Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Күйіс малының қарнындағы ас қорыту ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет159/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   542
8.5.5. Күйіс малының қарнындағы ас қорыту ерекшеліктері

Күйіс малы қарнының құрылысы өте күрделі, ол төрт бөлім-

нен тұрады. Олар мес қарын, жұмыршақ, қатпаршақ жəне ұл-

табар (90-сурет). Алғашқы үш бөлімді алдыңғы (қосалқы) 

қарын, ал ұлтабарды – нағыз қарын деп атайды. Түйе қарны 

үш бөлімнен тұрады, оларда қатпаршақ болмайды. Алдыңғы 

қарынның кілегейлі қабығы көп қабатты жалпақ эпителиймен 



90-сурет. Күйіс малының қарыны: 

1 - мес 


қарын; 2 - өңеш; 3 - өңеш науасы; 4 - жұ мыршақ; 

5 - қат  паршақ; 6 - ұлтабар; а - дорсальдық (үс тің-

гі) қапшық, ə - вен 

траль 


дық (астыңғы) қапшық, 

б - кі  ре беріс, в - үстіңгі құрыш, г - астыңғы құрыш

қапталады, онда без болмайды. Қарынның əр бөлігінің өзіне тəн 

ерекшеліктері болады.



Мес қарын – алдыңғы қарынның ең үлкен бөлімі. Оның 

сыйымдылығы ірі қарада 100-300 л, қой мен ешкіде - 12-20 л.

 Мес қарын құрсақтың бүкіл сол жақ бөлігін алып жатады. 

Мықты ет белдемдерімен жəне қатпарлармен ол бес бөлікке 

бөлінеді. Оң жəне сол ұзынша қатпарлар мес қарынды дорсальдық 

(үстіңгі) жəне вентральдық (астыңғы) қапшықтарға бөледі. Үлкен 

көлденең қатпар қарын қапшықтарынан кіреберісті (сағаны), 

ал X тəрізді қатпар - артқы дорсальдық жəне вентральдық 

құрыштарды бөледі. Мес қарын қатпарлары жынды екшеп, 

құрыштарға бағыттап отырады. Қарынның кілегейлі қабығы 




195

беткейді көбейтетін көптеген еміздікше түзеді. Олардың арасы 

микробтардың өсіп-дамуы үшін қолайлы орта болып табылады. 

Жұмыршақ - кішкентай домалақ ағза. Оның сыйымдылығы 

сиырда 5-10 л, ал қой мен ешкіде 1,5-2 л. Мес қарын кіреберісінен 

оны орақ тəрізді қатпар бөледі. Жұмыршақтың кілегейлі қабығы 

дəнекер ұлпа негізінде бал арасының ұясына ұқсас тормала 

құрайды. Жұмыршақ мес қарыннан түскен жынды екшеп, оның 

қорытылуға дайын сұйық бөлігін қатпаршаққа өткізеді де, ірі 

бөлшектерді мес қарынға кері қайтарады.

Мес қарын мен жұмыршақта жын физикалық, химиялық 

жəне микробиологиялық өңдеуден өтіп, жақсылап майдаланып

əбден сұйылғанға дейін аялдайды. Қарынның бұл бөлімдерінде 

жын əбден шайқалып, араласады. Мес қарын жиырылған кезде 

жынның біраз бөлігі жұмыршаққа өтеді. Жұмыршақтың қуатты 

жиырылуы кезінде ол қайтадан мес қарынға оралады. Осылай 

əрлі-берлі қуаланған жын массасы бөрітіп, жұмсарып, оның 

уақталған үлесі екшеледі де, қатпаршаққа өтеді.

Мес қарын еш уақытта бос болмайды. Онда жын 70-90 

сағатқа дейін аялдайды. Мес қарындағы жын қалдығы мал 

жаңа қабылдаған азықпен үстемеленіп отырады. Дегенмен

қабылданған азықтың тең жартысына жуығы мес қарыннан бір 

тəуліктен артықтау уақыт ішінде ішекке өтіп болады.



Өңеш мес қарын кіреберісі мен жұмыршақтың шекарасына 

жалғасады, сондықтан мал жұтқан азық жентегі жұмыршаққа да, 

мес қарын кіреберісіне де түседі. Сақа малда ішкен судың 85-95 

пайызы бірден мес қарынға, 15 пайызы жұмыршаққа, 1 пайызы 

қатпаршаққа құйылады.

Өңеш жұмыршақтың түбінде қатпаршаққа дейін созылып 

жататын, ернеулері шала түйіскен жармалы түтікшеге айналады. 

Оны  өңеш науасы деп атайды. Өңеш науасының ернеулерінде 

ет талшықтары мен жүйкелер орналасады. Жас төлдер сүт ем-

ген кезде өңеш науасының ернеулері бір-бірімен қабысып, пайда 

болған түтікше арқылы сүт қатпаршақ каналы бойымен бірден 

ұлтабарға өтеді. Сақа малда өңеш науасының ернеулері қатайып

толық түйіспейді де, жұтылған сұйық мес қарын мен жұмыршаққа 

құйылады.

Өңеш науасының ернеулері рефлекс нəтижесінде түйіседі. 

Төл енесін емгенде ауыз қуысындағы рецепторлар тітіркеніп, 

импульс орталыққа тепкіш жолдар арқылы сопақша мидағы 

жұту процесін реттейтін орталыққа бағытталады. Орталықтан 

өңеш науасының ернеуіне қозу толқындары кезеген жүйке 

құрамындағы талшықтармен беріледі. Осыдан ему қимылдары 




196

өңеш науасы ернеулерінің түйісуін күшейтеді. Сақа малға ас 

тұзының, натрий сульфатының, қанттың, хининнің ерітінділерін 

бергенде, өңеш науасының ернеушелері түйісіп, ерітінділер мес 

қарын мен жұмыршаққа түспей, бірден ұлтабарға өтеді. Малдың 

бұл қасиетін дəрі-дəрмек бергенде ескерген жөн.



Қатпаршақ қой мен ешкіде нашар, ал ірі қарада жақсы 

дамыған. Оның сыйымдылығы сиырда 7-18 л, қойда - 0,3-0,9 л. 

Қатпаршақтың іш жағында оның ұзына бойына созыла орналасқан 

ірілі-кішілі жапырақшалар болады. Олар ірі, орташа, майда, өте 

майда жапырақшалар болып жіктеліп, белгілі ретпен орнала-

сады. Екі үлкен жапырақшалар арасында бір орташа, ал үлкен 

жəне орташа жапырақшалар арасында екі майда жапырақша 

жатады. Ал майда жапырақшалар арасында өте кішкентай төрт 

жапырақшалар орналасады. Аталған жапырақшалар жиынтығы 

қуыс сайлар құрайды. Қой қатпаршағында осындай 8-10 қуыс 

сай болады. Қатпаршақ қосымша екшеуіш сүзгі қызметін атқа-

рады. Мес қарын мен жұмыршақтан түскен жынның қатты 

түйіршіктері осы жапырақшалар арасында қалады да, олар одан 

əрі ұнтақталады, ал ұлтабарға жынның біртекті сұйық бөлігі ғана 

өтеді. Қатпаршақ босаңсыған кезде мес қарын мен жұмыршақтан 

жын сорылады да, ол жиырылған кезде жынның сұйық бөлігі 

ұлтабарға айдалады. Демек, оған сораптық қызмет те тəн.

Қатпаршақтың кілегейлі қабығының беткейі өте үлкен, 

сондықтан онда сору процесі қарқынды жүреді: жын құрамындағы 

судың 60-70 пайызы қатпаршақта сорылады. Көмірсулардың 

ыдырау өнімдері - ҰМҚ-ның да көп мөлшері осы қатпаршақта 

сіңеді.


Ұлтабар - қарынның безді бөлігі. Ол кеңейген дене тұлғадан 

жəне сопақша созылыңқы жіңішкерген бөліктен тұрады. Ұлта-

бардың алдыңғы бөлігі қатпаршақпен, арт жағы сүйірлене келіп, 

ащы ішекпен жалғасады. Оның кілегейлі қабығы цилиндрлі 

эпителиймен астарланып, ағзаның ұзына бойына созылып жата-

тын 11-16 қыртыстар түзеді. Пилорус бөлігінде осы қыртыстар 

кішірейіп, бұл аймақ жазық кілегейлі қабықпен астарланады.

Ұлтабар бездері күйіс қайырмайтын малдың қарнындағы 

бездерге ұқсас. Ұлтабарда сөл бөлу процесі толассыз жүреді, 

осыған байланысты ұлтабар бездерін құрайтын торшалар өте тез 

жаңарып отырады деген болжам бар. Ұлтабардың сыйымдылығы 

қойда 1,7-3,3 л, сиырда 8-20 л.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет