Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Организм жəне сыртқы орта



Pdf көрінісі
бет15/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

3.3. Организм жəне сыртқы орта

Организм өзінің тіршілік əрекетін сақтау үшін қоршаған орта-

мен затпен жəне энергиямен алмасып отырады. Ол сыртқы орта-

дан өзіне қажетті энергияны, құрылымдық (пластикалық) заттар-

ды қабылдап, энергияға бай күрделі химиялық қосылыстар түзеді, 

өседі, дамиды жəне басқа да тіршілік əрекеттерін атқарады.

Қоршаған ортаның алуан түрлі жағдайлары - ауа райы, дым-

қылдық, азықтың құрамы, жыл мезгілі, температура ауытқулары, 

т.б. себептер организмге үздіксіз əсер ете отырып, оның əртүрлі 

физиологиялық процестерін – зат алмасу, тыныс алу, қан айна-

лым, ас қорыту, т.с.с. не күшейтеді, не əлсіретеді. Демек, тіршілік 

ортасының əсерлеріне организм өзінің физиологиялық функ-

цияларын өзгерту негізінде бейімделеді. Бейімделу процесінің 

арқасында организмде ортаның экологиялық жағдайларына, 

ауа райының ауытқуларына, оттегінің, судың, жарықтың 

тапшылығына, азық түрлерінің өзгерістеріне, т.б. жағдайларға 

төзімділік қасиеті қалыптасады.

Сыртқы əсерлерге организм біртұтас жүйе ретінде жауап 

қайтарғанымен, оның əртүрлі органдарының қызмет əрекет тері 

əр дəрежеде өзгереді. Тіршілік ортасының қолайсыз əсерінен 

организмнің əлсіз торшалары жойылып, күштілері өніп-өсіп, 

олардың тіршілік əрекеттері өзгереді де, қолайсыз жағ 

дайға 

төзімділігі артады. Орталық жүйке жүйесінің күрделі қызме-



тінің арқасында əртүрлі жануардың жалпы құрылысы мен 

органдарының қызметі тіршілік ортасының жағдайларына бе-

й ім деліп, организм мен қоршаған орта арасында үйлесімдік қа-

лыптасады. Бұл - тіршілікті сақтаудың негізгі шарты.

Организм бір тіршілік аймағынан экологиялық жағдайлары 

өзгеше екінші аймаққа ауысса, оның көптеген физиологиялық 

процестерінде өзгерістер туындап, жаңа жағдайға бейімделу про-

цесі жүреді. Егер өзгерген тіршілік ортасының жағдайларына 

организм бейімделе алмаса, оның негізгі физиологиялық про-

цес 


тері əлсірей бастайды да, тіршілік əрекеті тоқтайды. Сон-

дықтан сыртқы ортаның қолайсыз əсерлерін азайту, орга низмнің 

физиологиялық процестерінің қалыпты жағдайда дамуына мүм-

кіндік туғызу, малдың денсаулығын сақтаудың, оның өнім ділігін 

арттырудың негізгі шарттарының бірі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет