Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Жануарлар физиологиясының дамуы



Pdf көрінісі
бет11/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

2.2. Жануарлар физиологиясының дамуы

Жануарлар функциялары туралы алғашқы деректер оларды 

сою, емдеу кезінде немесе пішу, тұяқ тазалау сияқты мал дəрігер-

лік жəрдемдер үстінде жинақталған. Ерте Қытай мен Үндістанда 

малды əртүрлі дəрі шөптермен, ине шаншу əдістерімен емдегені 

жайында деректер бар. Бірақ ұзақ уақыт адам мен жануарлар фи-

зиологиясы бір сала ретінде дамыды. Негізгі деректер мал мен үй 

құстарына жүргізілген тəжірибелер арқылы жинақталды.

Жануарлар физиологиясы дара ғылым ретінде тек XІX 

ғасырдың ортасы мен XX ғасырдың басында қалыптасты. Оған 

мал шаруашылығының қарқынды дамуы себеп болды. Мал басын 

аман сақтап, оның өнімділігін арттыру, түрлі ауруларды тарат-

пау, мал дəрігерлік кəсіпті үйрету үшін жануарлар организмінде 

жүретін процестердің мəнін терең біліп, түсіну мұқтаждығы туды.

Мал дəрігерлік білімнің отаны Ресей болып табылады. Онда 

1735 жылы мал дəрігерлерін дайындайтын тұңғыш арнаулы мек-

теп ашылды. XVІІІ ғасырдың 60-70 - жылдарында мал дəрігерлік 

мектептер Францияда (Лионда, Альфортта), Италияда (Туринде), 




15

Германияда (Ганноверде, Дрезденде), Данияда (Копенгагенде) 

ашылды. XІX ғасырдың басында Ресейде бірнеше мал дəрігерлік 

училищелер жұмыс істеді, Мəскеу, Харьков, Виленск, Қазан 

университеттерінің медицина факультеттерінде мал дəрігерлік 

кафедралар құрылды. Осы кезде Петербор мен Мəскеу медицина-

хирургиялық академияларында жоғары білімді мал дəрігерлерін 

дайындайтын бөлімдер ашылды.

XІX ғасырдың 40-50 - жылдарында Варшава мен Харьков-

те мал дəрігерлік мектептер құрылып, олар кейін институттарға 

айналды. Бұл институттарда басқа кафедралармен қатар салы-

стырмалы немесе зоофизиология жəне гистология кафедралары 

ашылды.

Ғалым мал мамандары 1835 жылы ашылған Горн - Горецк 

жоғары ауыл шаруашылығы мектебінде (қазіргі Беларусь ауыл 

шаруашылығы академиясы), 1865 жылы ашылған Петрдің жер 

өңдеу жəне орман шаруашылығы академиясында (қазіргі Мəс-

кеудің К. А. Тимирязов атындағы ауыл шаруашылығы академи-

ясы) дайындалды. Бұл оқу орындарында физиологиядан дəріс 

оқылып, азықтандыру мен мал өсіру мəселелері анатомиялық-

физиологиялық негізде түсіндіріле бастады.

XІX ғасырдың ортасында Ресей мен Батыс Еуропада алғашқы 

малдəрігерлік жəне малшаруашылық ғылыми-зерттеу институт-

тары пайда болды. Бұл физиология ғылымының дамуына зор 

ықпал жасады да, XІX ғасырдың аяғында Францияда, Герма-

нияда, Ресейде физиологиялық ғылыми мектептер (бағыттар) 

қалыптасты. К. Бернар жылқылардың сілекей бөлу ерекшеліктері 

жайында еңбек жазып, тауықтың ұйқы безінің сөлін арнаулы 

тəжірибелер арқылы зерттеді (1851). 

Физиологияның дамуына француз ғалымдары Ж. Лассень, 

Т. Шово, Ж. Колен зор үлес қосты. Олардың көптеген еңбектері 

жануарлардың ас қорыту процестерін зерттеуге арналды. Т.Шово 

мен М. Марей 1861 жылы алғаш рет жылқы жүрегіне ойыс вена 

арқылы сүңгі (зонд) жіберіп, оның жұмысын жазу əдісін ұсынды. 

Ж. Колен жануарлардың салыстырмалы физиологиясы жайында 

тұңғыш кітапты жазды. Неміс ғалымы В. Элленбергер мен оның 

оқушылары К. Шейнерт, А. Траутман жануарлардың ас қорыту 

процесін жан-жақты зерттеп, малды тиімді азықтандырудың 

физиологиялық негіздерін қалады. Физиологияны дамытуда 

ағылшын ғалымдары Дж. Баркрофт, Дж. Хэммонд, А. Филлип-

сон, Д. Льюис, К. Блекстер, И. Мак-Дональд, америка ғалымдары 

А. Шалк, Р. Амодон, Ц. Тернер, т.б. да рөлі зор. 




16

Ресейде физиология И. П. Павлов ұсынған принциптер мен 

əдістердің ықпалымен дамыды. Оның басшылығымен тұңғыш 

рет көбек қою əдісі арқылы күйіс малының сілекей бездері 

мен ұлтабарының қызметтері зерттелді (Н. В. Рязанцев, 1898, 

В. В. Савич, И. П. Тихомиров, 1910; И. И. Бельговский, 1912). 

Мал фи 

зио 


логиясын қалыптастырып дамытуда профессорлар 

А. В. Леон то вич (1869-1943), К. Р. Викторов (1879-1955), Н.Ф.По-

пов (1886-1974), Г. И. Азимов (1891-1978), А. А. Кудрявцев (1903-

1970), А. Д. Синещеков (1906-1971), Д. Я. Криницын (1904-1985), 

т.б. зор үлес қосты. Аталған ғалымдардың еңбектері ас қорыту, 

тыныс алу, сүттену процестерінің, ішкі секреция бездері мен 

орталық жүйке жүйесі қызметінің сырларын ашуға арналған.

Жануарлар физиологиясының түрлі салаларын дамытуда ре-

сейлік ғалымдар А. А. Алиев, В. И. Георгиевский, В. Ф. Вракин, 

И. П. Духин, Т. Е. Костина, В. Ф. Лысов, т.б. табысты еңбек ет-

кенін атап кеткен жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет