қорыту процесі тек көмірсуларды ашытумен тынбайды. Мұндағы
дер денесінің белогы түзіледі. Ал бұл микроорганизмдер ұлтабар
ро оганизмдердің əрекетімен терең өзгерістерге ұшырайды. Мес
211
аммиак
тың азотын қарындағы микроорганизмдер сіңіріп, одан
өз денесінің белогын синтездейді. Қазіргі деректерге қарағанда,
мес қарында азық құрамындағы өсімдік белогының 40-80 пайызы
микроорганизмдер белогына айналады.
Малды қалыпты азықтандыру жағдайында мес қарында ам-
миак көп мөлшерде жиналмай, микроорганизмдер оны тез сіңі-
ріп отырады. Малды дұрыс азықтандырмаған кезде, əсіресе,
ра цион құрамында жеңіл қорытылатын көмірсулар азайып, ірі
азықтар көбейсе, микроорганизмдердің өніп-өсуіне қажетті энер-
гия жетіспегендіктен олардың саны күрт төмендейді, аммиакты
пайдаланатын бактериялар саны азаяды. Бұл жағдайда қарында
аммиак көп мөлшерде жиналып, ол қанға сіңеді де, бауырда
несепнəрге айналады. Аммиактың біраз бөлігі несепнəрге айна-
лып үлгермей қанға тарайды да, организмнің улану қаупі туын-
дайды.
Мес қарында аммиак тек белоктар, амин қышқылдары мен
несепнəр ыдыраған кезде ғана пайда болмай, холин, аспарагин,
глютамин сияқты аминдерден жəне нитрат пен нитриттерден де
түзіледі. Демек, ол барлық азотты заттарға ортақ ыдырау өнімі
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: