Оқулық. Алматы: жшс рпбк


-кесте. Қой сілекейіндегі несепнəр мен электролиттер мөлшері



Pdf көрінісі
бет143/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

20-кесте. Қой сілекейіндегі несепнəр мен электролиттер мөлшері

Бездер


Несепнəр 

мг/%


Электролиттер, мэкв/л

Na

+



К

+

С1



НСО


3

НРО



4

2-

Шықшыт безі



Бұғақ безі

Алқым безі

Қан плазмасы

20-30


10-15

8-10


15-20

170


9

30

140



13

16

11



5

11

11



28

105


112

10

12



25

48

5



1

3

Кестеде келтірілген деректер күйіс малының сілекей бездері 



денедегі азотты заттардың алмасу процестеріне қатысатынын 

көрсетеді. Алқым жəне бұғақ бездерінің сілекейі жалпы сілекей 

мөлшерінің 10-12 пайызы ғана, сондықтан жоғарыда келтірілген 

сілекей құрамы сілекейдің жалпы сипатын бейнелейді.

Шықшыт безі сілекейді толассыз бөлгенімен, азық қабылдаған 

немесе күйіс қайырған кезде оның қызметі күшейеді (76-сурет). 

Мысалы, көбек қойылған шықшыт безінің өзегінен тыныштық 

жағдайда минутына 12 мл, азық қабылдау кезінде - 18 мл, күйіс 

қайтарғанда - 48 мл сілекей бөлінеді. 

Күйіс малы бөлген сілекейдің құрамы мен мөлшері мал қа-

былдаған азық сапасына қарай да өзгереді. Мысалы, сілекей бал-

ғын азықтарға қарағанда, көлемді, құрғақ азықтарға көп бөлінеді. 

Тəулігіне ірі қара 90-190 л, ал қой - 6-10 л сілекей бөледі.



177

Ырықсыз сілекей бөлу құбылысы 

онтогенездік даму үстінде, көлемді 

азыққа көшумен байланысты қа-

лып 

тасады. Бұзауларда ол 5-6, ал 



қозы мен лақта 3-4 аптадан бастап 

байқалады. Шықшыт безімен қатар 

тоқтаусыз сілекей бөлетін бездерге 

ауыз қуысындағы кейбір майда без-

дер - төменгі ұрттық жəне тіл бездері 

жатады. Алқым, бұғақ, артқы ұрт-

тық, таңдай бездері сілекейді тек 

азықты қабылдаған кезде немесе 

күйіс қайырғанда бөледі.

Шықшыт безінің сілекейді то-

лассыз бөлуінің негізінде реф лекстік 

əсер жатады. Көбек арқылы мес қарынның, жұмыр шақтың, өңеш 

түбінің механо- жəне хеморецепторларын тітір кендірсе, сілекей 

бөлу күшейеді. Қалыпты жағдайда сіле кей бөлу орталығының то-

нусы мес қарынның керілуіне, жын ның механикалық əсеріне, ашу 

процесі кезінде бөлінген ұш палы май қышқылдарының (ҰМҚ), 

қарынның кілегейлі қабы ғын дағы сезімтал жүйке ұштарын ті-

тіркендіруіне байланысты қалып тасады. Сілекей бөлу қарқыны 

жынның қоюлығына, қарынның толу деңгейіне, ондағы ашу 

процесінің қарқынына, сутектік көрсеткіш ауытқуларына бай-

ланысты өзгеріп отырады. Қарыннан сілекей бөлу орталығына 

қозу толқындары кезеген жүйкенің сезімтал талшықтары арқылы 

беріледі. Кезеген жүйкені қиып тастағанда сілекей бөлу азаяды.

Шошқаларда сілекей тек азық қабылдаған кезде ғана бөлінеді. 

Тəулігіне сақа шошқалар 15 л сілекей бөледі. Шошқа сілекейінде 

көмірсуларды ыдырататын ферменттер көбірек болады.

Егер сілекейдің жалпы мөлшерін 100 пайыз деп алсақ, соның 

55 пайызын шықшыт безі, 4 пайызын алқым безі, 36 пайы-

зын ауыз қуысының майда бездері бөледі екен. Алқым безі мен 

ауыз қуысының майда бездері сілтілік реакциялы сірнелі (серо-

залы)  сілекейді тоқтаусыз бөле береді. Бұғақ безі муцинге бай 

шырышты секрет, ал шықшыт безі аралас секрет бөледі. Соңғы 

екі без тек азық қабылдаған кезде ғана іске қосылады. Бөлінген 

сілекей мөлшері азықтың ылғалдығына байланысты өзгереді 

(Е.3.Ткачев). Мысалы, мегежін құрғақ құрама азық жегенде 10-12 

л (əр кг азыққа 1,5-2,0 л), ал сол азықты дымқыл күйінде жеген де 

3-4 л ғана (əр кг азыққа - 0,5-0,6 л) сілекей бөледі.

Сүтпен қоректеніп жүрген торайларда сілекейді аралас без-

дер көбірек бөледі, сондықтан олардың сілекейінің тұтқырлығы 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет