Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет13/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   542
Бақылау сұрақтары

1. Физиологияның даму кезеңдерін атап, оларға қысқаша сипаттама 

беріңіз.

2. Жеке ғалымдардың физиологияны дамытудағы рөлін айтыңыз.

3. Жануарлар физиологиясын дамытудағы орыс ғалымдарының үлесін 

қалай бағалайсыз?

4. Жануарлар физиологиясы Қазақстанда қалай дамыды, оның қандай 

көрнекті өкілдерін білесіз?



Тараудың қысқаша сөздігі

Басымдылық - доминанта

Көбек – фистула

Қозу – возбуждение

Ойыс вена – яремная вена

Сүттену – лактация

Тежелу – торможение

Ұйқы безі – поджелудочная железа

Ұлпа – ткань


19

3-т а р а у

ФИЗИОЛОГИЯНЫҢ ЖАЛПЫ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ ЖƏНЕ НЕГІЗГІ 

ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ҰҒЫМДАР

3.1. Организм жайлы жалпы түсінік

Организм дегеніміз - сыртқы ортаның əсеріне өз бетімен жа-

уап қайтаратын, өзін-өзі реттейтін, тірі материяның біртұтас жеке 

бөлшегі. Организм – күрделі ашық жүйе. Ол сыртқы ортамен 

затпен жəне энергиямен үздіксіз алмасып отырады. Организмнің 

өзін-өзі реттеуі нəтижесінде оның ішкі ортасының салыстырмалы 

тұрақтылығы сақталып, үнемі өзгерісте болатын сыртқы ортаға 

бейімделу реакциялары қалыптасады.

Қоректену ерекшеліктеріне қарай организм автотрофты 

жəне гетеротофты болып екі топқа бөлінеді. Автотрофты орга-



низмдерге жасыл өсімдіктер мен бактериялардың кейбір түр-

лері жатады. Олар қоректік заттардың көзі ретінде негізінен 

бейорганикалық қосылыстарды пайдаланады. Автотрофты ор-

ганизмдер өзінің тіршілік əрекеттеріне қажет энергияны күн 

сəулесінен алады.

Гетеротрофты организмдерге жануарлар, саңырауқұлақтар 

жəне əртүрлі микроорганизмдер жатады. Олар белоктар, майлар, 

көмірсулар, дəрмендəрілер (витаминдер) сияқты органикалық 

қосылыстармен қоректенеді. Сонымен қатар бұл организмдер 

түрлі минералдық заттарға да мұқтаж болады. Гетеротрофты 

организмдер энергияны органикалық заттардың биологиялық 

тотығуының нəтижесінде алады.

Организм бір жəне көп торшалы болып та бөлінеді. Кез келген 

организм өзінің құрылымдық ерекшеліктерімен сипатталады. Ви-

рус сияқты қарапайым тірі организмге тек оның молекулаларын 

құратын белоктар мен нуклеин қышқылдарының бірлесу дəре-

жесі ғана тəн. Бұл жағдайда тек молекулалық деңгейде қалыптас-

қан организм жөнінде ғана сөз болады. Ал бұдан гөрі жоғары рақ 

сатыдағы бір торшалы организмдер күрделірек құрылысымен 

сипатталады. Оларда ядро, цитоплазма, вакуольдер, торша қабы-

ғы пайда болады жəне осы құрылымдарға тəн функциялар туын-

дайды.

Көп торшалы организмдерде эволюциялық даму процесі ба-

рысында торшалар тереңірек жіктеліп, олардың көлемінде, пі-

шінінде, құрылысында, қызметінде өзіндік ерекшеліктер пай-



20

да болады. Бір деңгейде жіктелген торшалардан құрылысы мен 

қызметі біркелкі, тектес торшалар жиынтығы - ұлпалар (эпите-

лий, дəнекер, ет жəне жүйке ұлпалары) пайда болады. Ұлпалар 

организмде белгілі бір қызмет атқаруға бейімделген бірлестік. 

Мысалы, ет ұлпасы қимыл əрекеттерін атқаруға, эпителий ұл-

пасы - əртүрлі биологиялық белсенді химиялық қосылыстарды 

(гормондар, ферменттер) түзуге машықтанған.

Организм дамуының белгілі бір сатысында əртүрлі ұлпалар 

жиынтығынан мүшелер (ағзалар - органдар) пайда болады. Мүше 

деп өзіндік құрылыс жəне қызмет ерекшелеріне қарай топтас-

қан түрлі ұлпалардың анатомиялық бірлестігін айтады. Мүше 

- организмнің күрделі қызмет атқаруға маманданған жұмыс ап-

параты. Мəселен, жүрек қанды вена тамырларынан артерияларға 

қуалайтын насостың, бүйрек - организмнен зат алмасу барысын-

да түзілген əртүрлі ыдырау өнімдерін бөлу аппаратының рөлін 

атқарады.

Организмде белгілі бір тіршілік əрекетін атқаратын мүшелер 

жиынтығынан құралған анатомиялық немесе функциялық 

бірлестік – мүшелер жүйесі деп аталады. Олардың қатарына 

организмдегі барлық органдардың қызметін реттеп отыратын 

жүйке жəне ішкі секреция бездері жүйесі, тыныс алу, қан айна-

лым, ас қорыту, бөлу, көбею, т.б. жүйелері жатады.

Жоғарыда аталған бірлестік деңгейлерінің əрқайсысының 

өзіне тəн физиологиялық заңдылықтары мен ерекшеліктері бо-

лады. Сондықтан жоғары сатыдағы организмге тəн функция-

ларды ұғыну үшін молекулалық, торшалық, ұлпалық, органдық 

жəне жүйелік деңгейде қалыптасқан организмдердің тіршілік 

əрекеттерінің негізгі заңдылықтарын білген жөн. Оған себеп, 

құрылысының күрделігіне қарамай тірі организм өзінің тор-

шалары, ұлпалары, органдары мен жүйелері əрекеттерінің 

біртұтастығымен сипатталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет