Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Физиологиялық функциялар мен процестер



Pdf көрінісі
бет14/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   542
3.2. Физиологиялық функциялар мен процестер

Биологиялық реакциялар

Физиологиялық функция деп тұтас организм мен оның жеке 

мүшелеріне тəн əрекеттерді айтады. 



Физиологиялық процесс дегеніміз тірі организм мен жеке мү-

шелерде байқалатын əрекеттердің, жаңа сапалы мазмұнға ие бол-

ған физикалық жəне химиялық өзгерістердің күрделі түрле рінің 

жиынтығы. Ол зат алмасу процесінде өте айқын байқалады.



Зат алмасу процесі - организмнің өмір сүруінің негізгі шарт-

тарының бірі. Зат алмасу арқасында тірі материя жаңа сапалы 




21

мазмұнға ие болады. Зат алмасу процесінің нəтижесінде орга-

низм сыртқы ортадан қабылданған органикалық заттарды ыдыра-

тып, олардан өзіне қажет құрылымдар түзеді де, қажетсіз ыдырау 

өнімдерін бөліп шығарады. Зат алмасу процесінің əсерінен азық 

құрамындағы күрделі органикалық қосылыстар энергиясы орга-

низмде химиялық, жылу, механикалық жəне электр энергиясына 

айналады. Организмде жинақталған бос энергия əртүрлі жұмыс 

орындау, өнім өндіру, торшалардың құрылысы мен қызметін 

қамтамасыз ету, дене температурасының тұрақтылығын сақтау, 

өсу жəне даму процестерін атқару үшін жұмсалады.

Зат алмасу бірімен-бірі тығыз байланысты ассимиляция жəне 

диссимиляция процестерінен тұрады. Ассимиляция деп орга-

низмнің сыртқы ортадан түскен заттарды сіңіруін, қарапайым 

қосылыстардан күрделі химиялық косылыстардың түзілуін ай-

тады. Диссимиляция деп организмде тірі материяның бұзылуын, 

заттардың ыдырауын, қажетсіз ыдырау өнімдерінің түзілуін ай-

тады. Бұл екі процесс біріне-бірі қарама-қайшы жəне бірімен-

бірі тығыз байланысты. Диссимиляция процесі ассимиляцияның 

жүруіне себепкер болса, ал ассимиляция диссимиляцияны 

күшейтеді.

Зат алмасумен организмнің өсу, даму, көбею, қоректену, ас 

қорыту, тыныс алу, бөлу, қимыл-əрекет сияқты функциялары жəне 

тітіркенгіштік, қозғыштық, рефлекс сияқты реакциялары тығыз 

байланысты. Реакция - тітіркендіруге қайтарылатын жауап.

Барлық тірі материяға ортақ қасиеттердің ең негізгілерінің 

бірі - тітіркенгіштік. Тітіркенгіштік дегеніміз - тірі материяның 

сыртқы ортаның əсеріне зат алмасу процесін күшейтумен 

қайтаратын жалпылама жауабы. Тітіркенгіштік өсімдік торшала-

рына да, жануарлар торшаларына да тəн қасиет. 

Ал жануарлар торшаларына тағы да бір ерекше қасиет тəн, 

ол - қозғыштық. Қозғыштық деп тірі жүйенің (торша, ұлпа, ор-

ган, тұтас организм) сыртқы, не ішкі орта тітіркендіргіштерінің 

əсерінен өзінің физиологиялық белсенділігін өзгертуін айтады. 

Қозғыштық тек жануарлар торшаларына тəн қасиет. Қозғыштық 

толқын тəрізді ерекше процесс - қозудың негізінде жатады. Барлық 

тірі ұлпа қозады, бірақ қозуға жауап əр ұлпада əртүрлі болады. 

Мысалы, қозған ет талшықтары жиырылады, жүйке ұлпасы - 

тітіркеніс (жүйке импульсі) тудырады, ал бездер – сөл бөледі.

Жүйке жүйесі жетілген жануарларда физиологиялық реак-

циялардың ерекше түрі - рефлекс байқалады. Рефлекс деп ор-

ганизмнің сыртқы, не ішкі ортаның тітіркендіргіштеріне жүйке 

жүйесінің қатысуымен беретін жауабын айтады. Рефлекске 

мысал ретінде ауыз қуысындағы сезімтал жүйке ұштарын ті-




22

тіркендіргенде сілекейдің бөлінуін, көздің қасаң қабығына əсер 

еткенде кірпіктің қозғалуын, т.б. атауға болады. Рефлекс ат-

қарылғанда қозу толқыны жүріп өтетін жолды рефлекс доғасы 

деп атайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет