Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет7/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   542
1.4. Физиология əдістері

Физиология тəжірибелік (эксперименттік) ғылым. Сондықтан 

оның негізгі əдісі – тəжірибе жүргізу. Физиологиялық тəжірибе 

үш нұсқада (вариантта) - жедел тəжірибе, созылмалы тəжірибе 

жəне органдар қызметін модельдеу, жүргізіледі (2-сызба).

Жедел тəжірибелерде малға наркоз беріп, хирургиялық опе-

рациялар жасайды да, ішкі органдарға əсер ету (тітіркендіру, та-

мырларды қию, дəрі-дəрмектер жіберу) арқылы олардың тіршілік 

əрекеттеріндегі өзгерістерді бақылайды. Жедел тəжірибелер то-

бына ағзаларды оқшаулау əдісі де жатады. Оқшауланған ағза-

ны (бауыр, жүрек, желін) тамырлары арқылы қоректік заттар-

мен шаймалап (перфузиялап) немесе қанды алмастыратын 

изо 


тониялық ерітінділерде ұстап, олардың тіршілік əрекетерін 

ұзар тып, зерттейді. Кейбір жағдайларда органдарды толық оқ-

шау 

ламай, олардың тамырларын арнаулы аппараттарға қосып 



(мы салы, жасанды жүрекке), жасанды түрде қоректендіреді де, 

олардың қызметін тексереді.

Бұл тəжірибелердің арқасында органдарда жүретін физиоло-

гиялық процестерге терең талдау жүргізеді. Созылмалы тəжіри-



белер алдын ала арнаулы операция жасалып, зерттеуге дай ын-

далған жануарларға жүргізіледі. Осы мақсатпен малдың қарнына, 

ішектеріне көбек (фистула) қойылады, ас қорыту бездерінің 

өзек  тері сыртқа шығарылады, тітіркендіру немесе биоток тарту 

мақсатымен органдарға электродтар қондырылады, тамырлар тү-

тік шемен сүңгіленеді (катетрлендіріледі), т.б. Бұл əдіс нақтылы 

бір мақсатпен арнаулы операциядан өткен малға ұзақ уақыт бойы-

на тəжірибе жүргізуге мүмкіндік береді. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет