Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Қарын микроорганизмдері жəне олардың маңызы



Pdf көрінісі
бет160/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

Қарын микроорганизмдері жəне олардың маңызы. Ас қо-

рыту ағзаларының құрылымдық ерекшеліктері мен онда жүретін 

күрделі биохимиялық процестер күйіс малына негізі 

нен клет-




197

чаткадан тұратын өсімдік тектес азықтарды тиімді пайдалануға 

мүмкіндік береді. Сүт қоректілердің ас қорытатын сөлдерінің 

құрамында клетчатканы ыдырататын ферменттер болмайды. 

Ал мес қарында ол селбес микроорганизмдердің əрекетімен қо-

рытылады.

Мес қарында микроорганизмдер тіршілігіне қолайлы жағ-

дайлар орын алады. Мес қарын жынының құрамында оттегі 

болмайды (анаэробиоз), орта əлсіз қышқылдық, бірақ тұрақты 

деңгейде қалыптасады (рН - 6,0-7,6). Жын құрамында көмір 

қышқыл газы, метан, азотты сутегі, күкіртті сутегі сияқты газ-

дар жинақталып, қарын қуысында жылылық 39

0

С шамасында 



сақталады. Қарынға қоректік заттар үздіксіз келіп тұрады жəне 

қарын қабырғасының талғамды өткізгіштік қасиетінің арқасында 

жын құрамы онша көп ауытқымайды. Шықшыт безі сілекейінің 

толассыз бөлінуі қарында микроорганизмдер тіршілігіне қажетті 

жоғары ылғалдылықты туғызады. Міне, осы аталған жайлар қа-

рынның алдыңғы бөлімдерінде микроорганизмдердің өсіп дамуы 

мен тіршілік əрекеттерінің белсенді болуын қамтамасыз етеді.

Қарындағы микроорганизмдер төл туған соң бірінші күндерде-

ақ пайда болады да, олардың қоректену сипатына жəне жасына 

қарай саны мен түрі жағынан күрделене түседі. Төлдің енесімен 

бірге өсуі, азық жеуге ерте үйренуі қарында микроорганизмдердің 

пайда болуын, көбеюін жеделдетеді.

Жас төлдің мес қарнындағы микроорганизмдердің көпшілігі 

сақа малда кездеспейді. Төл енелерінен бөлек бағылғанның өзін-

де оның қарнында сақа малға тəн микроорганизмдер өсе бас-

тайды. Дегенмен, төлдің енесін еміп, бірге өсуі мес қарында 

микроорганизмдердің қалыптасуын шапшаңдатады.

Мес қарындағы микроорганизмдердің жалпы саны мен 

түрлік құрамы əртүрлі факторларға, əсіресе, мал азықтандыру 

жағдайларына байланысты. Əдетте қарын жынының бір грамын-

да 1010 шамасында бактериялар кездеседі. Қарындағы микро-

организмдер алуан түрлі болғанымен, олар бір-бірімен ты 

ғыз 

байланыста жəне белгілі бір арақатынаста өніп-өседі. Мик 



ро-

организмдердің бір түрі өсіп дамыса, екінші түрі азайып, өліп, 

ыдырап отырады. Сондықтан мес қарында тірі микроорганизм-

дермен қатар өлі микроорганизмдер денесі де кездеседі.

Күйіс қайыратын малдың қарнында микроорганизмдердің үш 

түрі кездеседі: 1) инфузориялар немесе қарапайымдар, 2) бакте-

риялар, 3) уақ саңырауқұлақтар.

Мал қарнында мекендейтін инфузориялар нəжіс құрамында 

немесе жайылымда кездеспейді, олар төлге сақа малдан жұғады. 

Бұл қарапайымдар не тікелей бөліну, не конъюгация (қосылу) 




198

арқылы көбейеді. Бір күнде олар 4-5 ұрпақ береді. Сондықтан 

қарын жынының бір миллилитрінде инфузориялар саны 1 мил-

лиардқа жетеді.

Қарын жынындағы инфузориялар саны желінген азықтың 

мөлшері мен құрамына байланысты. Малға құнарлы азық берілсе, 

инфузориялар саны артады. Қорек тапшы болса, инфузория-

лар паразитке де айналады. Бұл жағдайда олар өз мұқтаждығы 

үшін азық құрамындағы белокты ғана пайдаланып қоймай, со-

нымен қатар клетчатканы ыдырататын бактерияларды да жұтып, 

қарындағы клетчатканың қорытылуын нашарлатады.

Инфузориялардың азық қорытудағы рөлі туралы əлі күнге 

дейін айқын қалыптасқан пікір жоқ. Көптеген зерттеулерге 

қарағанда, олар клетчатканы ыдыратуда маңызды рөл атқарады. 

Өздерінің əрекетімен инфузориялар қарын жынын қопсытып, 

араластырады да, өсімдік қабығын тесіп, оның құрамындағы 

клетчатканы қорытып, сіңіруге жəрдемдеседі. Сонымен қатар, 

олар қиын қорытылатын өсімдік белоктарын өз денесі арқылы 

жануарлар белогына айналдырады.

Инфузориялар малды азықтандыру сапасына өте сезімтал 

келеді. Қойды аш ұстаған жағдайда үш күннен соң олардың 

мес қарнындағы инфузориялар саны күрт азаяды да, төртінші 

күннен əрі қарай олар тегіс жойылып кетеді. Қойды пішенмен 

азықтандыру басталысымен олар қайта пайда болады. Дегенмен, 

тек пішен мен сабан инфузориялар үшін қолайлы қорек емес, 

олардың тіршілігі үшін протеинге бай азықтар қажет.

 Қарындағы инфузориялар саны малдың жасына, саулығына 

қарай өзгеріп отырады. Мес қарындағы қарапайымдардың сандық 

жəне сапалық құрамы мал ауруының белгілері білінбей тұрып-

ақ өзгере бастайды. Осы тұрғыдан күйіс малының ас қорыту 

ор 

гандарының күйін сипаттау үшін қазіргі кезде қолданылып 



жүрген түрлі клиникалық параметрлермен қатар инфузориялар 

көрсеткішін де пайдаланған дұрыс.

Жаңа туған төл қарнында инфузориялар кездеспейді. Олар 

төл ірі азық жей бастағаннан кейін пайда болады (Н.О.Базанова, 

А.В.Прокудин, Т.Несіпбаев). Қозы қарнында инфузориялар туған-

нан соң 17-73, ал бұзауларда - 19-65 күннен кейін байқалады.

Күйісті мал қарнын мекендейтін инфузориялардың өзі бірнеше 

түрге бөлінеді. Сиыр қарнында олардың 60 түрі, қойларда - 30, 

бұғы мен ешкіде 20 түрі кездеседі. Солардың ішінде кірпікшелі 

инфузориялар маңызды орын алады (91-сурет). Олардың саны 

малды пішен жəне тамыр-түйнекті өсімдіктерден тұратын раци-

онда ұстағанда көбейеді. Малды клетчатка мен белоктарға бай 




199

азықтармен жемдегенде қарында инфузориялардың ірі түрлері, 

ал рацион құрамында крахмал молайғанда - майда түрлері 

басымдық алады.

Инфузориялар денесінде түзілген полисахаридтер мал үшін 

маңызды қоректік зат болып табылады, ал олардың денесін-

дегі белоктардың биологиялық құндылығы жоғары (70 пайыз) 

болады.


Қарындағы  бактериялар да көптеген түрлер мен топтарға 

бөлінеді. Қарын жынының 1 мл 10

9

-10


11

 шамасында бактериялар 

болады. Олардың арасында көп тараған түрлері таяқша жəне 

домалақ (кокка) бактериялар. Бұл бактериялар азық құрамындағы 

органикалық заттарды ыдырататын ферменттер бөледі. Мəселен, 

клетчатка бактериялар бөлген целлюлаза əсерімен ыдырайды да, 

олардан ұшпалы май қышқылдары мен газдар түзіледі. Азық құ-

рамындағы крахмал бактериялар амилазасының əсерімен же ңіл 

еритін көмірсуларға айналады. Крахмалды ашытуда не гіз гі рөлді 

домалақ бактериялар - коккалар атқарады. Рацион құрамында 

крахмал шамадан артып кетсе, қарында ашу процесі күшейіп, 

сүт қышқылы көп мөлшерде түзіледі де, жынның қышқылдығы 

жоғарылайды. Осының салдарынан микроорганизмдер тірші лі-

гіне қажетті жағдай бұзылып, олардың əрекеті нашарлайды.

Өсімдік белоктары қарын бактерияларының əрекетімен 

амин қышқылдарына жəне аммиакқа ыдырайды. Бұл өнімдерді 

микроорганизмдер өз денесінің белогын түзу үшін пайдаланады. 

Қарында белокқа жатпайтын азотты заттар да (мысалы, несепнəр) 

бактериялардың əсерімен аммиакқа ыдырап, аммиак одан əрі ми-

кроорганизмдер белогын түзуге пайдаланылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет