Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет168/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   542
210

21-кесте. Əртүрлі рациондағы қойлардың мес қарнындағы ҰМҚ кон-

центрациясы

Азық түрлері

Мес қарындағы ҰМҚ ара қатынасы, молярлы %

Сірке 


қышқылы

Пропион 


қышқылы

Майлы 


қышқыл

Деректер авторы

Беде пішені

Табиғи пішен

Жайылым оты

Жүгері


66,9

68,0


65,5

46,0


22,5

19,0


19,5

32,0


6,7

13,0


15,0

18,5


Грей, 1951

Армстронг, 1958

Елсден, 1945

Эннисон, 1954

Баяндалған жайлар күйіс қайыратын мал организмі үшін ұш-

палы май қышқылдарының маңызы зор екенін, мес қарындағы ас 

қорыту процесінің сипаты мен онда түзілген ыдырау өнімдерінің 

мөлшері мал қабылдаған көмірсулардың табиғатына байланысты 

өзгеретіндігін көрсетеді. Демек, рационға əртүрлі азықты таңдап 

енгізу арқылы оның құрамындағы көмірсулардың түрлерін рет-

тей отырып, мес қарындағы ас қорыту процесінің қарқыны мен 

бағытына, организмнің қоректік заттарды сіңіру дəрежесіне əсер 

етуге болады. Бұл баяндалған жайлар 21-кестеде келтірілген де-

ректерден жақсы байқалады.

Рацион құрамында клетчаткаға бай пішен неғұрлым мол 

болса, мес қарында сірке қышқылы соғұрлым көбірек түзіледі. 

Ал рационға крахмалға бай азықтар араласса (мысалы, дəнді 

азықтар) мес қарындағы ашу процесінің бағыты өзгеріп, қарын 

жынында пропион қышқылы көбейеді де, сірке қышқылы азая-

ды. Малды құнарлы азықпен бордақылағанда мес қарында майлы 

қышқыл көп түзіледі. Рацион құрамында белоктың үлесі көбейсе, 

қарындағы ұшпалы май қышқылдарының жалпы концентрация-

сы жоғарылағанымен, тек сірке қышқылының үлесі артады да, 

майлы қышқыл концентрациясы азаяды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет