Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Шошқа қарнындағы ас қорыту



Pdf көрінісі
бет157/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   542
8.5.3. Шошқа қарнындағы ас қорыту

 Шошқа қарыны бір бөлімнен тұрғанымен, құрылысы жағы-

нан күрделі. Оның жалпы сый ым дылығы 6,5-9 л немесе ас қорыту 

жолының 1/3-не жуық. Қарынның кілегейлі қабығында бес аймақ 

болады (87-сурет)

Өңештің көп қабатты жалпақ эпителийі кіші иін бойымен 

біршама жерге созылып, безсіз өңештік аймақ түзеді. Үлкен 

иін бойымен кілегейлі қабықтың көп аумағын (жартысына 

жуығын) қамтып кардиалық аймақ орналасады. Осы кардиалық 

аймақтың басталған жерінен күмбез тəрізді қарын қалтарысы 



86-сурет. 

Жылқы қарнында сөл бөлу-

дің  тəуліктік  ерекшелік тері  (нұсқа ма-

лар – малды азықтандырған мез гіл дер)

 



192

(дивертикула) шығып тұрады. Бұл безсіз 

бөлім қарынның негізгі қуысынан арнау-

лы қатпарлармен бөлектенеді. Кардиалық 

аймақтың түтікше бездері негізгі жəне 

қосымша торшалардан құралып, сілтілік 

реакциялы, құрамында шырыш жəне аз мөл 

шерде пепсиноген 

бар сөл бөледі.

Қарынның кілегейлі қабығының қалған бөлігін түптік жəне 

пилорус аймақтары алып жатады. Бұл аймақтарда бөлінген қа-

рын сөлі құрамы мен қасиеттері жағынан ит қарнының сөліне 

ұқсас. Қарын түбі бездері сөлінің тығыздығы 1,007, құрамында 

0,31- 0,35 пайыз тұз қышқылы болады.

Шошқа қарнында азық жақсы араласпайды да, жұтылған 

ретіне қарай көлденең түрде қабат-қабат болып орналасады (88-су-



рет). Сондықтан ол қарын сөлін біртіндеп сіңіреді де, қарында 

екі түрлі процесс - көмірсулар мен белоктардың ыдырауы, қатар 

жүреді. Көмірсулар қарын қалтарысында, өңештік аймақта, 

қышқыл сөл сіңіп үлгермеген жынның терең қабаттарында 

сілекей ферменттері мен микроорганизмдердің əрекетінен ыды-

райды. Көмірсулар ыдырауының нəтижесінде мальтоза, глюко-

за жəне ашу өнімдері - сүт, сірке қышқылдары, майлы қышқыл, 

газдар бөлінеді. Жалпы алғанда, қарында жеңіл қорытылатын 

көмірсулардың 20 пайызына жуығы ыдырайды. Жын қышқыл 

сөлді сіңіре келе көмірсулардың ыдырауы баяулап, тоқтайды да, 

белоктардың ыдырау процесі басталады.

Қарында жын ұзақ аялдамайды, азық 

тандыру үстінде не-

месе азықтана салысымен ішекке өте бастайды да, азықтың 

құрамына қарай 6-8, кей жағдайда 12 

сағатта ішекке өтіп бітеді. Жын ішек-

ке 5-160 мл мөлшерде жеке-жеке үлес 

түрінде өтеді. Əрбір өту толқыны 10-

29 минуттан соң қайталанып отырады. 

Азық қа 


былдағаннан кейін эвакуация 

87-сурет. Шошқа қарнының кілегейлі қабы ғын-

дағы аймақтар: 

1 - өңеш; 2 - безсіз аймақ; 3 - қалтарыс 

(ди 


вер 

тикула); 4 - кардиалық аймақ; 5 - қарын түбі; 

6 - пило рус аймағы

88-сурет. Квасницкий полизонды: 

А - поли-

зонд, Ə - оның қарындағы бейнесі. 1,2,3,4 - поли-

зонд қабаттары, а - негізгі түтіктегі тесіктер, 

б - шы  ғарушы түтікшелер, в - тығын 



193

жылдам жүреді де, 4-6 сағаттан соң баяулап, 7-8 сағаттан кейін 

ішекке жын өте аз мөлшерде ғана өтеді. Эвакуация қарқынына 

қарынның толу деңгейі əсер етеді: қарында жын неғұрлым көп 

болса, ол соғұрлым ішекке тезірек өтеді. 

Қарында бөлінетін жынның жалпы мөлшері азықтандыру 

жиілігіне, азықтың түріне байланысты. Шошқаны үш мезгіл азық-

тандырғанда тəулігіне 4,5-6 л немесе берілген азық құра мындағы 

құрғақ заттардың əрбір килограмына 3-4 л сөл бөлінеді. Тəулігіне 

бөлінген сөлдің 70 пайызы күндіз, 30 пайызы түнде түзіледі.

Қарында азық болмаған жағдайдың өзінде аз мөлшерде сөл 

бөлініп тұрады. Аз ықтандырған кезде сөл бөлу күшейеді. Сөл 

бөлуді реттеу механизмдері иттерге ұқсас.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет