан

10-30


10-25

10-15


 22-25

50-70


100-150

200


Тыныс жиілігі түлік түріне, малдың физиологиялық күйіне, 

жасына, өнімділігіне, қимыл-əрекетіне, ортаның температурасы-

на қарай өзгеріп отырады. Жануарлар неғұрлым майда келсе, 

соғұрлым оның тынысы жиі болады. Тынысқа зат пен энергия 

алмасудың қарқыны əсер етеді.

Өкпенің тіршіліктік жəне жалпы сыйымдылығы. Өкпе - 

қуыс ағза. Ол белгілі мөлшерде ғана ауа сыйғыза алады. Мысалы, 

адам тыныштық жағдайда 500 мл ауа жұтып, дəл осы мөлшерде 

дем шығарады. Ал жылқыда бұл көрсеткіш 5-6 л жетеді. Бұл 

тыныстық ауа (54-сурет).

Адам зорлана терең дем алса, тыныстық ауаға қосымша 1,5 л, 

ал жылқы -10-12 л ауа жұта алады. Ауаның бұл мөлшерін 

қосымша ауа деп атайды. Адам қалыпты дем шығарған соң тағы 



134

да 1,5 л шамасында ауа бөле алады (жылқы 10-12 л). Бұл - қордағы 



ауа. Аталған тыныстық, қосымша жəне қордағы ауалардың 

қосындысын өкпенің тіршіліктік сыйымдылығы (ӨТС) деп атай-

ды. Адамда ол 3,5-4 л, ал жылқыда 26-30 л шамасында. Терең 

дем шығарғандағы ауаның мөлшері шамамен өкпенің тіршіліктік 

сыйымдылығын көрсетеді.

Өкпенің тіршіліктік сыйымдылығы малдың жасына, өнім-

ділігіне, тұқым ерекшеліктеріне жəне басқа факторларға бай-

ланысты өзгереді. Ол арнаулы құрал - спирометр көмегімен 

анықталады. 

Ең терең дем шығарған соң да өкпеде шамамен 1 л (жылқыда 

10 л) ауа қалады. Ауаның бұл бөлімін қалдық ауа деп атайды. 

Қордағы жəне қалдық ауа қосындысы альвеолалық ауа тү зеді. 

Өкпенің тіршіліктік сыйымдылығы мен қалдық ауаның қо сын-

дысын өкпенің жалпы сыйымдылығы (ӨЖС) деп атайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет